325
болу кезеңінде мектептің білім алушылары мектепке шығарылмайды. Оларға
дербес оқу және оқытушылардан консультациялар алу мүмкіндігі беріледі.
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде емдеу-профилактикалық
мекемелеріндегі, тәртіптік изоляторлардағы, жалғыз адамдық камералардағы,
уақытша оқшаулау үй-жайларындағы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің
мекемелерінде мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін
қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған өмір бойына бас бостандығынан
айыруға сотталғандарға бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді өз бетінше
алуы үшін жағдайлар жасалады.
Сотталғандарға өз бетінше оқу және оқытушылардан консультациялар
алу мүмкіндігі беріледі. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға
сотталғандарға оқытушылар қажетті әдістемелік және консультациялық
көмекті жеке тәртіпте көрсетеді.
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде емдеу-профилактикалық
мекемелеріндегі, тәртіптік изоляторлардағы, жалғыз адамдық камералардағы,
уақытша оқшаулау үй-жайларындағы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің
мекемелерінде мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін
қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған сотталғандарға әдістемелік және
консультациялық көмек жеке не топтарда ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30
қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2021ж. 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен толықтырулар
енгізілген) бекітілген «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары
қызметінің үлгілік қағидаларын» сәйкес Мектептің білім беру процесін
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы
заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Республиканың мектептеріндегі оқу процесі Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №
500
бұйрығымен
бекітілген (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен толықтырулар
енгізілген) Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім берудің
Достарыңызбен бөлісу: