Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет38/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

жандану кешені
деп аталады. 
Жандану кешені адамдық ерекшеліктерге ие- күлу, қарым-қатынасқа түсу қажеттілігін 
көрсету. 
Сәбилік кезең. 
Сәбилік
 
шақта бала қарқында дами бастайды. Психикалық даму 
үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл-ойы недәуір жетілген 
болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп 
болады. 
Бірінші себеп
– баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз 
бетімен тік жүріп түрлі заттардың қасиеттерін, үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. 
Өздігімен жүрген соң заттардың кеңстіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, 
кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды. 
Екінші себеп
- әр заттың өзіне тән қызметін 
ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы. 
Үшінші себеп
– баланың ойыны және 
тиісті өнерге үйренуі. Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала 
психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына 
қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді.Баланың бойы бірінші жылына 
қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады. 
3 жас дағдарысы. 
Ерте балалық шақ және мектепке дейінгі жас арасында 3 жас 
дағдарысы болады. Бұл бала өмірінің неғұрлым қиын сәттерінің бірі. Өзінің “Менінің” 
бөлініп шығу дағдарысы, әлеуметтік қатынастар жүйесін қайта қарау . Бала бағыты 
өзгереді. Егер де жаңа қатынастар дұрыс қалыптаспаса, оның ұсынысы қолдау таппаса, 
дербестілік шектеледі, балада үлкендермен қарым-қатынасында көрінетін дағдарыстық 


құбылыстар пайда болады. Л.С.Выготский және оның ізінен Э.Келер 3 жас дағдарысының 
7 сипаттамасын суреттеейді. Олардың біріншісі- 
негативизм.
Бала ересектер қойған 
талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы болуы да мүмкін, ол 
отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды
ал басқаларымен қалыпта қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше 
жасау.
 
Мектепке дейінгі кезде сөзді меңгеру және игеру процесі аяқталады. 7 жасқа қарай 
тіл баланың қарым-қатынасының және ойлауының құралы болып табылады. Сөйлеудің 
дыбыстық жағы
дамиды. Кіші мектеп оқушылары өздерінің сөйлеу ерекшеліктерін 
түсіне бастайды, сөздерді дұрыс естіп, дұрыс айтады. 
Сөздік қоры
қарқынды дами түседі. 
Кейбіреулерінде көп, кейбіреулерде аз болады. Сөздің 
грамматикалық құрылымы
дамиды. Сөйлем құру тек сан жағынан емес, сапа жағынан да үлкен өзгерістерге 
ұшырайды. Мектеп жасына дейінгі балалар бар сөздік қорына негізделе отырып, тілдің 
тиісті ережелерін пайдаланып, мыңдаған жаңа сөйлемдерді құрай бастайды. Олар бұл 
кезде тіпті жоқ сөйлемдерді де құрастырып шығарады. Сонымен қатар қолданатын сөзін 
бала тым өткір және ұқсастырып күлдіріп айтуға да шеберлігі дами бастайды. 
Ес. 
Мектепке дейінгі кезең – ес процесінің дамуы үшін ең қолайлы кезең. Бұл 
кезеңде 
ырықсыз ес
басым. Себебі, бала бір нәрсені есінде сақтау үшін ешқандай мақсат 
қоймайды. Ол үшін қызықты оқиға, әрекеттер жеңіл есте қалады, сондай-ақ сөздік 
материал есте жақсы сақталады. Ертегі, әңгіме, кино кейіпкерлері есте жақсы сақталады. 
Мектепке дейінгі жастың орта шенінде (4-5 жасқа қарай ) 
ырықты ес
қалыптаса бастайды. 
Саналы, мақсатты түрде есте қалдыру тек эпизодты түрде көрінеді. (Ойынның түріне 
қарай атқарылатын әрекеттерді есіне түсіреді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет