2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН



Pdf көрінісі
бет179/181
Дата15.11.2022
өлшемі3,39 Mb.
#158292
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

36. 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Халықаралық мектеп – дербес әзірленген интеграцияланған білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында 
авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден 
өткен оқу орны. 
«Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидалары» Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 207 Қаулысымен 
бекітілген. 
Халықаралық мектеп мәртебесін беру халықаралық білім беру 
тәжірибесін жетілдіру және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне 
интеграциялау, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі 
орта және жалпы орта білімнің дербес әзірленген жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын мектептердің жұмыс істеуінің қалыптасқан 
практикасы үшін құқықтық база құру мақсатында жүзеге асырылады.
 
Білім беру ұйымдарының мынадай өлшемдерге сәйкестігі халықаралық 
мектеп мәртебесін берудің негізгі талаптары болып табылады: 
1) мектептің халықаралық білім беру ұйымдарына мүше болуы; 
2) мектептің халықаралық институционалды аккредиттеуден немесе 
Халықаралық Бакалавриат ұйымы тарапынан білім беру бағдарламаларының 
авторландырудан өтуі; 
3) қызметтің барлық бағыттары бойынша ақпараттық ашықтықты 
қамтамасыз ету; 
4) халықаралық аккредиттеу ұйымдарының талаптарына сәйкес мектеп 
оқушылары мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қорғалуын 
қамтамасыз ету; 


328 
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандартының және халықаралық жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының 
талаптарын есепке ала отырып, дербес әзірленген интеграцияланған білім беру 
бағдарламаларын іске асыру; 
6) мектептердің білім беру бағдарламасына қазақстандық құрауыш 
пәндерін: қазақ тілін, қазақ әдебиетін, Қазақстан тарихын, Қазақстан 
географиясын қосу; 
7) негізгі және орта мектеп бітірушілерінің халықаралық сертификаттар 
мен дипломдарға ие болуы; 
8) мектептің педагогикалық құрамында халықаралық емтихан 
алушылардың, жаттықтырушылардың, сарапшылардың болуы; 
9) мектептің материалдық-техникалық және ресурстық базасының 
халықаралық аккредиттеу ұйымдарының талаптарына сәйкес келуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет