әлсірей түседі.
Олардың болашақ
өмірімен байланысты сұрақтарына
бағытталуда ересектерге деген қызығушылық
пайда болады.
Жасөспірім шақтағы тұлғаның қалыптасу ерекшеліктері.
Жасөспірімдердің ең маңызды психологиялық ерекшелігі-ол өзін ересек сезінуі. Бұл
сезім жасөспірімнің талап ету дәрежесінің әлі жетпеген болашақтағы оның жағыдайынан
басмы болуынан айқын көрінеді. Жасөспірім өзінің қарқынды дамып келе жатқан ересек
саналу қажеттілігін дербестік аясын кеңейту арқылы қол жеткізуге тырысады. Алайда, бұл
сатыда бала толықтай дербес бола алмайды. Өсіп қалған дербестік сезімі мен
жасөспірімнің психологиялық мүмкіндіктері арасында пайда болатын қайшылықтар оның
әрі қарай психикалық дамуына алып келеді.
-«локальді –ерке, қырсықтық» (10-12 жас)- баланың дербестікке ұмтылуы үлкендер
тарапынан оның жекелеген тапсырмаларды шеше алу мүмкіндігі мен маңыздылығын
мақұлдауды қажетсінуден көрінеді. Бұл процесте олардың есейгендігін мойындауын қалау
эмоционалды түрде орын алады.
-«оң-мағыналы» (12-13 жас)- олардың бұл талабын қоғамда мақұлдауын қалау.
Мұнда олар өз міндетін ұғынып қана қоймай, сонымен қатар, отбасындағы, қоғамдағы
құқықтарын ұғына бастайды; ендігі жерде «мен қалаймын» деген ересектік дәрежеде емес
«мен жасай аламын», «мен жасауым жасауым керек» деген дәрежеде ұмтылыстары
қалыптаса бастайды.
-«мақұлдату-іскерлік» (14-15 жас)- ересектер әлемінде әрекет етуге дайындығы,
ересектік тұрғыда қоғамда өзін-өзі көрсете білуі мен мүмкіндіктерін қолдануға тырысуы.
11 сыныпта жағдай неғұрлым шиеленіскен болады. Бұрынғы жылдары абстрактілі
болған өмірлік таңдау шынайылыққа айналады. Өзіндік бағалаулары кейбіреулерді
жоғары болады- және өмірінің барлық жағын қамтиды; кейбіреулерде өзіндік бағалауы
төмен, өз-өзіне сенімсіз. Өзіндік бағалаудың өзгеруімен байланысты мазасыздану
жоғарылайды. Өзіндік бағалау және мазасыздану деңгейіндегі бірнеше тербелістерге
қарамастан тұлғаның
тұрақтануы
туралы айтуға болады. Бұл кезеңде өз-өзін реттеу
қарқынды дамиды, өзінің мінез-құлқын, эмоциялық көрінісіне бақылау жоғарылайды.
Көңіл-күйі тұрақтанады. 16-17 жаста балалар темпераментінен тәуелсіз неғұрлым ұстамды
болады.
Осы кезде тұлғаның
өнегелілік
тұрақтылығы дамиды, өзінің мінез-құлқында
жасөспірім өзінің көзқарастары, сенім-нанымдарына бағытталады.
Өзін-өзі анықтау, жасөспірім кезіндегі тұлғаның тұрақтануы
дүниекөзқарасының
өңделуімен байланысты. Осы кезде ол формалды-логикалық дамудың жоғарғы деңгейіне
жетеді.
Өзіндік анықталумен байланысты тағы бір мезет- оқу мотивациясының өзгеруі.
Жасөспірімдердің жетекші іс-әрекеті оқу-кәсіби, оқуды болашақ кәсіби іс-әрекет үшін
қажетті база деп қарай бастайды. Оларды болашақта қажет деп санайтын сабақтар
қызықтырады.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Бастауыш сынып кезеңі қай жас аралықты қамтиды?
2. Бастауыш сынып кезеңінде негізгі іс-әрекетті атаңыз?
3. Жеткіншектік кезең қай жас аралықтарды қамтиды?
4. Жеткіншектік жас дағдарысы дегеніміз не?
5. Пуберттаттық кезеңге анықтама беріңіздер?
6. Жасөспірімдік шақ немесе ерте жастық шақ қай жас аралықты қамтиды?
7. Психоәлеуметтік даму дегеніміз не?
|