Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет44/117
Дата31.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#155933
түріДоклад
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   117
Байланысты:
KAO-3-2020

Спорттық құзға шығу
– Қазақстанның жер жерлерінде өткізілетін 
қызықты бағыттардың бірі. Жыл бойы қалалық және облыстық 
сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар республикалық мәрелерге қатысады. 
Бұл бағыттың болашағы мол болып саналады, жаттығулар құздық 
тренажерларда қыс уақытында да өткізіледі. Құзға шығумен айналысу 
барысында балалардың ағзасы үйлесімді дамиды, денесі түзу 
қалыптасады, күші, төзімділігі артып, буындардың қозғалғыштығы 
және қозғалыс үйлесімі жақсарады. Құзға шығудың динамикалылығы 


137 
қан айналымының жандануына, зат алмасудың жақсаруына, тыныс алу 
органының, жүрек-қан тамырлары жүйесінің функционалдық 
мүмкіндіктерінің және еңбекке қабілеттіліктің артуына ықпал жасайды. 
Құзға шығумен айналысу толыққанды тұлғаның қалыптасуына, еңбек 
сүйгіштік, ерік, табандылық, батылдық және жігерлілікті тәрбиелейді. 
Бұл критерийлердің барлығы спорт түрінің көптеген елдерде мектеп 
бағдарламасына енуіне ықпал етті. Қазақстанда құзға шығу мектеп 
бағдарламасы ретінде сынақ түрінде 2002 жылдан бастап енгізілген. 
Одан әрі сынып-толымдардың саны жыл сайын өсіп отыр және қазіргі 
уақытта 5-9 сынып оқушыларын қатыстырып, құрайды [9, б.б. 11-48]. 
Таулық туризм
– еліміздің оңтүстігінде орналасқан орталықтарда 
бұл бағытта «спорт шебері» нормативін орындауға жағдайлар жасалған. 
Тау туризмінің машықтарын Алматы және Шымкент қалаларының 
нұсқаушылары мен оқушылары игеруде, себебі оқушылар үшін 
туристік шеберлік пен спорттық санаттарды орындау өте маңызды [10]. 
Экскурсиялық бағыт
– еліміздегі Ақмола облысының бай табиғи 
қорлары экскурсиялық қызметтің дамуына барлық жағдайды тудырады. 
Балалардың сүйіп демалатын орындары болып Қорғалжын, Имантау, 
Шалқар, Зеренді, Бурабай және Сандықтау курорттық демалу 
аймақтары саналады. Сонымен қатар, Астана, Шымкент және Түркістан 
қалаларына 
республика 
бойынша 
алыс 
экскурсиялар 
ұйымдастырылады. 
Мәдени-сауықтыру бағыты
– туристік шатырлық лагерьлерді, 
спорттық, мәдени іс-шаралардан тұратын әртүрлі туристік кештер мен 
кездесулерді ұйымдастыру, туристтік техника бойынша сайыс, эстафета 
және байқаулар өткізу. 
Экологиялық бағыт
– бұл қызмет бойынша еліміздегі экологиялық 
мектеп-гимназия педагогтарының тәжірибесі көп. 
Оқушылармен педагогикалық тұрғыдан дұрыс құрылған жұмыс 
«Атамекен» республикалық экспедициясында алынған білім мен 
машықты толық іске асыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, бұл 
туристік-өлкетану экспедициясы қатысушылардың республикалық 
жиынында барлық номинациялар бойынша әртүрлі сайыстар-жарыстар 
өтеді [11, б. 120-123]. 
Алайда, шешімін таппай жатқан көп мәселелер бар. Бұл – балалар-
жасөспірімдер туризмінің географиясын кеңейту, шаңғы, су туризмінің 
техникасы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. Қазіргі кезде еліміздің 
барлық аудандарында туристік орталықтар мен олардың филиалдарын 
ашу арқылы кеңейту және тұрақты балалар-жасөспірімдер, туристік-
сауықтыру орталықтарын ашу бизнес-жоспары құрылған. Балалар-


138 
жасөспірімдер туризмінің дамуына, сонымен қатар, республикалық 
туристік орталықтың болмауы өз ықпалын тигізеді, мұндай орталық 
республикадағы барлық облыстық және аудандық орталықтардың 
қызметін үйлестіруші болар еді. Нұсқаушы, экскурсия жүргізуші және 
туристік ұйымдастырушылар мамандарын дайындау мәселесі туындап 
отыр [12, б.б. 25-36]. 
Қазіргі кезде туризмнің оқушыларды патриоттық, дене шынығу, 
мәдени және экологиялық тәрбиелеудегі маңызы, сөзсіз, зор екені 
бәріне мәлім. Жастар арасында жаппай туризмді дамыту мақсатында,
2009 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметі № 61 
«Қазақстан – менің Отаным» республикалық туристік экспедициясын 
(туристік жорығын) ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қаулы 
қабылдады. ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық, Астана және 
Алматы қалаларының әкімшіліктері, әкімдердің шешімімен, аудандық 
және облыстық ұйымдастыру комитеттері құрылып, «Қазақстан – менің 
Отаным» экспедициясын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-
шаралар жоспары бекітіліп, туристік бағдарлар құрылды. 2009 жылдан 
бастап республиканың барлық аймақтарында «Қазақстан – менің 
Отаным» республикалық туристік экспедициясының үш номинация – 
спорттық-сауықтыру, экологиялық және мәдени-танымдық туризм 
бойынша аудандық және облыстық сатылары өткізіле бастады. 
Экспедицияның аудандық және облыстық сатыларына қатысушылар 
саны 60 мың адамды құрады. «Қазақстан – менің Отаным» 
республикалық 
жорығының 
үшінші 
сатысының 
қатысушы-
жеңімпаздарының саны 300-ден аса адамды құрады. 
«Қазақстан – менің Отаным» туристік экспедициясын өткізу – 
жастарда азаматтық негізді, қазақстандық патриотизм және Отанға 
деген сүйіспеншілікті, туристік мәдениетті және қоршаған ортаға 
ұқыпты қарауды, туристік техника машықтарын бекіту және белсенді 
туризм түрлерімен айналысуды тәрбиелеуде маңызды фактор болып 
табылады. Студенттер мен оқушылар арасында жаппай туризмді 
дамыту, «Қазақстан саяхатшысы» белгісінің имиджін құру және оның 
нормативтері 
мен 
талаптарын 
орындаудың 
маңыздылығын 
қалыптастыру, 
денсаулықты 
нығайту 
және 
тиімді 
сауықты 
ұйымдастыру «Қазақстан – менің Отаным» республикалық туристік 
экспедициясының (жорығының) негізгі мақсаты болып саналады. 
Туризмнің спорттық-сауықтыру түрлерін дамыту үшін туристік 
фирмаларға велосипедтік туризм (маунтин-байк), тау шыңдарына өрлеу 
(альпинизм), трекинг (таулық, жаяу), ат туризмі, су туризмі (рафтинг, 
ескекті және желкенді қайықтардағы саяхаттар), дайвинг бойынша 


139 
туристік бағдарлар құруды ұсыну қажет. «Туризм» мамандығы 
бойынша мемлекеттік жоғары білім беру стандартына мамандандыру 
ретінде (келтірілген) белсенді туризм түрлері бойынша менеджерлерді 
дайындауды енгізген жөн. Тиісті федерацияларға (туризм, альпинизм, 
желкенді қайық спорты және т.б.) белсенді туризмнің көрсетілген 
түрлері бойынша нұсқаушылар мен жаттықтырушыларды дайындауды 
ұсыну қажет. Және де менеджер, нұсқаушы, жаттықтырушыларды 
дайындау бағдарламалары негізгі мақсат ретінде туризммен 
айналысатындардың денсаулығының сапалы нығаюын, Қазақстан 
азаматтарының белсенді өмірін ұзартуды қарастыруы керек. 
Оқушылар мен студенттерді туристік ағарту келесі ұстанымдарға 
негізделуі тиіс: 
- туризм – бұл өркениетті адамзат соңғы 25-40 жылдарда сезінген 
өмірлік қажеттілік; 
- туризм – халықтың ауру-сырқауын өзге сауықтыру және 
медициналық құралдармен салыстырғанда едәуір тиімді төмендетеді; 
- спорттық және сауықтыру бағдарламаларының ішінде салауатты 
өмір салтын қалыптастыруға қажетті барлық компоненттерге тек туризм 
ие. 
Туристік салада ағарту жұмыстарын сәтті жүргізу үшін арнайы 
теледидарлық арна құрып ғана қоймай, сонымен қатар, туристік баспа 
беттерін, соның ішінде жасөспірімдер мен жастарға арналған 
баспалардың мазмұндық сапасын жақсарту қажет. Туризмнің белсенді 
түрлерінің жастардың өзін-өзі қалыптастыруға және экстримге 
ұмтылысын іске асырудағы әлеуетін ашу үшін «Қазақстандық 
экстремалдық саяхаттар гиді» мамандандырылған туристік арнасын 
құру қажет. 
Жоғарыда келтірілген дәйектерді есепке ала отырып, білім алушы 
жастар арасында бұқаралық туризмді дамыту мақсатында туризм 
саласындағы өкілетті атқарушы және білім беру органдарымен бірлесе 
«Қазақстан 
– 
менің 
Отаным» 
республикалық 
туристік 
экспедициясының барлық сатыларының жалпы білім беретін 
мектептерде, арнайы орта білім беретін мекемелерде, жоғары оқу 
орындарының 1-2 курстарында өткізілуін қамтамасыз етуі; жалпы білім 
беретін мектептердің академиялық және сыныптан тыс сабақтарының 
оқу бағдарламаларына туристік техника негіздеріне үйрету, «Қазақстан 
саяхатшысы» белгісінің нормативтері мен талаптарын орындауды 
енгізуі тиіс. 
Еліміздегі туризм саласын одан әрмен жетілдіру мақсатында 
орындалатын іс-шаралар аясы бойынша барлық облыс орталықтары мен 


140 
ірі қалаларында балалар-жасөспірімдер туристік станцияларын қалпына 
келтіру, және де Астана қаласында балалар-жасөспірімдер туризмінің 
республикалық 
орталығын 
құру 
қажеттілігі 
туындап 
отыр. 
Республикада туристік және альпинистік мамандықты бес (елдің 
орталық, солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс аймақтарында бір-
бірден) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері (БЖСМ) ашылса, нұр 
үстіне нұр болары анық.
Бұған қоса, экстемалдық туризм түрінің (әсіресе әлемнің ең биік 
шыңдарына өрлеу тәрізді) ең қымбат, бірақ, мемлекет үшін мәртебелі 
туризм екендігін ескере, мемлекеттің қатысуымен мамандандырылған 
акционерлік қоғам құру мәселесін қарастырған жөн. Альпинистік 
орталықты және жоғарыдағы акционерлік қоғамды мамандармен 
қамтамасыз ету, жиындар мен оқу-жаттығу үрдісін жүргізу және 
альпинизм бойынша ұлттық құрама команданың әлемнің ең биік 
шыңдарына тұрақты экспедицияларын өткізу үшін тиісті қаржылық 
қолдау қажеттілігі – қазір заман талабы, - деп қабылдаған жөн. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. – М.: НОЛИДИС, 1996. –
312 с. 
2. Никитинский Е.С., Вуколов В.Н. Культурное наследие Тимура как объект 
туристской деятельности // Теория и методика физической культуры. – №2. – 2003. – 
С. 35. 
3. Дурович Н.И., Копанев А.С. Маркетинг в туризме. – Минск. Экономпресс, 
1998. – 400 с. 
4. Пыхарев А.Н. и др. Организационно-правовые основы туристской 
деятельности в Республике Казахстан. – Алматы, 1998. – С. 16-17. 
5. Кульназаров А.К. Туризм в Казахстане: ресурсы развития //Акцент: 
Центральная Азия. – №1. – 1999. – С. 2-3. 
6. Вуколов, В.Н. Основы туристско-краеведческой работы. – Астана: Парасат 
Алеми, 2005. – 120 с. 
7. Хасенов А.Х. Организация и менеджмент экотуров. Учебное пособие. Астана. 
2006. – С. 70-88. 
8. Абакумова Г.Н. Культурный туризм. Учебное пособие. – Астана. 2006. – С. 
37-92. 
9. Козляк Т.Н. Бизнес в развитии экотуризма. Учебное пособие. –Астана. 2006. 
– С. 11-48. 
10. Вуколов В.Н. Теория и практика подготовки специалистов туристской 
индустрии в высших учебных заведениях. – Алматы. 1999. – 268 с. 
11. Сейсенбеков Е.К. және т.б. Білім беру мекемелерінде туризм саласын 
жетілдірудегі жаңа технологиялар. / Е.К. Сейсенбеков, Ә.Ж. Тастанов, Г.А. 
Абдикаримова Ғ.Р. Әшімханов, Ұ.Ө. Естемесов // Дене тәрбиесінің теориясы және 
әдістемесі. – Алматы. – № 4(50). 2017. – С. 120-123. 
12. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. – Алматы. 2002. 
– С. 25-36. 


141 
Резюме 
В статье дана информация о тесной взаимосвязи оздоровительной 
направленности физической культуры и спорта и туристической отрасли с финансово-
экономическими факторами страны, о процессе развития туризма и его влиянии на 
экономику страны и мира.
Resume 
The article provides information on the close relationship between the health-
improving orientation of physical education and sports and the tourism industry with the 
financial and economic factors of the country, the development of tourism, and the impact of 
tourism on the economy of the country and the world.


142 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет