Бақылау сұрақтары:
1. Функционалдық стилистика, анықтамасы, стильдер
жүйесі бойынша жіктелуі.
2. Функционалдық стильдердің түрлерін атаңыз.
3. Функционалдық стильдерді жіктеуге қатысты қандай
ғылыми көзқарастар бар?
4. Функционалды стилистиканың негізгі мәселелеріне нені
жатқызамыз?
5. «Функционалдық» терминінің аударылуына байланысты
пікірлерге тоқталыңыз.
6.
Стилистикалық мағына дегеніміз не?
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
28
7. Стилистикалық норманың әдеби норманың басқа
түрлерінен айырмашылығы неде?
8. Стилистикалық қате ұғымы нені білдіреді?
9. Стилистикалық қатенің стилистикалық емес қатеден
айырмашылығы неде?
10. Стилистикалық тәсілдер дегеніміз не?
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
1. Фонетикалық стилистика
2. Лексика-фразеологиялық стилистика
3. Сөзжасамның стилистикалық құралдары
4. Сөз таптарының стилистикасы
5. Синтаксистік стилистка
Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,
талғам-өрісі кеңейген кезде, ғылымның түрлі салалары
игеріліп, жаңа техника мен компьютерлік жүйенің дұрыс
немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің әр
саласының атқаратын қызметі күннен-күнге артып келеді.
Стиль сөзін қолданғанда оның алдында анықтаушы сөз
тұрмаса, бірнеше ұғымды түсінуге болады. Бұл термин тілге
ғана қатысты емес, әдебиет, өнер, жазушы стилі т.б.
жағдайларда қолданылады. Біз оны тілге қатысты жағдайда
аламыз.
Функционалды стильдердің ең үлкен ерекшеліктерінің бірі
– әр стильге тиісті мәтіндерде тіл бірліктерінің сараланып
қолданылуы. Сондықтан функционалдық стильге тән сөздер,
терминдер, термин тіркестері, сөйлем түрлері, т.б. болады.
Функционалды стиль мәтіндері әрдайым бір түрлі болмайды,
оның құрамында мәтіннің бірнеше нұсқалары болады.
Сондықтан функционалды стильдер ілімінде подстильдер
ұғымы қалыптасқан. Жанрлар – подстильдерді құрайтын
мәтіндер түрі. Әр подстиль жанрлар жиынтығынан құралады. Әр
функционалды стиль подстильдерінің құрамындағы жанрлар
қорынан құралады. Ол бірнеше жанрда жазылуы мүмкін.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
29
Фонетикалық стилистика саласында дыбыстаудың түрлері
қарастырылады. Акцентологиялық варианттар, олардың
стилистикалық
қолданысы
зерттеушілердің
ерекше
қызығушылығын туғызатын мәселеге жатады. Сөйлеу
барысындағы интонацияның стилистикалық мүмкіндіктері әр
алуан. Оларды, көбінесе, көркем мәтін құрамындағы монолог
пен диалогты талдау барысында анықтауға болады.
Әр сөзді ретімен, орнымен және мазмұнға сай қолданудың
маңызы ерекше зор. Ғалымдар да, ұстаздар да бұқаралық
ақпарат құралдарының өкілдері де, құқық қорғау орындары мен
кеңсе қызметкерлері ана тілін жете меңгеріп, ойын дәл әрі айқын
жеткізу мақсатында жұмсай білуге міндетті. Басқа тілдік
қабаттарға
қарағанда
лексика-фразеологиялық
деңгейдің
стилистикалық
мүмкіндіктері
ерекше
бай
екендігін
зерттеушілердің қайсысы болса да айтады.. Диалектизмдерді,
жаргон сөздер мен арготизмдерді стилистикалық мақсатта
қолдану әрбір жазушының өз құзырындағы мәселе, дегенмен,
шығармада аталған сөздерді орынсыз, басы артық қолдану қай
зерттеушінің болмасын наразылығын тудырары сөзсіз. Тарихи,
көнерген сөздер, негізінен, тарихи көркем шығармаларда жиі
қолданылады. Ал тіліміздегі жаңа сөздердің стилистикалық
қолданысы мағынасы жаңарған және бүгінде жаппай аударылып
немесе тіліміздің ішкі мүмкіндіктерін пайдаланып жасалып
жатқан терминдерге қатысты болып келеді.
Тіл мамандары арасында күні бүгінге дейін шешімін таппай
келе жатқан пікірталас синонимге қатысты. Зерттеушілердің
біразы синоним болатын сөздер бір ғана ұғымды білдіруі тиіс
десе, екіншілері синонимдіктің басты белгісі ретінде сөздердің
өзара алмасу мүмкіндіктерін атап көрсетеді. Үшінші топтағы
мамандар синоним болу үшін ол сөздердің мағыналық жағынан
жақын болуы қажеттігін қуаттайды. Синонимдік қатар құратын
сөздердің сан жағынан ең азы екеу болатыны мәлім. Ал оның
шегі қанша сөз болатыны туралы айту қиын. Синонимдік
тізбектегі сөз саны неғұрлым көп болса, сөз қолданушының
шешендігі, оның сөз байлығы соғұрлым айқын танылады.
Омонимдердің, айтылуы мен жазылуы бірдей, мағыналары
әртүрлі сөздер мен сөз тіркестерінің, сөйлемдердің ішінен ең
мол қолданылатындары – лексикалық омонимдер. Олар жазба,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
30
ауызекі тілімізде сан алуан стилистикалық қызмет атқарады.
Солардың ішіндегі ең бастысы – олардың каламбур
болатындығы. Каламбур дегеніміз – сөз бен сөз тіркестерінің
дыбысталуы жағынан ұқсас келуінен туатын стилистикалық
оралым, яғни сөз құбылту, сөз түрлендіру. Мұндай оралымдар
көбінесе поэзиялық шығармаларда эмоциялық әсер беру үшін,
ұйқастың шымырлығын күшейту үшін қолданылады. Каламбур
юморлық, сатиралық туындыларда жиі кездеседі.
Қазақ тілінің семантикалық-лексикалық мағыналары
жағынан топ құрайтын сөздердің келесі түрі – антонимдер.
Антонимдер ауыз әдебиетінің үлгілерінен бастап қазіргі
жазушылардың, публицистердің шығармаларында көп кездеседі.
Олар тіл байлығының, автордың сөз қолдану шеберлігінің
көрсеткіші ретінде қызмет етеді. Зерттеушілердің айтуынша,
антоним болу үшін лексикалық бірліктердің мағыналарында бір-
бірін ең ақырғы шекке дейін теріске шығаратын қасиеттің болуы
қажет. Антонимдік құбылыстың өзі тілдегі қарама-қарсылыққа
негізделгендіктен, контрасты айқын байқатады. Антонимдердің
қызметінен қарама-қарсы ұғымдағы сөздердің оқиғаға бірдей
дәрежеде қатынасатынын байқауға болады.
Тілдегі паронимдер мен парономазия экспрессивтік
стилистикалық қызметті жүзеге асыруда белсенді түрде
жұмсалады. Паронимдердің жасалу тәсіліне қарай мынадай
топтарды көрсетуге болады: жұрнақтар арқылы ажыратылатын
паронимдер: жамандық – жаманшылық, адамдық – адамшылық
т.б.; түбіріне қарай ажыратылатын паронимдер. Паронимдер
түбірлес және әртүбірлі болады. Түбірлес паронимдер: егін –
егіс, еліктегіш – еліктеуіш т.б. Әртүбірлі, сырттай дыбыстық
жағынан ғана ұқсастықтары бар сөздер: эскалатор – экскаватор,
білім – бөлім, т.б.;
Зерттеушілер паронимдердің семантикалық ерекшелігіне
қарай екі тобын көрсетеді:
1) өзара мағыналық реңкі бойынша ажыратылатын
паронимдер (дүниелік – дүнияуи, қазақшыл – қазақы, т.б.);
2) мағынасы бойынша ажыратылатын паронимдер (қазақша
– қазақы). Мағынасы бойынша ерекшеленетін паронимдер өте
аз кездеседі. Паронимдер функционалдық-стилистикалық
сипатына қарай ерекшеліктері бар топ құрайды. Мысалы, тірлік
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
31
ету – ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз қолданысы болса, тіршілік
ету – ғылыми тілге жақын қолданыс.
Парономазия – дыбысталуы бір-біріне жақын сөздердің
қатар қолданылуынан туатын бейнелі сөз өрнектері. Мысалы:
Бөрінің бөлтірігі, біреудің жыртысын жырту. Еш туыстығы жоқ,
бірақ
айтылуы
бірдей
паронимдер
сөйлеуде
әртүрлі
стилистикалық қызмет атқарады.
Фразеологизмдер халық тілінің байлығын барынша
танытумен қатар тілдің қолданылуының мол мүмкіндігін
көрсетеді. Тұрақты тіркестерге тән ерекше қасиет – олардың
экспрессивті-эмоционалдық
бояуының
айқын
аңғарылып
тұратындығы. Сондықтан тұрақты тіркестерді орынды кірістіріп
сөйлей білген адамның ойының айқындығына ғана емес, әсерлі
болатыны сөзсіз.
Фразеологизмдер, ең алғаш сөйлеу тілінде не жазба тілде
қолданылып,
халыққа
танылады.
Қазақ
тілінің
фразеологизмдерінің дені жазба тіл дамымай тұрып сөйлеу
тілінің негізінде қалыптасқан.
Тіліміздегі сан алуан тұрақты сөз тіркестерін мейлінше
мәнерлі және нақтылы, дәл қолданудың стилистика үшін
маңызы зор. Ауызекі сөйлеу тілінен бастау алатын тұрақты сөз
тіркестері тілімізде қалай болса солай айтылып, кез келген
жерде оңды-солды қолданыла бермейді. Сондықтан стилистика
тұрақты сөз тіркестерінің тілімізде атқаратын қызметіне, оның
қолданылу заңдарына аса көңіл бөледі.
Қоғам, тіл иесі – халық нақты өмір сырын, шынын тіл
арқылы біледі. Ана тілінің тағдырына, өткен-кеткеніне,
болашағына немқұрайды қарамайды. Халық жүйесін тауып
сөйлеуді мақұл көреді, сөзді, сөйлемді орынды қолдануды
ұнатады. Сөз мағынасын, сөйлем сазын, қат-қабат еркін,
тиянақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді халық сұрыптап, өз
ой елегінен, өмір талқысынан өткізіп отырады. Мол тіл
қазынасының бір алуаны –фразеологизмдердің жалпы тіл
жүйесіндегі орнын сөз еткенде, ең алдымен, олардың
стилистикалық қызметі көзге түседі. Некен-саяқ кездесер бірді-
екілі фразеологизмдерді есептемегенде, тиянақты тізбектердің
бәрі дерлік өзгеше стиль қызметін атқарады.
Сөйлеу тілінің (ауызша сөйлеу) өзіндік ерекшелігін
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
32
аңғартатын белгі тілдік единицаларды (бірліктерді) қолдану
ерекшеліктерінде.
Ол
ерекшелік,
ең
алдымен,
фразеологизмдердің қолданылуынан байқалады. Сөздердің
ауыспалы мағынада қолданылу амалы сөйлеу тілінде
мәнерлегіштік әрі бейнелегіштік қасиет береді. Әдетте сөйлеу
тілінің эмоционалды сипаты басым болғандықтан, ауыспалы
мағынада бейнелі сөздер сол сөз болатын зат не құбылысқа
адамдардың жағымды не жағымсыз көзқарасын білдіреді.
Сондықтан олардың бейнелегіштік қасиеті айрықша сезіледі.
І.Кеңесбаев фразеологизмнің мәнерлегіш стильдік қызметі
жайында: «Тиянақты тіркестің өн бойы тілдегі, сөйлеудегі өз
еншісіне тиер меншік қасиеті – стильдік ерекшелік», - деген
болатын [16, 9].
Достарыңызбен бөлісу: |