Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Э.Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары



Pdf көрінісі
бет36/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Э.Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары 
Даму сатылары 
Әлеуметтік 
қатынастар аймағы 
Тұлғаның полярлық 
сапасы 
Прогрессивті 
дамудың 
нәтижесі 
1. Нәрестелік (0-1) 
Анасы немесе оның 
орнын басатын адам 
Әлемге сену-сенбеу 
Энергия және 
өмірлік қуаныш 
2. Ерте балалық шақ 
(1-3) 
Ата-анасы 
Дербестілік- ұят, 
күмән 
Тәуелсіздік 
3. Балалық шақ (3-6) Ата-анасы, ағасы 
және әпкелері 
Ынталылық- 
енжарлық, кінә 
Мақсатқа ұмтылу 
4. Мектептік жас (6-
12) 
Мектеп, көршілер 
Компетенттілік-
кемшілік 
Білім және 
ептілікті игеру 
5. Жасөспірім және 
Құрдастар тобы 
Тұлғаның 
Өзіндік 


жастық шақ (12-20) 
сәйкестілігі- 
мойындамау 
анықталу, жан 
қиярлық және 
сенімділік 
6. Ерте кемелдену 
(20-25) 
Достары, сүйіктілері Жақындық- 
бөлектену 
Бірлестік, 
махаббат 
7. Орта жас (25-65) 
Еңбек, туған үйі 
Өнімділік- тұрып 
қалу 
Шығармашылық 
және қамқор 
8. Кеш кемелдену 
(65 кейін) 
Адамгершілік, 
жақындары 
Тұлғаның 
тұтастылығы- 
үмітсіздік 
Даналық
Жан Пиаже теориясының негізгі түсініктері және принциптері. Бала да ересектер 
секілді түрлі танымдық тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін, 
әрекеттердің белгілі 
бір схемаларына ие.
Бұл әрекет схемалары-қарапайым. Бала алдындағы тұрған 
проблемалардың қиындық деңгейіне қарамастан, олар екі негізгі механизмдерді 
қолданады- 
ассимиляция және аккомодация.
Ассимиляция- жаңа проблемалық ситуацияда бар әрекет схемаларын өзгертпей-ақ 
әрекет ету, аккомодация, әрекет схемаларын өзгертеді. Бейімделу процесінде жаңа 
проблемалық ситуацияда ассимиляция және аккомодация бірігіп 
адаптацияны
құрайды. 
Адаптация тепе-теңдіктің құрылуымен аяқталады. Әлеуметтену- әлеуметтік ортаға 
бейімделу процесі.
Интеллект дамуының сатылары
. Сатылар-бұл бір-бірін алмастырушы сатылар 
немесе деңгейлер. Интеллектің даму процесі, негізі интеллектуалды құрылымның 
қалыптасуы болатын үлкен үш кезеңнен өтеді. Алдымен, сенсомоторлы құрылым 
қалыптасады. Сосын нақты операциялар құрылымы пайда болады. Кешірек формальды-
логикалық операциялар қалыптасады.Ж.Пиаже бойынша формальды-логика- интеллект 
дамуының жоғарғы деңгейі. Баланың интеллектуалды дамуы төменгі сатыдан жоғары 
сатыға өтуді көрсетеді.
Сенсомоторлы кезең 
бала өмірінің екі жылын қамтиды. Жаңа туылған балада тек 
рефлекстер болады. Бұл саты рефлекстер жаттығуы. Рефлекстердің жаттығу нәтижесінде 
алғаш дағдылар қалыптасады. Екінші сатыда бала басын дауысқа бұрады, қозғалған затты 
көзімен бақылап отырады ойыншықты ұстауға ұмтылады. Дағдының негізінде 
алғашқы
айналымдық реакциялар 
қайталанатын әрекеттер жатыр. 
Екінші айналымдық реакциялар 
үшінші сатыда пайда болады. Бала өзінің 
белсенділігіне, өзінің әрекеттерінің нәтижесіндегі өзгерістерге назар аударады. 
Төртінші саты- 
практикалық интеллектінің
бастауы. Әрекет схемалары, барлығы 
бірігіп мақсатқа жету үшін қолданылады. 
Бесінші сатыда үшінші 
айналымдық реакциялар
пайда болады. Бала өзінің 
әрекеттерін әдейілеп өзгертеді. 
Алтыншы сатыда әрекет схемаларының 
интериоризациясы
басталады. Екі жас 
шамасында әрекеттің ішкі жоспары қалыптасады. Осы жерде сенсомоторлы кезең 
аяқталады, бала жаңа репрезентативті интеллект және нақты операциялар кезеңіне өтеді. 
Операционалды көзқарасқа (елестерге) дейінгі кезеңде бала дәлелге, талдауға қабілетсіз. 
Интеллектуалды дамудың соңғы жоғарғы кезеңі- формальды операциялар кезеңі. Ол 
пікірлерді болжамдар ретінде қарайды; оның ойлауы гипотетикалық- дедуктивті бола 
бастайды. 
Өмірлік жолды кезеңдерге бөлу жас ерекшеліктері дамуының заңдылықтарын, жас 
ерекшелік кезеңдердің ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді. Кезеңдердің мазмұны әр 
автордың ойынша дамудың маңызды жағымен анықталады. Л.С.Выготский 
периодизацияның үш тобын
бөліп көрсетеді: сыртқы критерий, дамудың бір және бірнеше 
белгісі бойынша. 


Бірінші топ үшін периодизацияны сыртқыға негіздеп құру. Мысал ретінде 
биогенетикалық принцип бойынша құрылған периодизацияны айтуға болады. Осы 
позицияға қатысты онтогенез филогензеді қайталайды. Периодизацияның тағы бір түрі 
Р.Заззоның кезеңдері (периодизациясы). Онда балалықтың кезеңдері баланы оқыту мен 
тәрбиелеу жүйесінің сатыларына сәйкес келеді. Ерте балалық шақтан кейін мектепке 
дейінгі жас басталады, бұл жерде негізгі мазмұн отбасында немесе мектепке дейінгі 
мекемедегі тәрбие мәселесі. Ары қарай бастауыш мектеп жасы (6-12 жас), бала 
интеллектуалды дағдыны игере бастайды; орта мектепте оқу сатысы (12-16 жас) , бала 
жалпы білімдерді меңгереді. Кейін жоғары немесе универсиеттік саты.
Кезеңдердің 
екінші тобы
сыртқы емес ішкі критерийлерді қолданады. Бұл критерий 
дамудың белгілі бір жағы, мысалы П.П.Блонский бойынша сүйектердің дамуы және 
З.Фрейд бойынша балалық сексуалдылықтың дамуы болуы мүмкін.
Павел петрович Блонский объективті, көрінетін, өсіп жатқан ағза конституицсының 
айқын белгісін таңдады- 
тістің пайда болуы және алмасуы
. Балалық шақ үш кезеңге 
бөлінеді: тіссіз балалық (8 айдан-2-2ғ5 жас), сүт тістері (6,5 жасқа дейін), және тұрақты 
тістер кезеңі (ақыл тіс пайда болғанға дейін). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет