Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет6/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics






Метацентрлiк (А), акроцентрлiк (В) 
және телоцентрлiк (С) хромосомалар 
(8). 1-қысқа иық; 2-центромера; 3-ұзын 
иық. 
профазаның соңында ядролық мембранаға жақындайды. Жiпшелердiң күштi ширатылуына 
байланысты хромосомалардың ұзындығы недәуiр қысқарады. 
Ядролық мембрана ерiген соң хромосомалар экватор бағытына қарай жылжиды. Митоздың 
бұл стадиясы 
прометафаза
деп аталады. Хромосомалардың жылжуы центромера учаскелерiне 
бекiген 
ахроматин жiпшелерi 
(ұршық тәрiздi) арқылы жүзеге асады. Барлық хромосомалардың 
центромералары экватор жазықтығына жеткен кезде, клетка 
метафаза
стадиясына көшедi деп 
айтуға болады. Егер осы стадиядағы клетканы микроскоппен қараса, онда барлық 
хромосомалардың бiр жазықтықта жатқанын және экваторлық немесе 
метафазалық пластинка
деп аталатын құрылым түзетiнiн жақсы көруге болады. Осы стадияда клеткадағы 
хромосомалардың санын есептеу, олардың құрылымын зерттеу және мөлшерiн анықтау 
жұмыстары оңай жүргiзiледi. Метафазада байқалатын хромосомалардың саны мен пiшiнi түрдiң 
кариотипiн
сипаттайды. 
Митоздың келесi фазасы - 
анафаза 
бұл центромера учаскесiнiң бөлiнуiмен сипатталады
осы бөлiнудiң нәтижесiнде хроматидтер хромосомаларға айналады. Екi полюстерден келетiн 
ұршық тәрiздес жiпшелер хромосомаларды қарама-қарсы полюстерге тарта бастайды. Клетканың 
профазасында қанша хромосома болса, анафазаның соңында әр полюстерде соншама 
хромосомадан болады. 
Телофаза
- митоздың ақырғы стадиясы бұл хромосомалардың полюстерге толық 
ажырауымен бiтедi. Профазада болатын барлық процестер телофазада да қайталанады, бiрақ олар 
керiсiнше жүредi, яғни ядролық мембрана түзiледi, ядрошықтар пайда болады, хромосомалар 
тарқатылады (деспирализация) және олар жiңiшкерiп ұзара бастайды. Микроскоппен қарағанда 
қайтадан тек тор құрылым көрiнедi. Осымен ядроның бөлiнуi - 
кариокинез
аяқталады. Осы 
уақытта цитоплазманың бөлiнуi - 
цитокинез
де қоса жүредi. Жануарлар клеткаларында, олардың 
ортасында, шетiнен орталығына қарай тартылу пайда болады да, бiртiндеп клетканы екiге бөледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет