Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет41/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Дәріс 14. Бастауыш мектептегі, жеткіншек және жасөспірімдік жастағы 
психикалық даму ерекшеліктері 
 
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1.
Бастауыш мектеп кезеңдегі психикалық даму жағдайларының жалпы сипаттамасы. 
Оқу іс-әрекеті жетекші іс-әрекет ретінде.
2.
Мектеп жасындағы ақыл-ой дамуының негізгі қайнар көзі ретінде оқытудың 
мазмұны.
3.
Жеткіншектік кезең. Шетелдік және кеңестік психологиядағы жеткіншектік 
кезеңдегі «дағдарыс» ұғымы.
4.
Пуберттаттық кезеңдегі ұлдар мен қыздардың физикалық жетілуі мен 
жеткіншектердің бастан кешіретін қиыншылықтары.
5.
 
Жасөспірімдік шақ немесе ерте жастық шақ. Жасөспірімдік шақтағы 
психоәлеуметтік даму.

 
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың психикалық дамуы 
Бастауыш мектеп жасын балалықтың шыңы деп атайды. Бала әлі күнге дейін 
балалықтың көп қасиеттерін сақтайды- жеңіл ойлау, аңқаулық. Оқу ол үшін- маңызды іс-
әрекет. 
 
7 жас дағдарысы

Бала мектепке 6 жастан барады ма, әлде 7 жастан барады ма ол өзінің дамуының 
қандай да бір кезеңінде дағдарыстан өтеді. Мұндай дағдарыс 7 жаста немесе 6 жаста тіпті 
8 жаста болуы мүмкін. 
3 жас дағдарысы өзін ұғынумен байланысты болды. «Мен өзім» деген сөзді 
қолданып бала әлемді өзгертуге ұмтылды. Енді ол қоғамдық қатынастар әлемінде өзінің 
орнын ұғына бастайды. Ол өзі үшін жаңа әлеуметтік позицияны- оқушы позициясын 
ашады. Л.И.Божовичтың ойынша 7 жас дағдарысы – бұл баланың 
әлеуметтік «Менінің»
туылуы.Өзіндік сана сезімнің өзгеруі 
құндылықтарды қайта бағалауға
алып келеді. 
Бұрын мәнді болған нәрсесі енді қосалқы болады, ескі қызығушылықтар өзінің оятушы 
күшін жоғалтады, олардың орнына басқа жаңа қызығушылықтар келеді. 
 
Бастауыш мектеп жасында балада оқу жетекші іс-әрекет болып табылады. оның 
белгілі бір 
құрылымы
бар.Д.Б.Эльконин бойынша оқу іс-әрекетінің компоненттерін 
қарастырамыз. 
Бірінші компонент- 
мотивация. 
Оқу іс-әрекеті мотивтелген- ол итермелйді және түрлі оқу 
мотивімен бағытталады. Екінші компонент- 
оқу тапсырмасы 
яғни

бала орындау 
барысында әрекеттің жалпы тәсілдерін меңгеретін тапсырмалар жүйесі. 
Оқу операциялары
әркеттер тәсілдерінің құрамына кіреді. Операциялар және оқу тапсырмалары оқу іс-
әрекетінің негізіг буыны болып есептеледі. Төртінші компонент- 
бақылау. 
Алғашқыда 
балалардың оқу жұмысын мұғалім бақылайды. Біртіндеп олар өздері бақылай бастайды. 
Бақылаудың соңғы кезеңі- 
бағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет