36
Тілдік терминдер жүйесінде бұл термин «қызмет» мағынасында
қолданылады да, тілдік бірліктің сөйлем ішіндегі атқаратын
қызметін белгілейді, ал сөйлеудің терминдік жүйесінде тілдік
бірлік арқылы берілетін ойдың мәні мен мағынасын анықтайды.
Ғалым Р.Сыздық «функция» сөзінің мағынасы «мақсат»,
«арнау»
ұғымдарына саятынын айтып, функционалдық стильді
«мақсаттық стиль» деп атап, оның мәнін ашады: «Ең алдымен,
мақсаттық стиль дегеніміз тек қана тілдік категория (құбылыс)
болып табылады. Екіншіден, ол тілдің әлеуметтік өміріндегі
қарым-қатынастың
бар
саласында
қолданылатын
коммуникативтік қызметіне байланысты болады. Сөйтіп,
стиль
дегеніміз тілдің өзіне емес, қолданысына (речьке) қатысты
болғандықтан, ол әлеуметтік сұраныстың мақсатына, оның
ішінде әдебиеттің жанрлық түрлеріне қарай ажыратылуы ғана
емес, жұмсалу түріне (ауызша немесе жазбаша),
жұмсалу
сипатына (салтанатты жай), айтылу бояуына (әзіл-сықақпен,
қатаң сынмен) т.т қарай бөлінуі де ескеріледі» [13, 156].
Берілген анықтамадан стиль ұғымы тілдік құбылыс екені
және стиль тілдің әлеуметтік сұранысына қарай белгілі бір өмір
саласында мақсат түріне сай қолданылытыны айқындалады.
«Функция» ұғымы тіл бірлігінің мақсатқа сай қызметін
білдірсе, ал «стиль» ұғымы, ғалымның айтуынша, әлдеқайда кең.
Ол тек шығарманың жанрын ғана емес,
тіл бірлігінің жұмсалу
түрін, сипатын, айтылу бояуын да қамтиды. Демек, тіл
бірліктерінің стильдік қолданысын әр қырынан алып
қарастырудың бағыттары тілдің жаңа сапасы мен мүмкіндігін
ашады. Қазақ тіл білімінде функционалдық стиль түрлері жанр
түрінде жан-жақты зерттелді. Бірақ зерттеу нысаны ретінде
стиль түрлерінің қалыптасу кезеңі мен нақтыланған кезеңі
алынып отырды. Ал стиль түрінің дамуы, өсуі, басқа стиль
түрлерінен жігінің ажырау кезеңі зерттеу бағыты бола қоймады.
Жалпы
даму процесін, сатыларын зерттеу қажет екені белгілі.
Стиль қоғамның белгілі саласында тілдің мақсатты түрде
қолданылуы болса, стиль түрлерін ажыратушы шарттарды
сырттан, тілден тыс факторлардан анықтау қажет.
Стиль түрінің қалыптасу кезеңінде бірнеше стильге тән
белгілер қабаттасып жүреді. Бірақ негізгі ерекшеліктердің жігі
ажыратылып, даралана бастайды. Оны тіл бірліктерінің
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
37
қолданылу жиілігінен байқауға болады. Ал
стильдік белгінің
нақтыланып, тілдік бірліктерінің жүйеленуі уақытты, дамуды
қажет етеді. Сондықтан стильдік белгі нышанының толыққанды
сипатқа ие болуы тиісті саладағы тіл қолданысының артуымен
байланысты. Әрбір стиль түрінің даму қарқыны сыртқы
факторларға, қоғам қажеттілігіне, оның сұранысына тәуелді.
Жалпы тіл жүйесінде қандай
стильдердің бар екендігі
туралы сұрақ толығымен әлі шешімін тапқан жоқ. Орыс тіл
білімінде функционалдық стильдердің саралануы жөнінде
пікірлер әртүрлі. Мәселен, В.П.Мурат В.В.Виноградовтың
көзқарасын басшылыққа ала отырып, стильдің ауызекі-әдеби,
газеттік-саяси,
ресми-іскери, ғылыми және кәсіби-техникалық,
қарапайым сияқты түрлерін атап өтсе [17, 11], М.Н.Кожина
стильдерді ғылыми, ресми-іскери, публицистикалық, ауызекі
сөйлеу, әдеби деп бөледі [12, 36]. Ал Д.Э.Розенталь
функционалдық стильдерді екі топқа бөледі:
кітаби стиль және
ауызекі сөйлеу стилі. Мұнда кітаби стильдің тармақтары ретінде
ғылыми, көркем әдебиет, ресми-іскери, публицистикалық
стильдер қарастырылады [18, 26].
Достарыңызбен бөлісу: