1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды



Pdf көрінісі
бет48/61
Дата04.11.2022
өлшемі4,71 Mb.
#156557
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
Байланысты:
1-ші та ырып. аза станны азіргі заман тарихына кіріспе

Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды 
қалыптастыру саясаты 
 
1.
Тәуелсіздіктің 
алғашқы 
жылдарындағы 
ұлт 
тарихындағы 
«ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар. 
2.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы. 
3.
Елбасының «Халық тарих толқынында» атты тарихи зерттеулерге 
бағытталған бағдарламасы 
4.
Қазақстан Республикасы – Ұлы Дала мұрагері 
5.
Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 
жылдығының» атап өту маңызы 
Қазақстан 
Республикасының 
тәуелсіздік 
алуына 
байланысты 
халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалып, құндылықтарды қайта 
бағалауға және қоғамдық сананы қалыптастыруға қажеттілік пайда болды. 
Қоғамдық сана қоғамдық өмірдің барлық, саласын қамтитын алуан түрлі 
рухани құбылыстардың жиынтығы болып табылады. Қоғамдық сананың 
негізгі формалары - мораль, өнер, дін, философия, ғылым, саясат, құқық. Бұл 
түрлер, формалар мен деңгейлердің бәрі өзара әрекет етіп, бір-біріне ұдайы 
ықпалын тигізіп отырады. Идеялар мен теориялар, құндылықтар мен 
нормалар, мұраттар мен үрдістер жүйесі болып табылатын идеология ерекше 
орын алады. Қоғамдық сана, бір жағынан, материалдық-экономикалық 
өмірдің ықпалымен қалыптасады. Екінші жағынан, азаматтардың 
дайындығына сәйкес келетін кемел қоғамдық сана болған кезде саяси және 
экономикалық, өзгерістер неғұрлым сәтті болады. Дәлірек айтқанда, 
қоғамдық, сана прогресшіл үрдістер мен әлеуметтік мүмкіндіктерді іске 
асыру үшін өзге бір өріс жасауға қабілетті. 
1995 жылы Президенттің тапсырмасымен жасалып, Президент 
жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңестің мақұлдаған 
«Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» өз қызметін 
атқарды. Бұл тұжырымдаманың басты міндеті – тарих ғылымының басты 
мәселелерін және оны шешудің мүмкін бағыттарын белгілеу, тарихи білім 
мен ағартушылыққа реформа жасау жолдарын қарастыру еді. Осы уақыт 
аралығында гуманитарлық сала ғалымдары аз жұмыс атқарған жоқ. Әсіресе, 
жаңа ғылыми-зерттеу тақырыптарына байланысты жобалар, «қазақ» 
этнониміне, қазақ халқы этногенезіне, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына, 
көшпелі қоғам эволюциясына қатысты зерттеулер жүргізілді. Ежелгі және 
орта ғасырлар тарихына мамандардың жеткіліксіздігіне қарамастан көңіл 
бөлінді. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша араб, парсы, қытай, орыс 
және т.б. тілдеріндегі деректер жинақталды. Бірақ табылған деректер 
негізінде кешенді саралау мен зерделеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Қазақ 
тарихының тарихи кезеңдерінің тұтастай объективті көрінісін айшықтау мен 
жұртшылыққа түсінікті қалыпқа түсіру жұмысы өз авторларын күтуде. 
Уақыт талабы – заманауи тарихи сананы жаңғыртуға қалың көпшіліктен 
бастап ғалымдарға дейінгі жұртшылық атсалысуы қажет екендігін ескертуде. 


Сондықтан да бұл өмірлік мәні бар тапсырманы әрбір отаншыл қазақ пен 
қазақстандық менің болашағым үшін қажет дегенде ғана жүзеге асыра алады. 
Бұл мәселеде кәсіби тарихшыларға жауапты жүк артылып отыр. XX 
ғасырдың басында зиялылар тағдыр сынын қалай көтерсе, XXI ғасыр 
басында да жаһандық мәселелер ортасында қиындықты жеңіп шығатын, 
әлемдік тарихтағы Қазақ елінің орнын ойып көрсете алатын ойшыл ғалымдар 
ғана жаңа тарих сахнасынан көрінері хақ.
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтау 
мақсатында, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығымен 
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып 
жарияланды. Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Тоталитарлық 
кезеңде «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан 
қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да 
зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 
27 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары, 
ғалымдар мен саясат саласының қайраткерлері және дін өкілдері де болды. 
ХХ ғасырдың 20-40 жылдары қазақ халқының тарихындағы аса бір қиын 
кезең болды. Большевиктер отаршылдық саясаты қазақ халқының өзіне тән 
ерекшелігін ескермей, Ресейде болған шараларды қайталап, елде жаппай 
қирату мен бүлдіру жұмыстарын жүргізді. Сондықтан мамырдың 31 күні 
Қазақстанның түкпір-түкпірінде қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен 
кездесулер өтіп, түрлі іс-шаралар болып отырады. Тәуелсіздік алғаннан кейін 
1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Содан бері 20 
мыңнан астам мұрағаттық қылмыстық іс зерттелді.
Елбасының шешімімен 1998 жыл «Қазақстан халқының бірлігі мен 
ұлттық тарих жылы» болып жарияланды

Зиялы қауым ел халқын осы екі 
маңызды рухани салаларға назар аударуға шақырды. Кеңестік тоталитарлық 
жүйедегі интернационалдық тәрбие, кеңестік патриотизм мен отаршылдық 
тарихи сана күн тәртібінен түсірілді. Тәуелсіздіктің рухани факторларын 
нығайтудың маңызы артты. Әсіресе, қазақ ұлтының өз тарихындағы нақты 
орнын ел халқына түсіндіру керек болды. 
Евроцентристік тарихи сана қазақ халқының еңсесін түйірді. Қазақ халқы 
барлық жетістіктер мен жақсылықтарды Батыстан, Ресейден алды деген 
түпкілікті қате түсінік басым болып келді. Сондықтан тарих жылының 
мақсаты – ел халқының дұрыс тарихи санасын тәрбиелеу болды. Дұрыс 
ойлайтын халықтың, дұрыс жолды, әділетті пиғылды таңдайтыны ақиқат. 
Осындай мақсаттарды шешу үшін Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және 
этнология институты 1998 жылдан бастап «Отан тарихы» журналын шығара 
бастады. Қазақ тарихшылары 260 жыдан астам отарлық езгіде болған қазақ 
халқының жаңаша рухани жаңаруы үрдісін бастады. Қазақ мемлекеттілігінің 
тарихы тереңде екендігі айтылды. Қазақстанның тарих ғылымы мен қо-
ғамдық-саяси ойы кеңестік жүйе ұстанған маркстік-лениндік теория мен 
коммунистік идеологиядан бас тартты. Оның орнын өркениеттілік 
теорияларына сүйенген мүлдем жаңа көзқарастар жүйесі алмастырды.


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1998 жылдың 17 наурызында 
Республикамыздың 
өнер, 
мәдениет 
және 
ғылым 
саласындағы 
шығармашылық зиялы қауымының танымал өкілдерімен кездесу барысында:
«Тоталитаризмге халықтың тұтастығының қажеті жоқ. Ол ұлт мәселесін 
қолдан қиындатып, халықтардың бір-біріне сенімсіздігін, күдікшілдігін 
арттыруға мүдделі. Халықтың бір тобын бір тобына, бір табын бір табына 
айдап салуға мүдделі. Өйткені, үрейге бой алдырған ондай қоғамды билеу 
жеңілге түседі. Тоталитаризмге ұлттық тарихтың да қажеті жоқ. Ол ұлттың 
тарихи жадын жойып, мәңгүрттік психологияны орнықтыруға мүдделі. 
Өйткені, өткенін білмейтін халықтың өзіне сенімі болмайды. Ал өзіне сенімі 
аз халықты айтқанға көндіру, айдағанға жүргізу жеңілге түседі. Тоталитар-
лық қоғам атаулының аңсайтыны да сол. Зерттемесек, жазбасақ, 
жарияламасақ кім, не деп таниды? Қалай мойындайды? Жазыңыздар. Жария-
лаңыздар. Шын жақсы болса, шетел тілдеріне, әсіресе, ағылшын тіліне 
аудартуды да ойластырамыз. Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ», - 
деп атап өтті. 
Қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев 1998 жылғы «Халық 
бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланудың маңыз-мақсатын былай 
деп түсіндіреді: «Оның мақсаты - қазақ мемлекеттілігіміздің тарихи 
төркіндеріне, оның басынан өткен қилы кезеңдердің объективті және 
субъективті 
себептеріне, 
сол 
арқылы 
бүгінгі 
егемендігіміз 
бен 
тәуелсіздігіміздің тарихи-құқтық негізділігіне әлеуметтің көзін жеткізу еді. 
Бұл да түсіністікпен қабылданып, қолдау тапты. Аталмыш жыл - 
тәуелсіздіктің нығайып, реформаны өрге бастырудың бірден-бір кепілі - 
қоғамдық, келісім мен халық бірлігі екендігін дәлелдеді». 
1998 жылы ұлттық тарихқа қатысты ізденістер өрістеліп, археологиялық, 
археографиялық, этнологиялық экспедициялар ұйымдастырылып, ғылым 
академиясының сессиясы, көптеген ғылыми-практикалық конференциялар 
өткізілді. Халықтың тарихи санасын тереңдетуге, жаңаша қалыптастыруға 
жағдайлар жасалып, мәдени ізденістерге кең жол ашылды. «Қазақстан 
тарихы: зерттеулер, құжаттар», «Қазақстан тарихы: әдеби хроника», 
«Қазақстан этностары» сериясымен кітаптар шығару, 6 томдық «Қазақстан 
ұлттық энциклопедиясының» томдары бойынша тұтас кітапханалар жарық 
көрді. Шығыс тарихы, түркі халықтары мен қазақ халқының өткені туралы 
жазған тарихшылардың іргелі еңбектерін жарияланды. 
1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» кезінде 23 ірі 
ғылыми форум өткізілді. Республиканың барлық облыстарына 24 ғылыми 
экспедиция аттандырылып, олар 74 ауданды аралады.
Тәуелсіздік халық рухының осы барлық күштерін және қазақтың ұлттық 
сана-сезімін оятып жіберді. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана-сезімнің 
этникалық факторы басымдық алды. Барлық әлеуметтік проблемалар, 
жекешелендіру, ұлттық капиталдын қалыптасуы, шаруашылықты жүргізудің 
нарықтық құрылымының жасақталуы, демократия мен азаматтық қоғамның 
дамуы - осынау алуан түрлі проблемалардың бәрі ең басты, түйінді, 
этникалық проблема тұрғысында өзінің белгілі бір реңкін алады.


Қоғамдық сананың жаңа құндылық бағдарының қалыптасуы қазақ 
халқының көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі мәдени мұрасын 
қарқынды түрде зерделеуді көздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет