Дәріс 13. Мектепке дейінгі жастағы психикалық даму
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1.
Адамның дүниеге келуі. Тұқымқуалаушылық және орта.
2.
Нәрестелік шақтың жалпы сипаттамасы.
3.
Ерте сәбилік кезең. Сәбилік шақ. Бір жас шамасындағы сәбидің психологиялық
ерекшеліктері. Сәбидіің психикалық дамуы.
4.
Ерте балалық шақ. Ерте психикалық дамуы. Заттық іс-әрекет ерте балалық
шақтағы
жетекші іс-әрекет ретінде. Бала тұлғасының, оның «Мен» жүйесінің қалыптасуы.
5.
Мектепке дейінгі кезең. Мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық сипаттамасы.
Ойын мектепке дейінгі кезеңнің жетекші іс-әрекеті. Мектептегі оқуға даярлық мәселесі.
Нәрестелік кезең
Бала жарық өмірге келіп анасынан физикалық тұрғыда ажырайды. Ол мүлдем басқа
жағдайға енеді: суық, жарық, ауа. Мұндай жағдайларға бейімделуде- шартсыз рефлекстер
көмектеседі. Балада шартсыз рефлекстер қатары болады.
Бұл ас рефлекстерінің жүйесі. Ерніне тиген нәрсені сору пайда болады.
Шартсыз
рефлекстерден қорғаныс және бағдарланған рефлекстерді бөліп көрсетуге болады.
Баланың миының қалыпты жетілуіне әсер ететін бірден бір шарт- ол
анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Оның ішінде дәм сезу (1-2 күндік бала ащыға
қарағанда тәттіні жақсы көреді), иіс сезу (әр түрлі иіске басын бұрады, оның дем алуы мен
жүрек қағысы өзгереді), дыбыс естуі (1 апталық бала анасының дауысын естиді), көру
анализаторының қалыптасуы (2
айлық кезде анасын көргенде, бала көңілденіп күледі).
Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайында болса, онда оның дамуы баяулайды. Бұл
кезде
даму ерекшелігі, баланың денесінің дамуына қарағанда анализаторлардың іс-
әрекеттері
тезірек қалыптасады, осыған байланысты түрлі шартты рефлекстік
байланыстар
жасалады
Бала өмірге әлсіз және қауқарсыз болып келеді. Ол анасынан физикалық тұрғыда
ажыратылғанымен биологиялық тұрғыда байланысты. Ол
өзінің қажеттілігін дербес
қанағаттандыра алмайды.
Нәресте оған қамқор болатын анасының дауысына еліктейді, оның бетін көріп көзін
анасының жүзіне тоқатып қарайды,
қолын созады, аяғын қозғалтады,
қатты дыбыстар
шығарады және күле бастайды. Бұл эмоционалды реакция
Достарыңызбен бөлісу: