Түн ортасындағы тәһәжжуд намазы бәрзәх әлемінде қараңғы
қабірдің ішінде жарық сәуле беретін бірден-бір құлшылық
екендігін білдіріп, ескерту жасайды. Сондай-ақ осы аталған
барлық кезеңдердегі Алланың шексіз ырысын ойға сала
отырып, Оның мадақтауға қаншалықты лайық екендігін
жариялайды.
Ал келесі таңғы уақыт хашыр таңын, яғни қайта тірілуді
еске салады. Таңның бозарып атуы мен қыстың аяқталып,
көктемнің келуі қаншалықты қажет әрі өте анық болса,
хашыр
125
таңының атуы мен бәрзәх көктемінің келуі де дәл
сондай күмәнсіз.
Демек, бес уақыттың қай-қайсысы болмасын, маңызды
кезеңдердің бастамасы әрі ірі өзгерістерді еске салатыны
сияқты, Алланың құдіретінің бір жылда, бір ғасырда, бір
дәуірде
атқарған
таңғажайып
істерін,
мейірімділігін,
ұлылығының кереметтігін, баға жетпес сыйлықтарын көңілге
ұялатады. Демек, адам баласының ең басты міндеті, негізгі
құлшылығы әрі борышы болған парыз намаздардың осы
уақыттарда оқылуы орынды әрі лайықты.
Достарыңызбен бөлісу: