Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет15/56
Дата01.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#156032
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

 
Қазақ ғалымдарының да функционалдық стильдерді 
топтастыруда пікірлері біртекті еместігін байқауға болады. 
Мәселен, 
М.Балақаев, 
Е.Жанпейісов, 
М.Томанов, 
Б.Манасбаевтардың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің 
стилистикасы» атты еңбекте стильдің ауызекі сөйлеу және 
кітаби-жазу сияқты екі түрі көрсетіледі. Бұлардың өзі ішінара 
бірнеше стиль түріне бөлінеді [1, 9].
 
Көрнекті қазақ лингвистері М.Балақаев, Р.Сыздық және
Е.Жанпейісов «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты еңбегінде 
кейбір стильдердің пайда болуына ХІХ ғасырдың ІІ 
жартысындағы әдебиеттік дәстүр негіз болғанын айта кетіп, 
1930 жылдардан кейін ресми іс-қағаздар тілінің стилі, 
публицистикалық стиль, көркем әдебиет тілінің стилі және 
ғылыми-техникалық стильдердің біржола қалыптасқанын айтқан 
[19, 15].
 
Стиль мәселесін зерттеуші ғалымдар В.В.Виноградовтың 
стильге берген анықтамасын негізге алады: «Стиль – это 
общественно осознанная и функционально обусловленная 
внутренне объединенная совокупность приемов употребления, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


38 
отбора и сочетания средств речевого общения в сфере того и 
иного 
общенародного, 
общенационального 
языка, 
соотносительная с другими такими же способами выражения, 
которые служат для иных целей, выполняет иные функции в 
речевой общественной практике данного народа» [8, 11].
 
Берілген анықтамадан шығатын қорытынды – әрбір 
функционалдық стиль бір-бірімен өзара тығыз байланысты: 
1.
Функционалдық стиль ұғымы қоғамдық тұрғыдан 
танылған, мойындалған тілдік құралдардың шоғырлануын негіз 
ететіндіктен, лингвистикалық әлеуметтануға қатысты; 
2.
Функционалдық стиль нақты мақсатқа қызмет етеді; 
3.
Стиль үшін арнаулы тілдік құралдар іріктеліп, таңдалып 
алынады; 
4.
Белгілі бір стильдің ерекшеліктерін басқа тармақтармен 
салыстыру немесе қарама-қарсы қою арқылы анықтауға болады. 
Осы орайда көрнекті ғалым Р. Сыздықтың функционалдық 
стильге берген анықтамасын көрсете кеткен жөн: «Тілдің 
функционалдық стилі дегеніміз – әдебиеттің белгілі бір жанрына 
немесе әлеуметтік іс-әрекеттің белгілі бір саласына (мысалы, 
ресми стиль, кеңсе стилі, телеграф стилі деген сияқты), я 
болмаса қоғам тіршілігіндегі белгілі бір ситуацияға (мысалы, 
салтанатты стиль, сыпайы стиль т.б.) сәйкестендіріліп 
қалыптасқан 
тұлға-тәсілдер 
жүйесі, 
семантикасы 
мен 
экспрессиясы жағынан біршама тұйықталған (әр стильге 
іріктелген) тілдік құралдар тобы» [19, 24].
 
Ғалымның ойынша, тілдің функционалдық стильдері, ең 
алдымен, оның әдебиет жанрына қарай ажыратылған тарамдары. 
Сондай-ақ Р.Сыздық қазақ тілінің осы күнгі стильдік 
тарамдалуының басы ХІХ ғасырдың ІІ жартысына тура келетінін 
атап, көркем әдебиет стилі, публицистикалық стиль, жартылай 
ғылыми стиль, ресми-іс қағаз стилі және эпистоляр стильдерін 
көрсетеді [20, 23].
 
С.Исаев стиль жөнінде: « ... стиль ең алдымен қолданылуда 
өзіндік ерекшеліктері бар тілдік элементтер жүйесі немесе әдеби 
тілдің өзіндік сөздік құрамы, грамматикалық тұлғалары бар 
сараланған бір бөлігі. Стиль әдеби тілдің даму барысында 
қалыптасады», – деп ой қорытады [21, 67].
 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


39 
Көптеген зерттеушілер стиль деп тілдің құрылымдық-
функционалдық варианттарын атайды. Демек, белгілі бір адам 
әрекеті саласының түріне қарай тіл бірліктерінің қалыптасқан 
қолданысы болады. Олардың таңдалуы мен жүйеленуі белгілі 
бір заңдылықтарға бағынады. Жүйелі және тұрақты түрдегі 
қолданысы стиль түрін қалыптастырады.
Функционалдық стильдің жекелеген тармақтарының дамуы 
тілдің ішкі заңдылықтарымен қатар, тілден тыс факторларға да 
тікелей байланысты. Яғни қарым-қатынастың жеке-жеке 
салаларында пайдаланылатын тілдік құралдардың арасындағы 
жүйелі, тұрақты сипаты мен айырмашылықтарын қоғамда 
болатын әлеуметтік-саяси, мәдени-қоғамдық өзгерістермен 
сабақтастықта алып, қадағалап отыру қажет. Өйткені тілдік 
құралдардың мақсатты стильдік ішкі тармақтарға саралануы 
коммуникативтік қызмет аяларының дифференциялануымен 
тығыз байланысты. Ал тілдің коммуникативтік қызметі 
қоғамдық өзгерістерге тәуелді болады.
Орыс 
тіл 
білімінде 
функционалдық 
стильге 
тән 
ерекшеліктерді анықтаудың екі түрлі әдісі қалыптасқан. 
М.Н.Кожина әр стильді сөйлеу (речь) түрі ретінде алып, ондағы 
грамматикалық 
категориялардың 
кездесу 
жиіліктерін 
анықтаудың қажеттігін айтады. Ғалым: «Егер де фукционалдық 
стильдердің ерекшеліктерін зерттеу мәселесі «сапалық әдістер» 
арқылы жүзеге асса, стильдердің сөйлеу құрылымын зерттеу 
үшін статистикалық әдістерге жүгінуге тура келеді» дейді
[12, 8].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет