1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет46/61
Дата04.11.2022
өлшемі4,71 Mb.
#156557
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61
Байланысты:
1-ші та ырып. аза станны азіргі заман тарихына кіріспе

4.
 
Қазақстан Республикасының жастар саясаты және рухани жаңғыру 
жолдары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының басты 
мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын 
жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық 
жағдайларды жасау мен нығайту болып табылады. Қазақстанда жастар жалпы 
халықтық 30 пайызын құрайды, жастар саясаты туралы Заң бойынша олар 14 
пен 29 жас аралығын қамтиды.
Бүгінгі күні жастар саясатын жүзеге асырудың мемлекеттік ұстанымын 
айқындайтын маңызды құжаттар: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
жастар саясаты туралы» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар 
саясаты туралы» ҚР Заңы және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан 
Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі 
тұжырымдамасы туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы қаулысы. Бұл 
нормативтік құжаттар мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік 
жастар саясатын қалыптастырудың және жүзеге асырудың құқықтық негіздерін 
айқын белгілейді. 
2008-жылы «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты І-
съезінінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 


жанына Жастар саясаты жөніндегі Кеңес құрылды. Ал, «Нұр Отан» партиясы 
жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты 2008-жылы 12 мамырда қоғамдық 
бірлестік ретінде құрылған. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде 
озық идеялармен қарулаа отырып, еліміздің дамып, оның өркендеуіне еліміздің 
әлем өркениетінде бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен 
лайықты орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік ерекше үлес 
қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар болып табылады.
2019 жылы 23 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 
Жастар жылының ашылу рәсімі болып өтті. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» деп 
аталатын салтанатты шарада Елбасы жас буынды Жастар жылының 
басталуымен құттықтады. Жалынды да, талантты жастардың сөзін тыңдаған 
Мемлекет басшысы «сөзді тоқтатпай, айта берсін деген ой келді» деді. «Мен 
айтайын деген негізгі мәселенің барлығын әр салада көтеріп жатырсыңдар. 27 
жыл тәуелсіздіктің ішінде көп нәрсе жасадық, көп жеңіске жеттік. Тәуелсіздік 
Қазақстанды орнатып, мемлекетті дүниежүзі картасына қойдық. Бұл ауқымда, 
бұл шекарада дәл осындай жағдайда Қазақстан еш уақытта болған жоқ. Бұрын 
дүниежүзі барлығын паш еткен, мойындаған, қадірлеген ел болғанымыз жоқ. 
Сондықтан, 
ата-бабымыз 
арманымызды 
орындап, 
біздің 
бүгінгі 
тәуелсіздігімізді орнатты. Әрбір адам саясатқа келгенде, әсіресе ел басқарамын 
деген үміті болса, оның халыққа жолдайтын ойы, жоспары болуы керек. Сол 
жоспарды іске асырып, нәтижесін көрген саясаткер бақытты. Істеп жатқан 
жұмыстың бәрін айта беруге болады. Тәуелсіздігімізді алдық, экономиканы 
көтердік, халықтың әл-ауқатын арттырдық, мәдениетін, денсаулығын көтердік, 
Астананы салдық. Бірақ, ішіндегі ең негізгі жетістік - сендерді, жас буын 
қазақстандықтарды тәрбиелеп шықтық. Жаңа буын - Қазақстанның ең үлкен 
жетістігі, менің Мемлекет басшысы ретіндегі еңбегімнің ең үлкен жемісі»», - 
деді Назарбаев. Президенттің айтуынша, жаңа жаһандық өркениет келе жатыр. 
Ол цифрлық қоғам, экономика мен білімнің дәуірі. «Сіздермен кездесіп 
отырғаным үшін өте бақыттымын. Мен Қазақстанда Жастар жылының 
басталуымен құттықтаймын. Біздің көз алдымызда жаңа жаһандық өркениет 
келе жатыр. Цифрлық қоғамның, экономика мен білімнің дәуірі келді. Менің 
буыным мектеп оқып жүргенде, әсіресе ауылда теледидар да жоқ еді. Радио 
енді ғана шыға бастаған еді. 100 жыл тарих үшін тым қысқа уақыт. Қазір 
бәрінің 10 жылдың ішінде қалай өзгеріп жатқанын көре беріңіз. Сол үшін біздің 
мемлекет уақыт алға тартып отырған тегеуріндерге жауап бере алуы керек», - 
деді Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты 
Жастар жылының ашылу салтанатында. Елбасы өз сөзінде сол себепті жастар - 
бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторы екенін айтып өтті. «Аллаға шүкір, біз 
әлемнің дамыған елу елінің қатарына ендік. Бірақ, бұл әлі де аз. Қазіргі таңда 
мемлекеттер арасында ғана емес, адамдар арасында бәсеке қыза түсті. 
Креативті буыны бар мемлекет жеңімпаз болып шығады. Мен бұл жігерді 
Сіздерден көріп отырмын», - деді Елбасы.
Мемлекеттік жастар саясаты – қоғамның стратегиялық ресурстарының 
дамуының маңызды бағыттарының бірі. Болашақтағы Қазақстанның жолы жас 
ұрпақпен тікелей байланысты. Бүгінгі күні жастар өзінің әлеуетін жүзеге асыру 


үшін жаңа мүмкіндіктерге ие. Осы үшін кәсіби мансап пен тұлғалық өсу 
қалыптастыруда тең мүмкіндіктер құрылуда. Өз сөзінде Ұлт Көшбасшысы 
Н.Ә.Назарбаев жас ұрпаққа назар аударып, былай деп айтқан болатын: «Сендер 
– болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан 
қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда». 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі 
мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын 
жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық 
жағдайларды жасау мен нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру 
жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді: 
-
Жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі 
рухани дамуы. 
-
Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың 
әлеуметтік құқтарын қамтамасыз ету.
-
Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай 
жасау. 
-
Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру. 
-
жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен 
бостандықтарын сақтау; 
-
өркендеу мен жаңашылдық; 
-
жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның 
ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, 
көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және 
қолдау. Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық 
және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан 
ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс. 
Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті 
қалыптастырып, біртұтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи 
сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда 
бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады. Мемлекеттік 
жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай 
негізгі бағыттарды қарастырады: 
Жастар саясатының басым бағыттары мемлекеттік және салалық 
бағдарламаларда көрсетілген. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі 
басқарманың жұмысы Мемлекет Басшысының жолдауына, «Болашаққа жол» 
2020 жылдарға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына, 
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 
негізделеді. Жастар саясатының басым бағыттары мемлекеттік және салалық 
бағдарламаларда көрініс тапқан. Сонымен қатар, облыста 2014-2016 жылдарға 
арналған жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын 
үймен қамтамасыз ету бойынша, жастарды әлеуметтік қолдауды жетілдіру 
бойынша Кешендік жоспарлары орындалуда. «Жасыл ел», «Дипломмен 
ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Серпін-2050» жобалары жүзеге асырылуда. 
Әлеуметтік қолдау шараларымен жастарды толықтай қамту мақсатында 
2016 жыл бойы облыстың аймақтары кесіндісінде жастар арасында жағдайға 


талдау жасалып, атқарушы органдардың тарапынан айрықша назар аударуды 
талап ететін бағыттар анықталып, іс-шаралар және жобалар қатары жүзеге 
асырылды. 2016 жылы жастар арасында келесідей әлеуметтік зерттеулер 
өткізілді: «Заманауи жастар: жағдайға талдау» және «Жастардың діни 
көзқарастары». Алынған қорытындыларға сәйкес мемлекеттік жастар 
саясатымен қанағаттандырылу деңгейі 88,4%; жас респонденттердің 74,5%-ы 
өздерін патриотпыз деп санайды; 56,4%-ы біздің елде дінаралық қарым-қатынас 
саласында жүргізіліп жатқан саясатқа оң бағасын береді; жас азаматтар үшін 
негізгі құндылықтар болып отбасы (30,8%), достық (26,4%), махаббат (26,0%), 
өмір (25,5%) саналады. Жастардың өзін-өзі басқару органдары белсенді дамуда.
Заңнамалық 
бекіту 
алған 
консультативтік-кеңесші 
органдардың 
мәртебесінің артуы байқалуда. «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» жобаларын 
табысты жүзеге асыру жалғастырылуда. Сонымен қатар, жастарды қолдаудың 
неғұрлым танымал құралы ретінде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» 
бағдарламасы аясындағы «Жастар тәжірибесін» атап өткен жөн. Ауылды 
дамыту үшін жастарды ынталандыру мақсатында жыл сайын облыс әкімінің 
гранты табысталады. Шалғайдағы селолық округтер мен ауылдардың жас 
азаматтары ұсынған жобалар басымдылыққа ие болады. Алынған гранттар 
әлеуметтік бағытталған жобаларды дамытуға салынды. 
Ауыл жастарын қалада жұмыспен қамтуға, яғни, жұмыссыз және өзін-өзі 
жұмыспен қамтыған жастарға жәрдемдесу мақсатында «Жас Отан» жастар 
қанатымен бірлесе отырып «Кеңес орталығы» консультативтік орталығының 
жұмысы ұйымдастырылды. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 
жастар үшін мемлекеттік қолдау құралдар туралы түсіндіру жұмыстары 
ұйымдастырылды.
Жыл сайын өткізілетін «Жастар-жастарға» ақпараттық-мәдени керуенінің 
ролін айрықша атап өткен жөн. Жобаға мемлекеттік органдар мен қызығушы-
лық танытқан органдардан бөлек жастар үкіметтік емес ұйымдары да қатысады. 
Жас көшбасшылар жастардың өзекті мәселелері бойынша әдістемелік қолдау 
көрсетіп, қала және ауыл жастары арасындағы ынтымақтастықты нығайтады. 
Кеңестік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мақсатында 2013 
жылдан бері облыстық Ресурстық орталық жанындағы балалар үйінің 
түлектерін әлеуметтік бейімдеу қызметі жұмыс атқарады. Қызметте жұмысқа 
орналасуға құқықтық және тәжірибелік көмек, тұрғын үй алу үшін кезекке 
тұруға, құжатты қайта қалпына келтіру және рәсімдеуге, жәрдемақы алу үшін 
өтініш жазуға және т.б. көмек көрсетіледі. 2005 жылдан бастап жемісті 
қоғамдық қызметі үшін «Қайнар» жастар сыйлығы әртүрлі номинациялар 
бойынша табысталады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы - 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы 
Жалпыға бірдей адам құқықтары Деклараңиясының өзекті идеялары мен 
қағидаларына, БҰҰ Бас Ассамблеясының «Жастар дамуының 2000 жылға 
дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының 50/81 қарарына», Сәби 
құқықтары 
туралы 
Конвенңияға, 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституңиясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған 


«Қазақстан-2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі 
және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауына сүйенеді. Мемлекеттік жастар 
саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын 
иеленумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін 
өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады.
Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте 
маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін 
ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете 
бағаламауға жол бермеуді көздейді. Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі 
әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеумен ғана 
шектелмейді. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын 
белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар 
саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды 
бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық өзгерістердің 
күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, 
жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дәстүрлі жастар 
мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда 
мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді. 
Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік 
қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ 
өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін 
игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық 
қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы 
қоғамға қатысты саясатгы қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың 
өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға, олардың 
материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау 
мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. 
Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың тұлғалық 
қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет