жаңбырмен, соққан желмен жарыса өскен қазақ баласының қанында ата-бабаларынан дарыған қисын, логика, динамика бар
екендігіне көзім жеткені рас.
«Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйсінерге жарар ол», - деп Абай атамыз айтпақшы, қазақ жерінде математиканың сүйегін
кемірген ғалым ағаларымыз баршылық. Солардың ішінде ауызға бірінші түсетіні – Әлімхан Ермеков. Өткен ғасырдың
басында ерекше зеректігімен көзге түскен ол – қазақ топырағында тұңғыш математик ғана емес, халқының ұлттық мүддесі
үшін күрескен қайраткер.
Тарих көшінде өзіндік ізін қалдырған тағы да бір екінші тұлға – Сәдуақас Боқаев Хасенұлы. Ол – физика-математика
ғылымдары бойынша қазақтан шыққан тұңғыш ғалым.
Өзінің қысқа, бірақ жарқын да мазмұнды өмірінде математика
ғылымын дамытуға зор үлес қосқан. Сәдуақас ағамыз, өкінішке орай, 1937 жылы репрессияға ұшырап, ажал оғына атылды.
Ол атаның ғана емес, күллі қазақ халқының сүйген перзенті болып қала бермек. Осы заманда математика ғылымының
Қазақстанда дамуын, әлемдік
аренаға шығуын сөз етсек, академик-ғалым, Қазақстан Мемлекеттік
сыйлығының иегері
Орынбек Жәутіков Ахметбекұлының есімі еріксіз ойға келеді. Оның физика-математика ғылымдарына сіңірген еңбегі
өлшеусіз. Орынбек Жәутіков – ардақты есім!
Қазіргі кезде еліміздің жас математиктері көптеген халықаралық білім сайысында жоғары жетістіктерімен көзге түссе,
көш бастаған профессор-ғалымдарымыз тың ғылыми жаңалықтарымен барша әлемдік қауымдастықты таңғалдырып, қазақ
халқын қуантып жүр. Солардың ішінен ең көп шәкірт тәрбиелеген ғалымдардың бірі, академик, Мемлекеттік сыйлықтың
иегері, әйгілі Штурм-Лиувилл операторының әмбебап формуласының шешімін тапқан Мұхтарбай Өтелбаев ерекше көзге
түседі. Ал менің жан-дүниемді ерекше тебіренткені – отыз жылдан бері шешілмей келген, «Нобель» сыйлығының
иегерлерінің өзі шығара алмаған Нагата есебінің түйінін тауып, айды аспанға бір шығарған Л.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің профессоры Уалбай Үтмаханбетұлы Өмірбаев. Жанкешті еңбекқорлығы мен ұғымтал зеректігінің
арқасында қазақ ғалымын бүкіл әлем мойындады. Оның ғылыми шығармашылығына пікір жазған 19 адамның 17-сі
шетелдік ғалымдар. Бұл қазақ ғалымы Уалбай Өмірбаевтің және Қазақстандағы математика ғылымының жоғары әлеуетін
көрсетсе керек. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Байғанин өңірінен шыққан математик-ғалым Кенжеғали Кенжебаев
ағамызды қалай мақтаныш етпейміз!? Бүгінде ол басқарып отырған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университеті
– математика ғылымының елімізде дамуына үлес қосып отырған санаулы оқу орындарының бірі.
Бұл туған жерімнің қай түлегіне болмасын мақтаныш ұялатары сөзсіз.
Сондай сирек ұшырасатын ірі де іргелі тұлғалардың бірі – Асқар Жұмаділдаев. Ол туралы сөйлеу аса қиын. Өйткені, ол –
қыр-сыры мол, жан-жақты жүйрік. Сондықтан да шығар, көптеген ғұмырнамалық кітап жазып жүрген аға-апаларымыздың
осындай қазақтың маңдайына біткен дара ұлы туралы естелік кітап жазбайтыны! Бәлкім жазылар, жазылып жатқан да
шығар, том болып тарихта қалар. Оның есімі қаршадайынан қазаққа таныс, ал қазір ол әлемдік деңгейде танымал. Оның
әңгімесіне құлақ түрсем, бейне бір шетелдік адамды қазақ тілінде тыңдап отырғандаймын. Мені тәнті еткені – осы, яғни
әлемнің айтулы елдерінде айлап емес, жылдап қызмет етсе де, ана сүтімен бойына дарыған тіліне жетік, қылаудай кір
шалдырмағаны. «Ақын жанды болмаған адам математик те бола алмайды», - деп айтқан орыстың ұлы математик қызы
София Ковалевскаяның осы сөзі Асқар ағамызға арналғандай.
Түнгі аспанда бір шоқ жұлдыз ерекше жарқырап көрінсе, қазақтың математик ғалымдары да әлем көгінде оқшауланып,
нұрлы сәулесін шашып тұратындай маған әсер қалдырады. Олардың төккен сәулелерінің соңынан ерген шәкірттері білім
мен ғылымның нәрін бойларына сіңіруде. Бұған олардың әлемдік деңгейде қазақтың намысын қорғап, жеңімпаз болып,
жүздеп жүлдегер атанып, алтыннан алқа тағып келуі дәлел. Қазақ ғалымдары математика ғылымының өсіп-өнуіне үлес
қосып, өзінің айшықты ізін қалдыра білді. Математиканың менің елімде өрісін тауып
отыруы Қазақстанның қарқынды
дамуына жол ашып, алдыңғы қатарлы экономикасы мықты ел қатарынан табылатынына сенемін. Өйткені, математика –
дүниені түлететін, жаңартатын, ел мерейін өсіретін ғылым. «Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу
– елдіктің белгісі», - деп белгілі арысымыз Халел Досмұхамедұлы айтпақшы, ғалымдарымыз еңбегімен халқымыздың зор
құрметі мен сүйіспеншілігіне бөлене берсін! Жаса, жарқырай бер, математиканың жарық жұлдыздары!
* * * * * * * *
Достарыңызбен бөлісу: