Тек Алла Елшісі (с.а.с.)
мен оның асхабы ғана емес,
артынан қалдырған еңбектері арқылы тарихта аттары мәңгі
қалған белді Ислам ғалымдары түндерін үшке бөлген:
Демалыс,
Ғибадат,
Ілім алу.
Ілім алу бөліміне көбірек уақыт бөлген бұл ұстанымды
түсіндіру үшін белгілі хадис ғалымы табиғин Мухаммед ибн
Шихабиз-Зухри жайында айта кетуге болады. Ол күнделікті
ұстазынан жаңадан үйренген мәліметтерді
кейінге қалдырмай
есте сақтап қалу үшін қалайда сол түні қайталап шығатын
болған. Бұл әрекеті жаңадан алған білімін барынша дұрыс әрі
толық үйреніп алуына септігін тигізетін.
Әз-Зухри (124/741 ж.қ.б.) күндіз ұстазынан жаңадан естіген
хадистерін түнде үйіне барғанда әйеліне айтып беріп,
қайталайтын. Бір күні үйіне әдеттегіден кеш оралғандықтан,
әйелі ұйықтап қалған болады. Сонда да әйелін оятып: «Маған
пәленше
риуаят етті, оған түгенше риуаят еткен, ал оның
Пайғамбардан естуі бойынша былай деген» деп хадисті енді
жатқа айта
бастағанында көзін әрең ашып, уқалап отырған
әйелі «Бұл риуаяттан маған не пайда?» деп наразылығын
білдіреді. Сонда Әз-Зухри былай деп жауап берді: «Білемін,
бұл сенің қажетіңе жарай қоймас, алайда бұл хадисті бүгін
бірінші
рет естідім, біреуге айтып беріп, қайталауым қажет».
150
Ілім алу уақытын түннің соңғы бөлігіне, яғни сәресі
уақытына сәйкестендіру кеңес етіледі. Себебі былай делінген:
«Түннің соңғы бөлігінде адамның ұйқысы ашылады. Себебі ол
уақыт – міндеттер мен жақсылықтардың бөлінетін уақыты. Бір
топтың нәсібі аз,
бір топтікі көп болады, ал бір топ тіптен
мақұрым қалады».
151
Достарыңызбен бөлісу: