Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020



Pdf көрінісі
бет1/93
Дата13.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#157950
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93



Байганова А.М., Наурызова Н.К. 
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
(оқу құралы) 
Актобе, 2020 



КІРІСПЕ 
Сандық технология ғасыры ӛмірдің барлық салаларына белсенді енуде. 
Азаматтардың барлық санаттарына - жас балалардан бастап ҥлкенге дейін 
ақпараттық ресурстардың қол жетімділігі ақпараттық технологиялар қазіргі 
қоғамды толғандыратын барлық мәселелерді шеше алады деген идеяны 
қалыптастырады. Сонымен қатар, ӛндіріс пен процестерді роботтандыру 
оларды шешудің тҥбегейлі жаңа әдістерін қолдануды талап етеді, бҧл қазіргі 
заманғы технологияларды қолдану дағдылары бар тҥрлі профильдегі 
бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мәселесін кӛтерді. 
«Сандарды» қолдануға негізделген енгізілген технологиялардың сӛзсіз 
пайдасы арқылы этика, жеке деректерді қорғау, роботтар мен ҧйымдардың 
қызметкерлері арасындағы бәсекелестіктің қҧқықтық аспектілері туралы 
мәселелер кҥн санап арта тҥсуде. Қазіргі білім берудегі цифрлық 
технологиялардың орны мен рӛлін тҥсіну қажеттілігі жоғары және кәсіби 
білім берудің әдіснамасы мен дидактикасы саласындағы заманауи 
зерттеулерде кӛрініс табуы керек.
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні педагогика ғылымның бір 
саласын ретінде қарастырылады және жоғары оқу орында оқытылатын 
«Педагогика», «Психология», «Ақпараттық және коммуникациялық 
технологиялар», «Информатиканың теориялық негіздері»,«Бағдарламалау» 
пәндерімен тығыз байланыста.
«Информатиканы оқыту әдістемесі» студенттердің әдістемелік 
дайындығын қамтамасыз етеді.«Информатика пәнін оқыту әдістемесі» 
курсының мақсаты - студенттерді орта мектепте информатика пәнін 
оқытудың заманауи әдістемесі саласында теориялық және тәжірибелік 
даярлау, оқу-тәрбие жҧмыстарын тиімді жҥргізу ҥшін практикалық 
дағдыларды меңгеру, мектептердің жаңартылған мазмҧны мен саралануы 
жағдайында информатиканы оқытуға қажетті жағдайында информатиканы 
оқыту ҥшін қажетті шығармашылық потенциалын дамыту. 
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша оқу қҧралы 
«5В011100-Информатика», 
«6В01503-Информатика», 
«6В01509- 
Математика-Информатика», 
«6B01510-Физика-информатика» 
мамандықтарына арналған және студенттерге әдістемелік дайындықты 
қамтамасыз етеді. 
Оқу қҧралында орта мектепте информатика пәнін оқытудың 
мақсаттары, мазмҧны мен принциптері, оқыту әдістері кӛрсетілген. 
Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістерінің жалпы сҧрақтарымен 
қатар, базалық және мамандандырылған информатика курстарын 
ҧйымдастыруға арналған нақты әдістемелік ҧсыныстар қарастырылады. Оқу 
қҧралы мектеп мҧғалімдері мен орта арнаулы оқу орындарының 
оқытушылары ҥшін информатика сабақтарын жоспарлау және ӛткізу 
бойынша нҧсқаулық ретінде, сонымен қатар магистранттар ҥшін пайдалы 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет