3.
Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты. Бұқаралық-
ақпарат құралдарының дамуы.
Ақпараттық саясат - қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған
мемлекеттік
органдардың
реттеушілік
қызметі.
Бұл
тек
телекоммуникацияларды, ақпараттық жүйелерді немесе бұқаралық ақпарат
құралдарын ғана емес, барлық түрдегі - іскерлік, ғылыми-танымдық,
хабарламалық және т.б. сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге,
көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың
бүкіл жиынтығын қамтиды. Ақпараттық саясатты бұлайша түсіндіру ақпарат
индустриясының әрқилы секторларының арасындағы кедергілерді жоя отырып,
қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникацияларды, компьютерлік
технологияларды жаңалау үрдісіне, ақпараттарды цифрлау ісіне негізделіп
отыр. Мемлекет өзінің экономикалық, әлеуметтік-саяси, ұлттық мүдделеріне
сәйкес ақпараттық саясат ұстанады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздіке қол жеткізгелі бері әлемде саяси,
экономикалық, қоғамдық орны бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы
экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытып
БАҚ маңызы айрықша. Сондықтан еліміздің дамуын, қарқынды өркендеуін
насихаттау үшін БАҚ-тың тұрақты да жүйелі жұмыс істеуі ең алдыңғы қатарлы
іс шаралар болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары, ол күнделікті
теледидар, радио, мерзімді баспсөз материалдары және интернет сайттары,
сонымен қатар бұған жаңа медиа мен жаңа ақпараттық технологиялардың
ақпарат
тарабын,
ақпарат
жинақтауын
да
қосамыз.
БАҚ-
бұл
мемлекеттіңидеология құралы, бұл Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі
бұқаралық ақпарат құралдары үшін ең өзекті мәселе болып табылады.
Қазақстан – тәуелсіздіктің салиқалы жылдарынан бастап баспасөз
саласындағы БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет.
Еліміздің Конституциясы және Президент ақпарат құралдары бостандығының
кепілі.
Егер, қоғамдардың алмасылуы және нарықтық қатынастардың орныға
бастаған уақытынна бергі уақытта БАҚ саласындағы өзгерістерді қарастырып,
ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады.
Біріншісі кезең. Жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас
ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы.
Екінші кезең. Ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде
қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы.
Үшінші
кезең.
Еліміздегі
экономикалық-әлеуметтік,
мәдени
реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың
эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат айдынына
талпынысымен сипатталады.
Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста
Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап,
баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершіліктің
жоғары екендігін сезінді. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты
өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы
Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары
туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда
«Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды.
Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына
қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік орнады. Баспасөз бен
эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келе бастады.
Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті
одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Осыған орай,
елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас
ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Тұңғыш
Президенттің тапсыруымен жылы жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001
жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстанның демократиялық таңдауы – қоғамдық-саяси қозғалысы 2001
жылы бұрынғы министр, бизнесмен Мұхтар Әблязов пен Павлодар облысы
әкімі Ғалымжан Жақияновпен құрылған. Қозғалыс өз мақсаты ретінде
«Қазақстандағы негізгі демократиялық өзгерістер үшін, барлық күшті қоғамға
шоғырландыру» деп жариялады. 2018 жылғы 13 наурызда Астана қаласының
Есіл аудандық сотының шешімімен ҚДТ экстремистік ұйым деп танылып,
қозғалысқа тиым салынды.
Бас прокуратура өзінің баспасөз хабарламасында ҚДТ қызметін
экстремистік деп атады, өйткені ҚДТ «әлеуметтік араздық пен араздықты
туғызады».
Осы заңдардың қай-қайсы да БАҚ-ты демократияландыру, әлемдік
талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу үшін арынша
тиімді болғаны ерекше атап айту керек.
1995-жылғы Конституци және 1991 мен 1999-жылдары қабылдаған
«Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы» Заң БАҚ-тың жұмыс
істеуінің заңнамалық негізі болып табылады. Олай болса, БАҚ еркіндігі адам
бостандығының маңызы алғы шарты және қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы
құндылық сонымен қатар, оның тәуелсіз елдің даму үрдісінде демократиялық
құндылықтар үшін маңызы ерекше зор болып табылады.
2006- жылы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың саяси дамуының аса маңызды мәселелері бойынша жалпыұлттық
үндесуді тереңдету мақсатында, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті
маңындағы консультативтік – кеңесші орган ретінде Демократия және
азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды. Осы
мақсаты Ұлттық комиссия туралы ереже және комиссияның дербес қрамы
бекітілді. Ұлттық комиссия қызметінің басты мақсаттары, ол саяси жүйені
жетілдіруге бағытталған шараларды тұжырымдау және азаматтық қоғамдағы
одан әрі демократияландыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5-мамырдағы
қаулысымен
«Қазақстандық
бірегейлікті
нығайту
және
дамыту
тұжырымдамасы» бекітілді. Тұжырымдама еліміздің Констититуциясына
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» «Білім туралы», «Тіл туралы»,
«Мәдениет туралы» заңдарына байланысты, Қазақстанның Ұлт бірлігі
доктринасы бекітілді.
Тұжырымдама келесі басты қағидаттары негізделді:
-Негізгі бағыт Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық
патриоттық идеясының біріктіруші құндылықтары – азаматтық теңдік,
еңбексүйгіштік, адалдық, ғылыми мен білікте құрмет, зайырлы ел.
-Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы-мәдени, этностық, тілдік
жіне діни әралуандылққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар;
Бұл тұжырымдама қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен
дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік, жкономикалық, саяси,
басқарушылық шаралар жүйесін қабылдауға негіз болды. Көпэтносты және
көпконфессиялы қоғамды топтастыру жолында Қазақстан халқы Асссамблеясы
институты келелі істер атқаруда, сонымен қатар қазақстандық бірегейлік пен
бірлікті нығайту ісінде басты рөл атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы
мәртебесі «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы
Қазақстан Республикасының заңында бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы
туралы» 2008-жылғы 20-қазандағы Қазақстан Республикасы қызметін
қамтамасыз ету үшін ел Президентінің жаңынан «Қоғамдық келісім»
республикалық мекеме құрылды, осыған ұқсас құрылымдар Астана, Алматы
қалалары мен облыстар әкімдерінің аппараттары жанынан да құрылды.
Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру әлем өркениетінде ерекше
орын алуда.
Еліміздің даму процесінде үлкне орын алған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
2005-жылғы 18-ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси
жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жодауы болды.
Елбасының Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық
жоспарына сәйкес, Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, саяси, тұтастай
алғанда қоғамның даму үрдісінде жаңа кезең бастау алды.
Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі
және қоғамның құрамдас бөлігі болып табылады, сонымен қатар егемен
еліміздің прспективалық дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады.
Қазақстан републикасындағы мемлекеттік жастар саясаты нормативтың-
құқықтық базамен қамтамасыз етілген елімізде оның тұжырымдамасы
бекітілсе, 2004 жылы 7 шілдеде «мемлекеттік жастар саясаты туралы» арнайы
Заң қабылданды. Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында,
Қазақстан Республикасын дамытудың 2020-жылғы дейінгі даму стратегиясында
арнайы бөлімдер арналды.
Достарыңызбен бөлісу: |