Дәріс №1. Геоэкология: геосфералар мен қоғам интеграциясы жайлы ғылымдар жүйесі


Дәріс №3. Мониторинг түсінігі. Қоршаған ортаны бақылау 2 сағат



Pdf көрінісі
бет9/28
Дата03.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#156364
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
Д ріс №1. Геоэкология геосфералар мен о ам интеграциясы жайлы

 
Дәріс №3. Мониторинг түсінігі. Қоршаған ортаны бақылау 2 сағат 
1.
Мониторинг түсінігі. Әдістерінің ерекшеліктері 
2.
Экологиялық бақылау жасау 
3.
Мониторинг түрлеріне сипаттама 
1.Мониторинг түсінігі. Әдістерінің ерекшеліктері 
Мониторинг (ағылш. monіtor – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, 
сақтандыру) – қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік 
факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, 
бақылаудың кешенді жүйесі. Мониторинг термині БҰҰ-ның қоршаған орта 
жөніндегі Стокгольмдегі конференциясының алдында (1972) “бақылау” 
ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне 
байланысты Мониторингке деген қажеттілік артуда. Мыс., соңғы 10 жылдың 
ішінде 4 млн-нан артық жаңа хим. қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 
мыңдай әр түрлі химиялық заттар өндіріледі. Мониторинг телевизор 
бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілім және т.б. әдістер арқылы іске 
асырылады. Мониторингтің: базалық, ғаламдық, аймақтық, авиацалық, 
ғарыштық, т.б. деңгейдегі түрлері бар. Базалық Мониторинг – жалпы 
биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу. Ғаламдық 


Мониторинг – Жер биосферасы мен оның экосферасындағы жалпы әлемдік 
процестер мен құбылыстарды бақылау. Аймақтық Мониторинг – белгілі бір 
аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау. Авиациялық 
Мониторинг – экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және 
ұшатын аппараттар арқылы бақылау. Ғарыштық Мониторинг – 
экоқұбылыстарды ғарыштық құралдардың көмегімен бақылау. Бұл қоршаған 
ортаның өзгеру өзгешелігі мен ластану ошағын жедел анықтауға; 
экологиялық өзгерістің амплитудасы мен ондағы қарқынды процестерді 
бақылауға; техногендік жүйелердің бір-біріне әсер ету әрекетін анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Қоршаған ортаның Мониторингі – адамдардың тіршілік ететін орта 
жағдайын бақылау арқылы, адамдарға табиғатта болып жататын қауіп-
қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай-ақ, Мониторингтік 
бақылаулар биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Мониторинг қызметі 
көптеген елдерде ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған ортаның 
дүниежүзілік мониторингі ортасы құрылды. Мониторинг үш деңгейге 
ажыратылады: 
1. Санитарлық-токсикологиялық мониторинг -қоршаған ортаның күйін, 
табиғат нысандарының зиянды заттармен ластану деңгейін, осы 
ластаушылардың адамға, жануарлар мен өсімдіктерге әсерін зерттейді. 
2. Экологиялық мониторинг -экожүйелердегі, табиғи кешендердегі 
өзгерістерді, олардың өнімділігін бақылау. 
3.Биосфералық бақылау -табиғаттағы ғаламдық-фондық өзгерістерді: 
радиация деңгейін, атмосферадағы зиянды заттар, шаңның мөлшерін
жылудың тасымалдануын, планетадағы ауа райы мен климаттың т.б. 
өзгерістерді бақылау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет