ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ
басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай
бөлінетіндігін
және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол
жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.
1-
кесте. Топ құру кезеңдері
Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?
Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар, оқушылар мен
мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс.
Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе теңдікті орнату маңызды. Мысалы,
көптеген шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут)
барысында тиімді жұмыс істей алады. Аздаған үлкен
топтарда оқушылардың көңілі
басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Белгілі бір тапсырманы айрықша
тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны канша болатынын анықтап алуы
қажет. (4-сурет).
Мұғалімдердің рөлі
Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет,
сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек.
Мұғалімдер топтың тиімді
жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол
жеткізуге ықпал етулері керек.
Сыныппен жұмыс істеу барысында неге қол жеткізетіндерін
және нені білу
жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен
қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға
олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.
Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде
араласып, оқушыларға
ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін,
мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек.
Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс үдерісі
жайлы және
оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: