Тайм-менеджмент


Түнгі құлшылық және отбасы



Pdf көрінісі
бет71/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Түнгі құлшылық және отбасы
Пайғамбарымыз (с.а.с.) уақыт мәселесінде адамға тағы бір
жауапкершілік жүктейді: мүмін адам уақыт мәселесінде жеке
басының істерін ғана жоспарлауы жеткіліксіз. Бұл мәселені


отбасына да түсіндіруі қажет, уақытқа қатысты пайдалы
әдеттерді олардың да бойына сіңіруіне жағдай жасауы керек.
Бұл жөнінде Алла Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде түнде
құлшылық үшін тұруға байланысты Дәуіт пайғамбардың (а.с.)
мысалын келтіреді: «Алланың пайғамбары Дәуіттің түнде
отбасын оятатын уақыты бар болатын. Ол уақытта отбасын
оятып, былай дейтін: Уа, Дәуіттің отбасы, тұрыңдар да, намаз
оқыңдар. Себебі бұл уақытта Алла сиқыршы мен үшір
алушыдан басқаның барлығының дұғасын қабыл алады».
152
Пайғамбардың (с.а.с.) Рамазанның соңғы он күнінде отбасын
түнгі құлшылыққа тұрғызғанын Айша анамыз (р.а.) риуаят
еткен.
153
Алла Елшісі (с.а.с.) отбасында әйелі не ерінің бірі тұрған
кезінде 
екіншісін 
де 
түнгі 
құлшылыққа 
оятуына 
да
талпындырған: «Түнде ұйқысынан тұрып намаз оқыған және
әйелін оятқан, егер де, ол тұрмаса бетіне су сепкен адамға Алла
рақым етсін! Түнде ұйқысынан тұрып намаз оқыған және күйеуін
оятқан, егер де ол тұрмаса бетіне су сепкен әйелге Алла рақым
етсін!»
154
Риуаяттардан түнде құлшылыққа тек ері мен әйелі бір-бірін
оятумен ғана шектелмеу керектігін көреміз. Себебі Алла
Елшісі (с.а.с.) күйеу баласы болған Әлидің үйіне барып, есігін
қағып, оны және қызы Фатиманы оятып, намаз оқуларын
бұйыратын.
155
Бұл әрекеті тұрақты түрде қайталанбағанымен, Алла Елшісі
(с.а.с.) мұнысымен түнгі құлшылықтың орны мен оған
басқаларды да құлшындырудың қаншалықты маңызды екендігін
көрсетіп кеткен.
Неліктен түнгі құлшылыққа мән берілген?
Жоғарыда келтірілген аяттар мен хадистерден екі жайтқа
назар аудара аламыз:

Түнгі уақытқа қатысты аяттар күндізгі уақытқа қатысты
аяттардан саны жағынан әлдеқайда көп: «ләйл», яғни түн
сөзі 92 рет, «нәһәр», яғни күндіз сөзі 57 рет келеді.



Түнде 
тұрып 
құлшылық 
етуге 
байланысты 
әмір
Пайғамбарымызға пайғамбарлықтың алғашқы кезеңдерінде
түскен. Яғни, түнгі уақытты жоспарлауға байланысты және
түннің төрттен үш бөлігіне дейінгі ұзақ уақытын ояу
өткізуді әмір еткен «Муззәммил» сүресі түсу реті бойынша
3-сүре болып табылады. Демек, алғашқы иләһи әмірлердің
бірі түнгі уақытты жоспарлау мен тиімді пайдалану болған.
Ал күндізгі уақытты жоспарлау мәселесін мұншалықты
айтып өткен аят түспеген.
Бұл жайтты түннің адам өміріндегі маңызымен түсіндіруге
болады. Жетістікке жету жолында да, жеңіліс тапқанда да
адамға өмір бойы әсер ететін жайттардың бірі – түнгі
уақыты. Түн адам өмірінің жартысына тең болғандықтан, оған
бей-жай қарап, ғапылдыққа түсу қаупі бар.
Сонымен қатар Алла Тағала Құранда анық білдіргендей,
түнде іліммен шұғылдану, пікірлеу, ғибадат жасау анағұрлым
сауапты әрі әсерлі болмақ.
Иләһи әмірмен түнгі уақытын жоспарлап, дұрыс өткізген
жан күндізгі уақытын да барынша тиімді пайдаланады деген
сөз. Себебі түнгі уақытты тиімді өткізу асқан ерік-жігер мен
күшті талап етеді. Құдды бір қиын істі бағындырған адамға
жеңілін атқару қаншалықты оңай болатын болса, түнгі
уақытын дұрыс пайдаланған жан күндізгі уақытынан құр
қалмасы анық.
Осы хикметке сай былай деуге болады: пайғамбарлықтың
бастапқы кезеңінде-ақ Алла Тағала Пайғамбарға уақытын
тиімді пайдалануды үйрету үшін қиямул-ләйлді әмір еткен.
Пайғамбарымыздың адам нанғысыз жетістігінде түнгі уақытын
жоспарлы қолданып, құлшылықпен өткізуінің пайдасын көрмеу
мүмкін бе?!
Сондықтан ақыретте жетістікке жетуді қалаған немесе
Исламның қайта жандануы үшін тер төгуге бел буған жандар


Алла Тағаланың құзырында соншалықты әсерлі болған түнгі
құлшылыққа құлшына бет бұруы керек емес пе?!

ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ
Жылдық және апталық демалыс күндері болғаны секілді
күнделікті тынығу уақыты да болатыны белгілі. Құран Кәрімде
күндізгі 
уақыт 
толықтай 
жұмыс 
істеп 
ризық 
табуға
арналғандығы айтылған аяттардың болғанына қарамастан,
басқа бір аятта түскі уақытты тынығу уақыты ретінде
сипаттайды.
156
Олай болса, күнделікті тынығу уақыты дініміздің
басты қайнар көзі Құранда да орын алғанын көре аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет