Технологиялар



Pdf көрінісі
бет12/29
Дата30.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#155714
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
Технологиялар

Нысаналы оқыту технологиясы 
Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі өзгерістер дүниеге 
келіп, білім берудің дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде түрлі-
түрлі реформалар жасалуда. 
Оқыту формасы бұрынгы білім беруді ғана негіз еткен дәстүрлі 
оқыту формасынан жеке тұлғаны қалыптастыру формасындағы сапалы 
оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысы зерттеп үйрену іс-әрекетін басты 
форма ете отырып, іс-әрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара 
әсерлесіп үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болды. Мұғалім оқыту 
мақсатына жету үшін оқулықты жете түсіну негізінде оқыту іс-әрекетін 
мұқият жоспарлауға көшті және оқушыларды зерттеп үйренеді, 
ұйымдастырудың алуан түрлі әдістерін колданады. 
Бірақ, барлық мұғалімде ортақ оқыту технологиясы болмағандықтан 
оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын емес, ол оқушылардың 
білім алу сапасына ықпал етпей коймайтыны сөзсіз. Сондықтан қазіргі 
сыныптық 
оқытуға 
үйлесетін, 
оқушыларды 
зерттеп 
үйренуге 
ұйымдастыруға үйретеді.
Нысаналы оқыту технологиясы бүгінгі күнде дүние жүзі бойынша 
тәлім-тәрбне 
саласында 
орасан 
зор ықпал көрсетіп отырған 
технологиялардың бірі. 
Қазірде бұл технологияны АҚШ, Жапон, Қытай сынды көптеген 
дамыған елдер өздерінің білім беру саласында кеніне қолданады. 
Нысаналы оқыту технологиясы АҚШ педагогы және психологы Блумның 
«Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «игеріп оқу» 
теориясы; негізінде қортындыланып жасалған. 
Анығырақ айтқанда нысаналы оқыту дегеніміз окыту мазмұнын 
нысаналандыру, жүйелендіру, ғылымиландыру және оны игерудің әдіс-


59 
тәсілдерін жүзеге асыру, сол аркылы окыту сапасын жан - жақты көтеру 
мақсатына жету деген сөз. 
Нысаналы оқытуды теориялық жақтан түсіну үшін Блумның «Тәлім-
тәрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «Игеріп оқу» теориясына 
қысқаша тоқтала кеткен жөн болады. 
I. «Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы адам өмірінде 
істелуге тиісті әрқандай бір жұмыс, сондықтан ол үлкен болмасын, кіші 
болмасын қандай да бір нысынаға жетуді көздейтіні ақиқат. Дәл сол 
секілді окыту да белгілі оқытудың нысанасына жетуді мақсат ететіні 
шындық, екінші сөзбен айтқанда, оқыту жұмысы өзі тәрбиелеп отырған 
оқушының болашақта қандай жетістікке жететінін, қандай адам болу 
керектігін алдын - ала анықтап алуы қажет. Осы тұрғыдан келіп оқыту 
нысанасын Блум төмендегідей үш түрге бөледі, олар: таным саласындағы 
нысана, сана-сезім саласындағы нысана және әрекет шеберлігі (қабілет) 
саласындағы нысана. 
Таным саласындағы нысана дегеніміз оқушының үйренген білімін 
есте сақтау және қайталай тану барысындағы ақыл - парасат пен қабілеттің 
калыптасу нысанасын, яғни, білім алу мен қабілетті дамыту жағындағы 
нысананы көрсетеді. 
Сана-сезім саласындағы нысана қызығушылык, мінез, кұндылық 
көзқарасы, сондай-ақ бейімділік қабілеті жағындағы нысананы, яғни ақыл - 
парасатқа жатпайтын факторлар жағындағы нысананы көрсетеді. 
Іс-әрекет шеберлігі саласындағы нысана дегеніміз - меңгеру және 
әрекет шеберлігі жағындағы нысананы көрсетеді. 
Блумның еңбегі оның оқыту нысанасын белгілі өлшем бойынша 
тәртіпті түрде жүйелеп айқындық пен жүйелілік қалыптастыруынан 
көрінеді. Ол бұны АҚШ-тың тәлім - тәрбие ісіне мұқият зерттеу жүргізу 
аркылы қол жеткізді, әрі Блумның бұл еңбегі оның әлемдегі атағын да 
асқақтата түсті. 
Бұрын жұрт бір адамның үйрену жағдайын тексергенде оның тек 
алған біліміне ғана назар аударатын, ал Блумның таным саласындагы 
нысанасы бес жақты (түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) қамтиды, 
яғни, оқушылардың әр түрлі қабілеттерін жетілдіру нысанасын алға кояды.
Сондықтан қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің білім беру саласы осы 
көзқарасты ұстанып, оқушылардың қабілетін жан - жақты тәрбиелеуді 
дәріптеп келеді. Білім теориясы оқушының білімін бағалаудың 
қабылданған ортақ өлшемін де ортаға қояды. 
Бұл өлшем мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу қызметі мен 
бағалау кызметін де алға бастырады. Сөйтіп, бағалаудың айқын нысанасы 
орнатылды. Блумның таным саласындағы оқыту нысанасы бүгінгі күні 
көптеген елде оқытуды бағалау мен оқулық жасаудың негізгі іргетасына 
айналды. 
ІІ «Игеріп оқу» теориясы дегеніміз сыныптық окыту кезінде үздіксіз 
кері байланысқа шығу және дер кезінде түзету жасау, оқушыларға қажетті 


60 
үйрену уақытын беру және көмектер көрсетіп отыру, сол арқылы 
оқушылардың оқулық нысанасы белгілеген өлшемге жету турасындағы 
теория. 
Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды: 
1) оқыту мен оқуда үміткерлік сезімін туғызу; 
2) оқытуды өнімді түрде дербестендіріп, көп санды оқушылардың 
жақсы үйренуіне көмектесу. 
«Игеріп оқу» теориясы оқытудың өте өнімді тәсілі болып саналады, 
оның ең өзекті мәселесі - оқушылардың айтарлықтай үйрету нәтижесіне 
жете алмауы олардың ақыл - парасат жағындағы кемістігінен емес, қайта, 
өз ерекшеліктеріне сай келетін үйрену уакыты мен оқыту көмегінің 
жетіспеуінен болады, егер мектеп оларды лайықты үйрету жағдайымен 
қамтамасыз ететін борлса, онда оқушылар оқытқан нәрселерді игере 
алады. 
«Игеріп оқу» теориясының іс жүзіндегі маңызын мынадай бірнеше 
жактардан көруге болады, олар: 
1. Мұғалімнің оқушыны үйретуіндегі көмекші күшін сезінуіне 
мүмкіндік береді. Әрбір оқушыны жақсы оқи алатындығына сендіреді, 
мұғалімде оқыту үміті, оқушыда оқу сенімі болады. 
2. «Игеріп оқудың» сәтті болу - болмауы оның «кері байланыс пен 
толықтыру» барыстарының сәтті орындалу - орындалмауына байланысты 
болады. Дәстүрлі сыныптык оқытудағы ең басты қайшылық - біртұтас 
оқыту мен жеке қажеттілік арасындағы қайшылық, бұл қайшылық кей 
оқушылардың білімді үйрену қызьғушылығын жояды, ал дербес 
оқытудағы «дер кезінде кері байланыс орнату, толықтыру, үйренуді дұрыс 
жолға салуды» сыныптағы оқытуға шеберлікпен қолданатын болса, онда 
қызықты оқыту ортасы калыптасып, біліміне карай оқыту, барлық 
окушыны негізге алу сынды көзқарасты іске асырып, оқыту сапасын жан - 
жақты көтеруге жол ашады, - деп санайды Блум. 
3. «Игеріп оқу» - «Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы 
анықтаған окыту нысанасына сай жүргізіледі. Бұл мұғалімнің оқытудағы 
сұрақ қою, түсіндіру, жаттығуды орындату, тексеру жүргізу барысындағы
білім мен біліктік қатынасын толық меңгеруге, қателіктерден сақтануға 
немесе түзетуге, оқушылардың ұқсамаған сатыдағы үйрену өресіне 
жетуіне пайдасын тигізеді. 
4. Оқытуды бағалауды тек оқушыларға баллдық жүйе бойынша баға 
беру ғана емес, қайта олардың үйрену белсенділігін жоғарылату құралына 
айналдырады. 
Мұндай тексеру қалыптаса келе оқушыларға кысым түсіру емес, 
кайта, табысқа жетудің шаттығын сыйлайды. 
5. «Игеріп оқу» теориясы окушылардың үйрену барысындағы 
жүрексіну психикасын жоюға назар аударады, әсіресе оқуда нашар оқитын 
окушылардың талпыныспен жеткен табыстарының дәмін татуға 
көмектесуге ерекше мән береді. 


61 
Нысаналы оқытудың тағы бір ерекшелігі - кері байланыс пен 
толықтырудың бүкіл оқыту барысында бастан аяқ қайталанып отыруы. 
Кері байланыс пен толықтыру сәтті жүргізілсе, оқыту барысында жасалған 
әрбір қадамның нәтижелілігін тексеріп, мұғалім мен оқушының уақытын 
үнемдеп оқытудың өнімділігін арттырады. 
Сондықтан кері байланыс пен толыктыру окыту барысын меңгеру 
мен үздіктендірудің маңызды кұралы саналады. 
Жалпы алғанда "Нысаналы оқыту технологиясы" қазіргі заманғы 
оқыту талабы ортаға қойған зерттеп үйрену, селбесіп үйрену және өзін-өзі 
басқарып үйрену талабына өте жаксы үйлеседі. Бұл оқыту 
технологиясының дәстүрлі окытудан басты ерекшелігі де, басты 
айырмашылығы да осында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет