148
149
Қаржының барлығы әлеуметтік әлсіз топтарға көмекке, олардың коммуналдық қыз-
меттерін төлеп,
киім-кешек, азық-түлік және дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалды.
Сондай-ақ Ортега мүгедек балаларға да тұрақты түрде жәрдем жіберіп отыра-
ды. Әріптестерінің сөзінше, ол қызметкерлеріне де
қаржылық жағынан көмектесіп
тұрады.
Berkshire Hathaway империясының басшысы Уоррен
Баффет
Forbes тізіміндегі тағы бір миллиардер — америкалық
кәсіпкер Уоррен Баффет. Оның иелегіндегі қаржысы — 66
млрд доллар. 2006 жылы Баффет байлығының 99%-ын қа-
йырымдылық шараларына жұмсайтындығын жариялады.
Сол жылы ол АҚШ тарихындағы ең ірі қайырымдылық ша-
расын жүзеге асырды.
Кедей елдердегі СПИД, безгек және
туберкулезбен күресетін Билл және Мелинда Гейтс қорына
37 млрд доллар бөлді.
Сол уақыттан бері тұрақты түрде қаржы құйып келеді.
Әр жылдың бірінші маусымында
мұқтаж жандарға жәрдем
жібереді. 2015 жылы Билл мен Мелинда Гейтс қорынатағы
2,8 млрд доллар аударды.
Нью-Йорктың бұрынғы мэрі Майкл Блумберг
Саясаткер
және кәсіпкер Майкл Блум-
бергтің дәулеті 43 млрд доллар деп бағала-
нады. Миллиардер 1990 жылдан бері түрлі
қайырымдылық шараларына белсенді
түрде араласып келеді. 1996-2002
жылдар
аралығында Джон Хопкинс атындағы уни-
верситеттің басқарма төрағасы болғанда,
коммерциялық
емес Денсаулық сақтау мек-
тебін құрды. Жылсайынұйымға орта есеп-
пен 200 млн доллар бөліпотырады.
(https://www.nur.kz/1511056-qayyrymdylyq-ushin-baylyghyn-ayamaytyn.html)
Қазақстанда тапқан табысының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсайтын әйгілі
тұлғалардың тізімін жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: