Тайм-менеджмент


Намаздың мәкрүһ уақыттары



Pdf көрінісі
бет64/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Намаздың мәкрүһ уақыттары
Парыз намаздар үшін мұстахап уақыттар болғанындай,
жалпы намаз оқудың мәкрүһ уақыттары да бар. Бұлар екіге
бөлінеді. Біреуінде ешқандай намаз оқуға болмайды. Екіншісі
нәпіл намаз оқуға болмайтын, бірақ қаза намаз оқуға
болатын уақыт.
131
Ешбір намаз оқылмайтын үш уақыт бар:


Күн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге дейінгі
уақыт. Бұл шамамен 40-45 минуттай уақыт.


Күннің дәл тас төбеде тұруы. Яғни, күннің ең биікте
болған кезеңі. Бұл уақыт бесін уақыты кіргенге дейін
созылады. Шамамен жарты сағат уақыт.




Күннің сарғайып батуға бет алған мезгілі. Шамамен бұл
да күн батуға 40-45 минут қалған уақыт. Бұл уақытта тек
сол күннің екінті намазын мәкрүһ түрде оқуға болады.
Бұл үш уақытта ешқандай қаза намазы да, жаназа намазы
да 
оқылмайды. 
Бұл 
уақыттарда 
тиләуат 
сәждесі 
де
жасалмайды. Тиләуат сәждесін жасай қалған қүнде де, оны
кейіннен қайтадан өтеу қажет. Нәпіл намаз оқылса, оны
кейіннен өтеуге тиіс емес. Ол мәкрүһ ретінде іске асады.
Бірақ кейіннен қазасын өтеу – абзал. Бұл уақытта намаз
оқуға салынған тыйым күнге табынғандарға ұқсамау үшін
айтылған. Бұл үш уақыт жайлы Уқба ибн Амир әл-Жуһәни
(р.а.) былай дейді: «Алла Елшісі үш уақытта бізге намаз оқу
мен өлілерімізді жерлеуімізге тыйым салды: Күн шығып
көтерілгенге дейін, күн дәл тас төбеге шығып, төмен түсе
бастағанға дейін және күн батуға бет алған уақытта».
Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты


Таң атқан уақытта сол таң намазының сүннетінен басқа
ешқандай нәпіл намазы оқылмайды. Хадисте: «Таң
намазынан бұрын және таң намазы кірген кезде, таң
намазының екі рәкат сүннетінен басқа намаз жоқ»
132 
делінген.


Таң намазын оқығаннан кейін күн шыққанға дейін;


Екінті намазын оқығаннан кейін күн батқанға дейін;


Ақшам намазының парызынан бұрын;


Айт намаздарынан бұрын үйде де, мешітте де;


Айт намазынан кейін мешітте;


Арафат пен Муздәлифәда қосып оқыған екі намаздың
арасында;


Парыз намазының уақыты бітуге шақ қалғанда;


Парызға тұрып, тәкбір (қамат) айтылып жатқанда оқуға
болмайды. Ал таң намазының сүннеті бұлардан тыс. Яғни,
басқа сүннеттерге қарағанда бұл сүннет әлдеқайда маңызды
болғаны үшін оқылуы тиіс. Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді:


«Таң намазының екі рәкат сүннеті дүние мен оның ішіндегі
барлық нәрседен артық».
133


Жұма күні имам мінберге шығып құтба оқып, жұма намазы
біткенге дейін нәпіл намаз оқуға болмайды. Хадисте:
«Жұма күні имам құтба оқып жатқанда, мұсылман адам
жанындағы адамға тіпті «тыныш» дегенінің өзі қателік»
134
делінген.
135



ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
Түнгі 
уақытты 
тиімді 
пайдалану 
кезіндегі 
маңызды
жайттардың бірі түнгі құлшылық жөнінде арнайы айтып
өткенді жөн көрдік. Себебі дініміздің бұл әмірі бүгінде
ұмытылып бара жатқан жайы бар. Алайда Ислам мәдениетінің
асқақтаған 
кезеңдерінің 
өкілдерінің 
өмірлерінде 
түнгі
құлшылық ойып тұрып орын алған әрі олардың жетістікке
жетуіне септігін тигізген жайттардың бірі ретінде тарихта
қалған. Бүгінде негізгі түнгі құлшылық тәһәжжуд намазы
«Пайғамбарымызға парыз болды, үмбетіне нәпіл» деген
желеумен оқылмайтын болды. Иә, фиқыһтық тұрғыдан
қарағанда таласы жоқ. Алайда бұл нәпіл намазды «орындаса
– сауап, орындамаса – күнә жоқ» деп сипатталатын басқа
діни әдептер мен сүннеттермен бір қатарға қою аса дұрыс
болмайтынын төмендегі жайттарға назар аударғанда түсіне
аламыз.
Ең алдымен, аталмыш сүннет – тікелей Құранның әмірі.
Және Құран Кәрімде бұл әмір әртүрлі сүрелер мен аяттарда
қайта-қайта айтылып өткен. Бірнеше мысал бере кетсек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет