1.3Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі (СИ) — өлшемдердің халықаралық
қалпы, метрикалық жүйесінің заманауи нұсқасы. СИ күндепікті , өмірмен қатар
ғылым және техникада әлемдегі ең көп пайдаланатын бірліктер жүйесі болып
табылады. Қазіргі кезде әлемнің көп елдерінде СИ заңды түрдегі бірліктер жүйесі
ретінде қабылданған және тіпті күндепікті өмірде дәстүрлі бірліктерді қолданатын
елдердің өзі осы жүйе бірліктерін ғылымда әрқашан пайдаланады. Осы аздаған
елдер (мысалы, АҚШ) дәстүрлі бірліктердің өзін СИ бірліктеріне ауыстырған.
СИ бойынша ұзындықтық негізгі бірлігі метр (1 м), уақыт-секунд (1 с), масса -
килограмм (1 кг), электр тоғының күшіамер (1 А), термодинамикалық темлература -
кельвин (1 К), жарық күші - кандепла (1 кд) және зат мөлшері - моль (1 моль) болып
табылады.
1.4ФИЗИКАЛЫҚ ШАМАЛАР БІРЛІКТЕРІ Кельвин судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16
бөлігіне тең. Бұл эталон басқа шамаларға тәуелді емес.
Кандела 540-Ю12 Гц жиілікті монохромалы сәулеленуді пайдаланатын берілген
бағытта бағытталған жарық күшіне тең, осы бағыттағы жарықтық энеогетикалық
күші 1/683 Вт/ср құрайды.
Моль - массасы 0,012 кг көміртегі-12 атом сатты қанша болса,сонша
құрылымдықэлементтерден тұратын жүйедегі заттарының мөлшері.
Моль эталоны оны анықтаудың біркелкі болмағандығынан жүзеге асырылмаған.
сондықтан бірліктер жүйесіндегі негізгі бірліктің бірінің эталоны жоқ.
Метр 1/299792458 секунд аралығында вакуумде өтетін жарық жолының
ұзындығына тең.
299792458м/свакуумдағы постулатталған жылдамдығы, дәл, қателіксіз тұрақты.
Секунд - цезий-133 атомының қалыпты жағдайының өте жұқа құрылымының екі
деңгейінің арасындағы ауысымға сәйкес 9192631770 сәулелену кезеңі жүзеге
асатын аралық.