136
Осыдан біраз уақыт бұрын жергілікті атқарушы және білім беру
органдарының пәрменімен жер-жерлерде балалар-жасөспірімдер
туризмі, өлкетану және экология орталығы қалпына келтірілді.
Орталықтың негізгі мақсаты: мектеп туризмін белсенді туризм түрі
ретінде, салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық мәдениет пен
өлкетануды қалыптастыру бойынша қызмет саласын кеңейту болды.
Орталықтың қызмет саласы жыл сайын әр алуан түрде кеңеюде [6].
Негізгі қызмет бағыттары: спорттық; туристік-экскурсиялық;
өлкетану; ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру және экологиялық. Әр
бағыт өз саласын қамтиды, олардың өзіндік ерекшеліктері мен
техникалық параметрлері бар. Орталықтың қызметі келесі негізгі
бағыттар бойынша қарастырылады: шаңғы туризмі, жаяу жүру туризмі,
тау туризмі, туристік көпсайыс және спорттық құзға шығу
[7, б.б. 70-88].
Республикада
жаяу жүру туризмі
– өте тартымды туризм, себебі,
оның табиғи әлеуеті бай. Қыртысы әртүрлі жер бедерлердің, шығыңқы
құздардың, мөлдір-таза көлдердің, шағын өзендердің, қарағайлы орман
мен ақ қайың қазықтарының өзара қиысуы – бұның бәрі Қазақстанға
жергілікті және көрші елдердің туристерін тартады. Жаяу жүру туризмі
барлық орталықтың болашағы мол бағыты болып саналады.
Орталықтың әдіскерлері 1-ші және 2-ші дәрежелі күрделі жорықтарды
құрып, сынайды, әр жыл сайын материалдық-техникалық база
толықтырылады.
Туристік көпсайыс
– бұл көпсайыс бойынша, барлық туристік
орталықтарда үнемі өткізіліп тұратын жарыстарды айтуға болады.
Мәселен «Үміт» және «Күзгі жапырақ» туристер слетінің бағдарламасы
бойынша өткізілетін сайыстар дәстүрлі болып кетті. 2005 жылдан
бастап «Жастар» мектеп оқушыларының аудандық, облыстық
спартакиадасының бағдарламасына туристік көпсайыс пен шаңғы
туризмі техникасы бойынша сайыстар енгізілді. Орталықтың туристері
өздерінің туристік машықтарын жергілікті және республикалық
туристік іс-шаралар мен сайыстарға қатысып, жетілдіреді [8, б.б. 37-92].
Достарыңызбен бөлісу: