Эстафеталық жүгіру



Дата07.02.2022
өлшемі14,07 Kb.
#93644
Байланысты:
Мадехиянов Жандос фкис 11(3)


Эстафеталық жүгіру

Эстафеталвқ жүгіру бірнеше адамнан құралған командалардың жүгіруі.Жеңіл атлетикада жүгірудің мынадай түрлері бар:


- Стадионда ӛтетін эстафеталық жүгіру ( 4х100м,. 4х400 м.) бұл классикалық түрі;
- кез келген қашықтыққа жүгіру және «Шведтік» эстафета, мысалы: 800+400+200+100 жүгіру немесе керісінше;
-стадионнан тыс жерде ӛтетін эстафета, мысалы қаланың кӛшелерінде, олардың ұзындығы, қатысушылары әртүрлілігімен айқындалады .<<Индустриальная газета>> ӛткізетін эстафета жатады. Бірінші кезеңде жүгіру аласа сӛреден басталады.
Эстафеталық таяқша жүгірушінің оң қолында, таяқшаны үш саусақпен қысып тұрып, үлкен сұқ саусақ сӛрелік сызыққа тіреледі. Қашықтыққа жүгірудің жай жүгіру техникасынан айырмашылығы жоқ. Эстафеталық жүгірудің қиындығы жоғары жылдамдықты сақтай отырып, таяқшаны белгілеген ара қашықтықта тура беру. Таяқшаны беру аумағы 20 м. Эстафеталық таяқшаны қабылдаушы бастапқы 10 м екпінмен жүгіреді, бұл ең жоғары жылдамдыққа жетуге әсерін тигізеді. Таяқшаны берудің екі түрлі әдісі бар, олар: эстафеталық таяқшаны жоғарыдан және тӛменнен беру. 4х100м жүгіруді қарастырсақ, 2 , 3 және 4- кезеңдегі жүгірушілер таяқшаны беретін аралықта мейлінше жоғары жылдамдықты үдетуге, және жоғары жылдамдықта қабылдауға, бір дегенде жүгіріп ӛтуге назар аударады. Кӛбінде 2, 3, 4-ші кезеңінде эстафеталық таяқшаны қабылдаушы жоғары стартта тұрады. Сӛрелік сызыққа оң аяғын қойып, сол аяқ алда, оң қолды жолға тіреп, сол қолды артқа жоғары ұстап тұрады. Осы қалыпта тұрып жүгіруші сол иықтың үстінен келе жатқан командалық әріптесіне қарап тұрады, бірінші кезеңдегі жоғары жылдамдықпен жүгіріп қабылдау ара қашықтығына 9-10м қалғанда, 2-ші кезеңдегі жедел жүгіруді бастайды, жолдың оң жағымен шапшаң жүгіре жӛнеледі, таяқшаны беру аралығына 2-3м қалғанда,шапшаң жүгіре жӛнеледі, 1-ші кезеңдегі қуып жетіп таяқшаны нық алақанына салады. Ең әйгілі желаяқтар осы 20м аралықта 2,0с, ал әйелдер – 2,2с кӛрсетеді. Старттан жүгірген желаяқ 30м ара қашықтықты, ең жоғарғы жылдамдықты үдетуге дағдылануы қажет.
Эстафеталық таяқшаны беруші, қабылдайтын жүгірушіге таяған кезде «ХОП» деген дыбыс береді, осы дыбысты естісімен қабылдаушы жылдамдықты тӛмендетпей, жүгіру ырғағын бұзбай, сол қолды түзеткен түрде артқа созып үлкен саусағын сырт жаққа бағыттап, басқа саусақпен бұрыш жасап, таяқшаны қабылдауға дайындайды. Егер таяқшаны қабылдаушы дыбысты күтпей, бір белгілі жерге келгенде қолды артқа тастаса, жақсы нәтижеге жетер еді, бірақ мұндай таяқшаны қабылдау кӛп жаттығуды талап етеді.Эстафеталық таяқшаны берудің екі әдісі бар: а)астынан; б)үстінен.

Эстафеталық жүгіруді үйретпестен бұрын қысқа қашықтыққа жүгіру әдісін үйретіп, сосын эстафеталық жүгіруді үйреткен дұрыс. Оқытудың басты мақсаты- дұрыс және белгіленген ара қашықтықта кідірмей тура беру болып табылады.


1-мысал. Эстафеталық жүгіру әдісін кӛрсету, түсінік беру тәсілдері. Эстафеталық жүгіру туралы түсінік беру. Эстафеталық таяқшаны 20 м аралық жоғарғы жылдамдықта кӛрсету, түсініктеме жасау. Әйгілі желаяқтардың эстафеталық таяқшаны қабылдау тактикасын кино құжаттары арқылы кӛрсету, түсіндіру.
2-мысал. Эстафеталық таяқшаны беру әдісін үйрету, тәсілдері. Эстафеталық таяқшаны тӛменнен беру әдісін түсіндіру. Орнында тұрып эстафеталлық таяқшаны оң қолмен беруді үйрету. Қол жүгіріп келе жатқандай қозғалыс жасайды. Қозғалыс кезінде оқытушының даусымен таяқшаны беру. Мысалы: эстафеталық таяқшаны қабылдаушыға старттан жүгіріп шығуды үйрету.
Тәсілдері: 1. Бір қолды жерге тіреп, 15-20м ара қашықтықта старттан жүгіріп шығу. 2. Бір қолды жерге тіреп ,старттан жүгіріп шығып, жеке жолдың бұрылысынан кіру. 3. Старттан жүгіріп шығып жеке тік жолмен жүгіріп, жолдың бұрлысына кіру. 4. Әдістемелік нұсқау. 2-щі және 4-ші бӛлікті жүгіруші жолдың сыртқы жағымен, ал 3-ші бӛлікті жолдың ішкі жағымен жүгіру дұрыс болып есептеледі. Мысалы: 4. Жоғарғы жылдамдықпен 20м арақашықтықта эстафеталық таяқшаны беруге үйрету.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет