қарым-қатынас, хабарлау
және
әсер ету
деп бөледі де, соларға сәйкес біріншісінде тілдің
күнделікті сөйлесу стилі, екіншісінде іс қағаздары, ресми
құжаттар және ғылыми стильдері, үшінші қызметінде көркем
әдебиет пен публицистика стильдері қолданылады деп таниды.
Тілдің бұл қызмет түрлерінің бір-бірімен тығыз байланысып
жататындығы, тіпті араласып та кететіндігі баса айтылады.
Демек, оларды танытатын мақсаттық немесе әлеуметтік кызмет
стильдері бір-бірінен соншама оқшауланып тұрмайтындығы,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
20
кейде әрқайсысына тән стильдік белгілерді ажыратудың қиынға
соғатыны қоса көрсетіледі.
Тілдің әлеуметтік қызметіне қарай стильдік бөлінісіне
келгенде тіл элементтерінің: сөздердің, грамматикалық
амалдардың, көріктеу құралдарының әр түрлі қарым-қатынас
саласында, яғни коммуникативтік ортада жұмсалу тәсілдері,
қолданылу жиілігі, тіркесу қабілеттері сияқты сыртқы факторлар
ескеріледі. Бұл факторлар стильдік белгілерді анықтауда
айтарлықтай рөл атқаратын болу керек. Ғылымның әр саласында
“стиль” терминінің беретін мағынасы біркелкі еместігін осы
тақырыпты зерттеушілер айтып келеді.
Бұған қоса стильді әдебиет пен тілге бөліп қарау түсінігі
қалыптасқан. "Стиль” термині жалпы жазба дүниелердің
жанрына байланысты да (мысалы, кеңсе қағаздары стилі, ресми-
іс қағаздары стилі, телеграф стилі), белгілі бір қоғамдық іс-
әрекеттер мен жағдаятқа байланысты да (салтанатты стиль),
тілдің жұмсалу түріне қарай да қолданылады.
Тілге келгенде «стиль» терминінің мағынасын акад.
В.В.Виноградов былайша анықтайды: «...Тілдің функционалдық
стилі дегеніміз әлеуметтік іс-әрекеттің белгілі бір саласына,
әдебиеттің белгілі бір жанрына, қоғам тіршілігіндегі белгілі бір
жағдаятқа сәйкестендіріліп қалыптасқан тұлға-тәсілдер жүйесі,
семантикасы мен экспрессиясы жағынан біршама тұйықталып,
яғни әр стильге қарай іріктелген тілдік құралдар болып шығады»
[8, 23]. Демек, тілдік стиль, дәлірек айтсақ, тілге қатысты
қолданылатын «стиль» термині тек қана тілдік категория болып
табылады. Екіншіден, ол тілдің әлеуметтік өміріндегі қарым-
қатынасының бар саласында қолданылатын коммуникативтік
қызметіне байланысты болады; тілдің өзіне емес, қолданысына
қатысты болғандықтан, ол әлеуметтік сұраныстың мақсатына,
оның ішінде әдебиеттің жанрлық түрлеріне қарай ғана емес,
жұмсалу түріне, жұмсалу сапасына, айтылу бояуына т.т. қарай
бөлінуі де ескеріледі.
Сондықтан әдеби тілдің функционалдық стильдері дегенді
стильдің жоғарыда көрсетілген өзге түрлерінен бөлек қарастыру
керек. Стиль табиғаты туралы сөз қозғамас бұрын,
функционалды стильдердің тілдегі жіктелу мәселесін анықтап
алу қажет. Функционалдық стильдердің жіктелуіне келгенде де
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
21
әр зерттеуші жіктеу принциптеріне орай әр түрлі бөледі. Ал
жіктеу принциптері белгілі бір өлшемдерге негізделуге тиіс
болса, ол өлшемдердің өзі даулы, яғни стильдерді тарамдау үшін
олардың қандай белгілерін өлшем ету керек деген мәселе
түбегейлі, бір жақты шешілген емес.
Сонымен қатар зерттеушілер қай тілде болмасын әр
стильдің өзіне тән тілдік элементтердің көрінісі бірінде көп,
бірінде аз, яғни бірдей еместігін атайды. Стильдердің біреулері
барлық кұралдарды тегіс пайдаланса, енді біреулері таңдап,
талғап, яғни көбінесе тек өзіне тән элементтерді жұмсайды,
соның нәтижесінде ондай стильдік үлгілер тілі “тұйықтала”
түседі.
Мысалы,
ресми-іс
қағаздары
стилі
стандарт
формулаларымен, штамптарымен ерекшеленсе, ғылыми стиль
арнайы терминологиясымен ерекшеленеді. Ал публицистикалық
стиль бұлардан гөрі еркіндеу келеді, оның «өз лексикасы мен
фразеологиясы» тұрақсыздау болады.
Ғалым Р.Сыздықова: «Тілдік нормадағы функционалды
стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль
шеңберінде тұйықталған сипаты жағын білу керек. Өйткені бір
функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті
стиларалық «ауыспалы тіркестер жүріп жатады». Мысалы,
публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері,
көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны стильдердің
басты қағидаларының бірі екенін оның сол стильге тән
лингвистикалық
белгілерінің
толық
қамтитын
бөлігіне
байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді. Ал көркем әдебиет
стилінде ғылыми стильдің де, ресми құжат түрінің ауызша түрі,
немесе, сот залынан көрініс суреттелсе, заң тілінің де
элементтері кездеседі. Ресми құжат тілі мен іс қағаздар тілінде
де ғылыми стильге тән дәлдік, нақтылық бола отырып, реттілік
көрсеткіштері, сөйлемдерінің тілдік құрылымдық ұқсас
кешендерге жіктелген түрлерін кездестіруге болады», – дейді
[13, 9].
Көркем әдебиет стиліне келетін болсақ, мұның өлшемдерін
ашып айту қиын. Оның ерекшелігі, кейбір зерттеушілер
айтқандай, поэтикалық элементтердің бар болуында емес, бірақ
тілдік құралдардың әдеби-көркемдік жағынан көрінуі көркем
әдебиет стиліне әлдеқайда тән болып келеді.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
22
Тілдегі функционалды стильдерді жіктеу қағидаларына
орай әр зерттеуші әртүрлі бөліп қарастырады. Сондай-ақ,
біршама анықталған өлшемдерге қарап, тілдік стильдерді
әуелі жұмсалу түріне қарай ауызша және жазбаша стиль деп
бөлушілік бар. Оған қоса ауызша стиль мен сөйлеу тілі стилін
шатастырмау керектігін ескергеніміз жөн. Себебі ауызша
функционалдық стиль әдеби тілдің құзырындағы құбылыс, яғни
ол – әдеби тілдің жұмсалу түрі, көпшілік алдында ауызша
ұсынылатын сөздер. Оған шешендер сөзі, хабарлама,
баяндама, студенттің сабақ айтқандағы сөздері жатады. Ал
сөйлеу тілі – күнделікті қарым-қатынас барысында ауызша
қолданылатын тіл үлгісі.
XX ғасырда тіл білімінің үлкен жетістіктерге жетуі, жаңа
бағыттардың пайда болуы стилистика ғылымының қарқынды
дамуына әсер етіп, стилистикада тілдің функционалдық қырлары
басты назарға ілікті. В.Матезиус бастаған чех ғалымдары әдеби
тілдің функционалдық сипатын зерттеуге ерекше көңіл
аударды. Орыс стилистика ғылымында В.В.Виноградов
зерттеулері жаңа бір кезеңнің бастамасы болды деп айтуға негіз
бар. В.В.Виноградовтың еңбектерінде тілдік-функционалдық
концепция басым бағыт болса, оның негізін тілдің халық
өмірінің нақты тарихи жағдайларындағы шынайы қызмет
атқаруын зерттеуі құрайды.
Стилистика жалпыхалықтық, ұлттық тілдің барлық қырын,
оның дыбыстық
құрылымын,
грамматикасын,
сөздігін,
фразеологиясын толық қамтитын күрделі жүйе ретінде таныла
түсті. Тіл тұтас құрылымның тарихи дамуындағы іштей
байланысқан элементтері тұрғысынан емес, оның тарихи дамуы
барысындағы функционалды жіктелісі және әртүрлі сөйлеу
құбылыстарының экспрессивтік бояулары мен реңктерінің
сәйкестілігі тұрғысынан қарастырыла бастады. Тілдік қарым-
қатынастың салалық қолданысы, сөйлеудің жекелеген қоғамдық
шектелген түрлерімен (яғни функционалды стильдермен)
байланыста алып зерттелді. XX ғасыр басындағы және одан
кейінгі орыс әдеби тілі, стилистикасы мен тіл мәдениетін
зерттеудегі ізденістер (Г.О.Винокур, Л.В.Щерба, А.Н.Гвоздев
т.б.) осы бағыттағы зерттеулерді тереңдетіп, одан әрі дамытты.
Сөз семантикасының экспрессивтік, эмоционалдық және
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
23
бағалауыштық компоненттері және олардың денотативті
мағынамен байланысына айрықша назар аударылды.
Стилистиканың ерекше қызғылықты бағытының бірі –
экспрессивті
стилистика.
Экспрессивті
стилистика
лингвостилистиканың бір бағытына жатады. М.Балақаев,
М.Серғалиев "Қазақ тілінің мәдениеті" атты еңбегінде былай
дейді: "Көркем әдебиетке тән әр алуан көріктеу, шеберлік
тәсілдері болады" [14, 47]. Ендеше, экспрессивті стилистика
тілдегі
экспрессивті
әдіс-тәсілдерді үйретеді. Қазіргі
стилистикада көріктеу, шеберлік тәсілдері көркем әдебиет
стиліне ғана тән деп қарауға болмайды, ол барлық стиль
түрлерінде коммуникативті-прагматикалық мақсатпен жүзеге
асатын шеберлік тәсілдер арқылы экспрессивті стилистикада
жан-жақты көрініс табады.
Экспрессия – латын сөзі "мәнерлілік", "уыттылықты"
білдіру амалы дегенді білдіреді. Орыс тіл ғылымында
экспрессивтік
стилистика
теориясының
аспектілері
Т.Г.Винокур, О.А.Лаптева, А.П.Сковородиков, К.А.Долинин,
Т.Г. Хазагеров еңбектерінде жан-жақты сөз болып жүр.
Экспрессивті сөз эмоциясыз айтылуы да, жазылуы да
мүмкін емес. Узустық коммуникативтік сызық бойында
стилистикалық мазмұнды бере алатын "мәнерлі ой өрнегін
түзуші" экспрессивті стилистика деп аталынады.
Экспрессивті стилистиканың зерттейтін мәселелері
мыналар болып саналады: тілдік бірліктердің экспрессивті
тапсырмаларының сапалық және тиімділік қасиеттерін әр түрлі
стилистикалық
амалдардың
көмегімен
анықтау.
Олар:
стилистикалық мағына, стилистикалық тәсіл, стилистикалық
амал, стилистикалық тапсырма.
Мағына дегеніміз зат емес. Бұл туралы әртүрлі көзқарастар
бар. Кейбіреулер мағынаны таңба деп, қайсыбіреулер объективті
шындықтың бейнеленуі деп, енді біреулер таңбаның затқа
қатысы деп есептейді.
Тілдегі таңбалық қасиет жөнінде және оның мағынамен
арақатысына талдау жасап, айқын пікір айтқан философ Гегель
болды. Тілдің таңбалық мәнін қарастыра келіп, Гегель бұл
таңбалық қасиет психология, логика ғылымдарына тәуелді емес,
өз алдына жеке сала болып қарастырылуы керек екенін айтады.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
24
Лингвистикадағы таңба системасы И.Г.Гердер есімімен
байланысты. И.Гердер тілдегі таңбалар адам санасынан туған,
қолдан жасалған деген тұжырымға қарсы шығады. Ол тіл мен
пайымдауды өмірде туатын инстинкт құбылысы деп есептейді.
Гердердің пікірінше, тіл табиғаттағы адамның ерекше сезімі
негізінде, яғни айрықша "сөз органдары" ретінде пайда болды,
таңбалар да тілдің элементі болу арқылы адаммен бірге туған
инстинкт. Кейіннен И.Г.Гердер теориясы XIX ғасырдағы
лингвист пен психологтардың қатты сыналды.
Шындығында, мағына жалаң таңба емес. Мағына ұғымдар
арқылы дыбыстық формамен айтылған объективті шындықтың
бейнесі болып табылады. Сөздің мағынасын оның ішкі
компоненті деп тану және мағынаны объективті шындықтағы
заттар мен құбылыстардың бейнеленуі деп түсіндіру тілді
социолингвистикалық тұрғыдан танып білуде өте-мөте қажетті
болып саналады.
Мағынаны таңбамен теңестіру немесе мағынаны тілден
мүлдем шығарып тастау тілдің табиғатын теріс түсіндіруге
әкеліп соқтырады. Сонымен, мағына объективті шындықтың тіл
дыбыстары арқылы қатысымдық тұлғаларда белгіленіп
бейнеленуі. Тілге таңбалық жүйе тұрғысынан мынандай
анықтама беріледі: Тіл дегеніміз – қатысымдық қызмет
атқаратын тілдік тұлғалардың материалдық жамылғыш арқылы
мағыналық қасиетке ие болған таңбалар жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |