Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Дәріс 15. Кемел жас және кәрілік шақ психологиясы



Pdf көрінісі
бет46/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Дәріс 15. Кемел жас және кәрілік шақ психологиясы 
 
Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 
1.
Ерексектік жастағы даму.
2.
Ересектік жастағы физикалық даму.
3.
Тұлға, отбасы, жұмыс: ересек адамның дамуының негізгі контексті. Кәсіби цикл. 
4.
Геронтопсихология.
5.
Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік белгілері. Танымдық аумақтағы 
өзгерістердің сипаттамасы 
6.
Қарт адамның зейнеткерлікке шығуға бейімделу дәрежесіне әсер ететін физикалық, 
экономикалық және әлеуметтік факторлар.
Бұл жастағы адамдар стресске, депрессияға бейім келіп, жалғыздықты сезінеді. 
Кемел жас кезеңде өмірдің ең маңызды жағы кәсіби іс-әрекет пен отбасылық қарым-
қатынас болып табылады. Кемел жас шақты ең басты ерекшелігі өз өмірінің мазмұны 
үшін өзгелердің алдындағы жауапкершілікті сезіну. Кемел жас шақтағы көптеген 
адамдарда 40 жастағы дағдарыс болады. Бұл өмірдің мәніне байланысты дағдарыс болып 
табылады. Адам өз өміріне деген қанағатсыздықты уайымдайды. Өмірлік жоспары мен 
олардың іске асу арасындағы алшақтықты сезінеді. Бұл уақытта олардың балалары бөлек 
өмір сүре бастайды, жақын адамдары мен туысқандары қайтыс болады. 40 жастық 
дағдарыста адам өзінің өмірдегі ойларын қайта құрып, «Мен-концепциясын» қайта 
жасауына тура келеді.
Кәсіби жетістікке жету мәселесін көптеген психологтар «акмэ» ұғымымен 
байланыстырады. Ол дегеніміз шыңға жету. Психолог Э.Клапаредтің айтуынша Кемел 
жас шаққа келген адам кәсіби жетістіктің шыңына жеткенен кейін өзінің дамуын 
тоқтатады. Өзінің кәсіби шеберлігін шығармашылық потенциялын жоғарлатпайды. 
Осыдан барып көптеген адамдарда өмірлік энергиямен өмірлік белсенділік төмендейді. 
Бұл жастағы психикалық функцияларында инволюциондық процесстер басталады. Бұл 
биологиялық қартаюдың басталуымен байланысты. Кемел жас шақтың ерте және орта 
кезеңде бірінші фаза, яғни функциялардың жалпы қасиеттердің прогрессивті даму фазасы 
жалғаса береді. Дегенменде прогрессивті дамудың екінші фазасы да бар, ол кәсіби іс-
әрекет үрдісіндегі психикалық функциялардың ерекшелігімен байланысты. Кәсіби іс-
әрекеттің барлық түрлері, шеберлік, білім және тәжірибе адамның жоғары деңгейдегі 
физикалық және функционалдық дайындығымен бірге жүріп отыру керек.
Сонымен, жетекші іс-әрекет еңбек болып табылады, балаларға көмектесу, 
отбасындағы, жарымен арасындағы қарым-қатынас мәселелері бірінші жоспарға шығып, 
тұрақты сипатқа ие болады. Зрелость кезеңі белсенді еңбек ету кезеңі болғандықтан, адам 
өзінің барлық бос уақытын жұмысқа арнайды.
2. Балалармен қарым-қатынас. Ересек адамның ең басты міндеті - өз баласын 
тәрбиелеп, өсіру. Өсіп келе жатқан балаларымен қарым-қатынас жасау ерекшелігі 
жағдайға байланысты ата-аналарда әр түрлі болады. Ол жағдайлардың ең жетекші түрі 
ата-ананың балаға деген эмоциялық қатынасы. Психологияда оның үш вариантын 
қарастырады: эмоциялық, оның негізі сөзсіз махаббат; шартты махаббат және балагы 
қабылдамау. Аналық сөзсіз махаббатты Э.Фромм сипаттап берген: «Аналық махаббат – 
бала өмірі мен оның қажеттіліктері үшін сөзсіз берілу. Аналық махаббат ең жоғары 
тұратын махаббат». Баланы оның әдемілігіне немесе қабілеттілігіне, қазір немесе 
болашақта әкелетін қайғысына байланысты жақсы көрмейді. Балаға дәл осылай махаббат 
керек. 
Шартты махаббат- шынайы емес махаббат. Мұнда баланы тек қана ата-ананың 
талаптарына жауап бергенде ғана жауап береді. Баланы тіл алғыш болғаны үшін, қиындық 
тудырмағаны үшін, жақсы оқығандығы үшін жақсы көреді. Осы талаптарға қаншалықты 
жауап берсе ол соншалықты махаббатқа ие болады. Осындай шарттыз махаббат 


салдарынан балада сенімсіздік, мазасыздық пайда болады да, өзін-өзі бағалау деңгейі 
төмендейді. Баланы қабылдамау әр отбасында әр түрлі болады. Оны ата-ана сезінуі немесе 
саналы түсінбеуіде мүмкін. Оның себептері әр түрлі. Мысалы: ұл баланы күтіп еді, 
дүниеге қыз бала келді. Мамасы әдемі, ал оның қызы тұйық, көріксіз және осы 
қасиеттерімен атасын ашуландырады. Немесе әкесі- матеметик, ал баласында 
математикалық қабілеттер жоқ. 
3. Кемел жас кезінде адам дамуы оның психологиялық жасының динамикасымен 
тығыз байланысты. 
Оның бір-бірімен өзара байланысты, бірақ бір-біріне сәйкес келмейтін үш түрін 
бөліп көрсетуге болады. 
1. Хронологиялық 2. Физикалық немесе биологиялық 3. Психологиялық. Адамның 
физикалық жасы оның хронологиялық жасынын ерекшеленіп тұрады. Мысалы: 40 
жастағы адам өзінің жасына қарағанда жас көрінуі мүмкін немесе керісінше кәрі көрінуі 
мүмкін. 
Психологиялық жас адамның өзінің қалай сезінетіндігін көрсетеді. Ол көп жағдайда 
физикалық жасқа ықпал етеді. Психологиялық жас-бұл жастық идентификация. Бұл уақыт 
туралы ойға байланысты сана-сезім аспектісі. Уақытты қабылдау, жас туралы ойды 
қалыптастыру, мысалы: 3 жастағы бала «қазіргі уақытпен» өмір сүреді, тікелей 
қабылдағандарына ғана эмоциялық жауап қайтарады. Есте сақтау мен қиял мектепке 
дейінгі жастан бастап қана маңызды бола бастайды. 3-4 жастан бастап бірінші балалық 
шақтары естерінде қалады. Бала қазіргі шақпен қоса өткен шақ пен болашақты, яғни 
уақыттық перспективаны меңгереді. Психологиялық өткен шақ пен болашақ адам 
әрекеттеріне ықпал етеді. Жас есейген сайын уақыттық перспектива кеңейе түседі, уақыт 
құндылығы өзгереді, «өз уақытты» сана-сезімнің дамуына байланысты маңызды бола 
түседі. 
Сонымен, Кемел жас - адам өміріндегі ең ұзақ та маңызды кезең болып табылады. 
Кемел жас даму мақсатын көздейді. Кемел жастық кезең кейбір адамдар үшін жайғана 
хронологиялық ұғым болса, келесілері белгілі бір мақсаттқа жетіп өздерінің өмірлік 
белсенділіктерін байаулатады. Үшіншілері өздерінің өмірлік перспективаларын үнемі 
кеңіте отырып дамуларын жалғастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет