323
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектеп-
интернаттағы сыныптардың толықтырылуы Санитарлық қағидаларға сәйкес 12
баладан аспайды.
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектеп-
интернатта сыныптарды жасақтау оқытудың бастапқы сатысында – мектепалды
даярлық сыныбы, 1-сынып және ерекшелік ретінде 2-сынып жүзеге асырылады.
Он екі жастан кейінгі балаларда ақыл-ой дамуының тежелуі шекаралық
зияткерлік жеткіліксіздікке жатады.
Оқу күнінің тәртібі балалардың шаршауын ескере отырып белгіленеді:
бірінші ауысымда оқыту ұзартылған күн режимінде.
Эмоционалды-ерік саласы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға арналған
арнайы мектеп-интернаттар қызметінің тәртібі
Эмоционалды-еріктік саласы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға
арналған арнайы мектеп-интернаттарға эмоционалды-еріктік саласы бұзылған
балалар, оның ішінде аутистік спектрі бұзылған балалар қабылданады.
Санитарлық қағидаларға сәйкес эмоционалды-ерік саласы мен мінез-
құлқы бұзылған балалар үшін сыныптардың толықтырылуы 10 оқушыдан
аспайды.
Арнайы мектеп-интернаттың контингентін жинақтау және оқу-тәрбие
процесі білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге
асырылады.
Түзету жұмыстарының мазмұны кешенді медициналық, психологиялық
және педагогикалық сипатта болады. Балаларды түзете-дамыта оқыту мен
тәрбиелеуді психолог, дефектолог, мұғалім-логопед жүзеге асырады.
«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім
беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016
жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес (29.12.2017 № 662 өзгерістерімен
және толықтыруларымен) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды
оқыту мен тәрбиелеудің арнайы білім беру шарттары заттармен (оның ішінде
құралдармен) практикалық қызметті ұйымдастыруды, адам ортасына кіретін
заттармен іс-қимыл тәсілдерін пайдалануды және білім алушылардың
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылдардың, дыбыс
күшейткіш
аппаратураның,
соқыр-саңырау
балаларға
арналған
тифлотехникалық құралдармен қарым-қатынас жасау үшін телетакторлардың
бағытын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: