Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012


Табыс табады. Жұмсайды. Салық төлейді.  Корпорацияда жұмыс істейтіндер



Pdf көрінісі
бет64/68
Дата08.11.2022
өлшемі1,27 Mb.
#156945
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
 
Табыс табады. Жұмсайды. Салық төлейді. 
Корпорацияда жұмыс істейтіндер:
 
Табыс табады. Салық төлейді. Жұмсайды. 
VI БӨЛІМ 
5 сабақ. Байлар ақшаны жасап шығарады 
Көпшілік қауым колледжді бітіріп, үлкен өмірге бет бұрады. Алайда, табысқа жету 
үшін мектептегі, колледждегі білім жеткіліксіз екенін түсінеді. Шынайы өмір 
академиялық білімнен өте алыс, ол бір көбірек нәрсені талап етеді. Менің естігенім 
бойынша көбірек нәрсені бір адам былай айтқан – күш-жігер, табандылық, белсенділік, 
батылдық, мықтылық, ептілік, ержүректік, алғырлық, ерекшелік. Бұл қасиетердің адам 
бойында болуы, мектептегі білімге қарағанда болашаққа тигізетін әсері зор. Тәуекелге бас 
тігу не үшін керек?
Неге қаржылық коэффициенттің зияткерлігін дамыту үшін өзімізге мазасыздық 
тудырамыз? Жауабы: Өмірде үлкен таңдау жасай алу үшін. 
Қаржылық данышпандығымызды дамыту не үшін қажет? Бұл сұраққа әр кім өзі 
жауап беру керек. Менің жауабым: Ақшаны тез тапқым келеді. Істеу керектігінен емес
істегім келгеннен. 
Инвестициялау келіп кетеді, нарық жоғарылап төмендейді, экономика өркендеп, 
дағдарысқа тап болады. Ештеңеге қарамастан өмір бізге сансыз көп мүмкіндіктер береді, 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
ұлы мүмкіндіктер, әр күн сайын, бірақ осы мүмкіндіктерді жиі көзден таса етеміз. Ал олар 
бар! Әлем өзгерген сайын, технология өзгерген сайын, мүмкіндіктерде еселеп көбейеді, 
сол арқылы сіз бен сіздің отбасыңызды асырау мүмкін жағдай болады. Менің философиям 
– өз графама «актив» деген дәндерді егу. Бұл менің формулам. Аздан бастаймын және дән 
егемін. Кейбіреуі өседі, ал кейбіреуі өспейді. 
Инвестициялау – тәуекелге бел буып ойнайтын ойын, егер не істеу керектігін 
білсеңіздер. Бұл құмар ойын, сіздер жай ғана ақшаңызды келісімге шашасыздар. Аяқ-асты 
кедергілерді, тәуекелді айналып өту үшін, техникалық білім, даналық, ойынға деген 
махаббат керек. Тәуекел әр кезде де бар. Ал қаржылық сауаттылық қауіп-қатерді 
төмендетеді. Менің тырысуымның сферасы – жылжымайтын мүлік. Мен жылжымайтын 
мүлікті жақсы көремін, ол тұрақты және баяу өседі. Көздеріңіз емес, ақыл-ойларыңыз 
мүмкіндіктерді көреді. Көпшілік адамдар мүмкіндіктерді тануда қаржылық сауаттылығы 
жоқ болғандықтан, ешқашан байымайды. Инвесторлардың екі типі бар: 
1. Көп тараған түрі – толықтырылған инвестициядан пакетті иеленетін адамдар. Осы 
адамдар типі жылжымайтын мүлік операцияларымен айналысатын компанияларға немесе 
биржалық маклерге не қаржылық жоспаршыға хабарласып, бір нәрсе алады: бағалы 
қағаздар, акциялар, облигациялар. Бұл инвестициялаудың қарапайым жолы. Қарапайым 
мысал, сатып алушы дүкенге барып, сөредегі компьютерді сатып алады. 
2. Инвестиция шығаратын инвесторлар – бұндай инвесторлар келісімді құрастырады, 
дәл компьютердің бөлшегін сатып алып, құрастыратын сияқты. Оларды жинап, біртұтас 
жасайды. Мен компьютерді қалай жинайтынын білмеймін, бірақ әр түрлі қоспалардан бір 
тығыз мүмкіндік жинай алатын адамдарды білемін. Тәуекел әр кез, әр жерде болады. Одан 
қашуды емес, күресуді үйреніңіздер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет