Дәріс №1. Геоэкология: геосфералар мен қоғам интеграциясы жайлы ғылымдар жүйесі



Pdf көрінісі
бет8/28
Дата03.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#156364
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Д ріс №1. Геоэкология геосфералар мен о ам интеграциясы жайлы

экологиялық геоморфология
жербеті бедерлері мен қазіргі 
жербедер құрушы процестердің рөлін, қазіргі морфогенезге шаруашылық 
әрекеттіліктің артуынан табиғи орта құрамбөліктерінің өзгеруін зерттейді.
Аридтік зона аумағындағы қазіргі геоморфогенездің негізгі 
антропогендік факторлары мал шаруашылығындағы жайылымдық 
жерлерді пайдалану, одан кейін жол-көлік және қоныстану нысандарын 
игеру, гидротехникалық құрылыстарды салу мен оларды іске асыру, ауыр 
бұрғы техникаларын қолдана отырып геологиялық түсіру мен барлау 
жұмыстарын жүргізу, ашық әдіспен қазба байлықтарын өндіру, бұрғылау 
және бұрғылау ұңғымаларын пайдаланумен әр түрлі шаруашылық және 
өндірістік құрылыс түрлері болып табылады [24].
Антропогендік 
жербедер 
пішіндерінің 
көпшілігі 
адамның 
шаруашылық мәселелерін шешуде пайда болатындығын атауға болады. 
Өкінішке орай жербедерге антропогендік факторлардың әсер ету дәрежесі 
мен оның дамуы толығымен қарастырылмайды. Бұл мәселе дәл мұқият 
зерттеуді қажет ететіндіктен антропогендік жербедер ерекешеліктерін 
және қазіргі жербедер құрушы процестердің даму динамикасы ескерілмей 
шаруашылық нысандарын игеруде экологиялық мәселе ойдағыдай 
шешімін таппайды.


Жоғарыда айтылған көптеген ғалымдардың М.Ж. Жандаев [13], Д.П. 
Позднышева [24; 25], Ф.Ж. Акиянова [26], А.С. Күшімова [27], К.М. 
Акпамбетовалардың [28] антропогендік жіктемелерін негізге ала отырып 
және Орталық Қазақстан аумағы бойынша жасалған антропенгендік 
жербедер пішіндерінің жіктемесіне сүйеніп автор Оңтүстік Маңғыстау 
мұнайлы және газды өндірістік ауданында адамның өндірістік-
шаруашылық әрекетінен туындаған процестердің бағыттылығына қарай 
өндірістік, құрылыстық, гидротехникалық, сызықты-жолдық, ауыл 
шаруашылықтық, археологиялық жер бедер типтеріне бөледі [29].
Соңғы кезде адам әрекетінен қалыптасатын алуан түрлі 
антропогендік жербедер пішіндері қазіргі экзогендік процестердің 
дамуына өзгерістер әкеліп, оның бағыттылығы мен қарқындылығына әсер 
етеді. Сондықтан да табиғи процестердің жағымсыз көрініс беруімен 
күресуде жоспарланған шараларда міндетті түрде табиғи құбылыстардың 
дамуындағы антропогендік жербедер пішіндерінің рөлі ескерілуі қажет. 
Қазіргі уақытта инженерлік-шаруашылық кешендер мен табиғи жүйенің 
өзара қатар өмір сүру мәселесі шындыққа айналып отырғанда, адам мен 
табиғи орта қарым-қатынастарын теория жағынан ұқыпты зерттеу мен 
ғылыми тұрғыдан талдау ерекше маңызды мәнге ие болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет