Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020


Оқыту формалары мен әдістерін таңдау



Pdf көрінісі
бет14/93
Дата13.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#157950
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   93
Оқыту формалары мен әдістерін таңдау 
Оқыту әдістерін және ҥйлесімділігін таңдау кезінде мына 
критерийлерді басшылыққа алған жӛн:
1) оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттары мен міндеттеріне 
сәйкестік;
2) оқытылатын материалдың мазмҧнына сәйкестігі (кҥрделілігі, 
жаңалығы, сипаты, материалды кӛрнекі ҧсыну мҥмкіндігі және т.б);
3) сынып оқушыларының нақты оқу мҥмкіндіктеріне сәйкестігі: жас 
ерекшелігіне (физикалық, психикалық), дайындық деңгейіне (білімділік, 
даму, тәрбиелілік, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды 
игеру дәрежесі бойынша), сыныптың ерекшелігіне;
4) іс жҥзіндегі жағдайға сәйкестік (кабинеттің тиісті оқу қҧралдарымен 
жабдықталуы1, электронды және баспадан шыққан оқу-әдістемелік 
материалдардың болуы) және оқуға жеке уақыттың бӛлінуі;
5) эргономикалық жағдай (кесте бойынша сабақ ӛткізу уақыты, 
сыныптың толықтығы, компьютерде жҧмыс жасау ҧзақтығы және т.б.);
6) мҧғалімдердің дербес ӛзгешеліктеріне және мҥмкіндіктеріне 
сәйкестік (мінез-қҧлқы, қандай да бір әдісті меңгеру деңгейі, сыныппен 
қарым-қатынасы, бҧрынғы тәжірибесі, психологиялық-педагогикалық 
деңгейі, әдістемелік және ақпараттық-технологиялық дайындығы).
Қазіргі сабақтың формалары мен қҧрылымдары 
Қазіргі сабақтың негізгі кезеңдері 
1. 
Ұйымдастырушылық кезең
. Оқушылардың сабаққа сырттай және 
іштей (психологиялық) дайындығын білдіреді. Әдетте ҧйымдастырушылық 
кезеңге сәлемдесу, оқушылардың, жабдықтардың, сынып бӛлмесінің сабаққа 
дайындығын тексеру, сабаққа қатыспағандарды белгілеу, сабақ жоспары мен 
мақсаттарын хабарлау кіреді.
2. 
Үй жұмысын тексеру. 
Қойылған мақсатқа байланысты әртҥрлі 
әдістермен орындалады.
3. 
Жаңа материалды оқыту. 
Мҧғалімнің хабарлауы негізінде немесе 
оқушылардың ӛздігінен орындауы арқылы ӛтеді.
4. 
Жаңа материалды бекіту. 
Ҥлгі бойынша жаттығуларды қолдану 
және ақпаратты жаңғырту тәсілдері арқылы материалдың игерілуін 
ҧйымдастыру. Білімді іздеу және шығармашылықта пайдалану, бҧрын алған 
білімдері мен ептіліктері бойынша қҧралған проблемалы тапсырмаларды 
орындау арқылы тәсілдерді меңгеру.
5. Мҧғалім және оқушылар жҥзеге асырған – 
оқу әрекетінің 
нәтижелерін бақылау 
– білімді тексеру;
6. 
Үйге тапсырма. 
Сабақтың осы бӛліміне тапсырманың


25 
орындалуын, қажет болса, орындау әдістерін тҥсіндіру.
7. 
Сабақ қорытындысын шығару. 
Сабақ аталған элементтердің барлығынан (
аралас сабақ
) немесе тек 
кейбіреуінен тҧруы мҥмкін (белгілі бір дидактикалық тапсырманы орындауға 
бағытталған 
арнаулы сабақ
)
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет