Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


КНИДОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ - CNIDOSPORIDIA



Pdf көрінісі
бет27/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

КНИДОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ - CNIDOSPORIDIA
Книдоспоридиялардың
барлығы
дерлік
паразиттер. 
Книдоспоридиялардың тіршілік циклы әрқашанда екі ядролы амеба тәрізді 
ұрықтан басталады. Түзілген споралары көп клеткалы.
Книдоспоридиялар типіне екі класс жатады. Шырышты споралылар 
немесе миксоспоридиялар - Myxosporidia және актиномиксидиялар 
-Actinomyxidia.
Актиномиксидиялардың шырышты споралылардан негізгі 
айырмашылығы - споралары үш қақпақшалы, ішінде үш атқыш капсуласы 
және көптеген амеба тәрізді ұрықтары болады. Олар азқылтанды буылтық 
құрттардың және сипункулидтердің паразиттері.
МИКСОСПОРИДИЯЛАР КЛАСЫ - MYXOSPORIDIA
Шырышты споралылардың 1000-ға жуық түрі белгілі, балықтардың, 


космекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың паразиттері. Иесінің әр 
түрлі мүшелерін зақымдайды: терісін, бұлшықетін, желбезегін, 
шеміршектерін, нерв жүйесін, өт жолдарын, қуығын. Бұлар тканьдік және 
қуыс аралық паразиттері болып табылады. Дене қуысыңдағы 
миксоспоридиялар - көп ядролы амеба тәрізді плазмодиялар, мөлшері 10 
мкм-ден 2 сантиметрге дейін (16-сурет). Ткань арасында тіршілік ететін 
миксоспоридиялар диаметрі 1-2 см-ге дейін жететін циста (ісік) түзейді. 
Циста паразиттің цитоплазмасына толған, ішінде көп ядролары болады (17-
сурет). Ядролар өзінің құрылысы мен атқаратын қызметінің ерекшелігіне 
қарай екі топқа бөлінеді:
вегетативті
және
генеративті
. Вегетативті 
ядролар тіршілікке қажетті зат алмасу, белокты синтездеу, өсу т. б. 
қызметтерін атқарады. Генеративті ядролар көбею процесіне қажетті екі 
спораларға бастама береді. Бұл күрделі процестің басында генеративті 
ядролардың сыртын цитоплазма қаптайды, соның нәтижесінде генеративті 
клеткалар қалыптасады. Олар цистаның ішінде еркін қозғалады. Біраз 
уақыттан кейін әрбір генеративті клетканың ядросы бөлініп, көп ядролы 
панспоробласттарды құрайды. Панспоробластың ішінде екі спора 
қалыптасады (17,Б-сурет).
Миксоспоридия спораларының формалары әр түрлі болғанымен, 
олардың құрылысы бірдей (18-сурет). Bivalvulea отрядының өкілдерінде 
споралары алты ядродан қалыптасады. Споралардың сырты қатты қабықпен 
қапталынған. Оның қалыптасуына екі ядро қатысады, сондықтан қатты 
қабық екі қақпақты (жармалы) болып келеді. Қабықтың іш жағында жіпшесі 
бар екі атқыш капсуласы орналасқан, оның түзілуіне де екі ядро қатысады, ал 
қалған екі ядро спораның ішінде орналасқан екі ядролы амеба тәрізді ұрықты 
түзейді (17-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет