ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ
Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?
«
Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» дегеніміз не?
Ынтымақтастық оқу –
өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал
бірлескен оқу
соңғы
нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған
өзара әрекеттің құрылымы
болып табылады.
Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып
табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген
мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі
құрметтеліп, атап көрсетілетін,адамдардың
жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ
пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық
оқудың негізгі
аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге,
келісімге қол жеткізуіне
негізделген.
Бірлескен оқудың мәні
Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі,
аталған тәсіл проблемаларды
шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының
бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды
табиғи әлеуметтік әрекет
ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар
бір-бірімен әңгімелеседі, және осы
әңгімелесу арқылы білім алады.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен
оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1.
Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген
мәліметті бұған дейін
меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2.
Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес,
құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3.
Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
• Ынтымақтастық
• Өзара әрекеттестік
Топта жұмыс істеу не
үшін қажет?
• Топты
ұйымдастыру
ережесі
• Топтарда жұмыс
істеу ережесі
Топтарды қалай
ұйымдастыруға
болады?
• Топтың саны
• Топтағы жұмыс
нәтижесі
Топтағы бірлескен
жұмыс