Тайм-менеджмент


құлшылықты қаза қылмастан өтей алмайтындарыңды



Pdf көрінісі
бет68/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

құлшылықты қаза қылмастан өтей алмайтындарыңды
білгендіктен, сендерге шарапаты мен мейірімін төгіп,
кеңшілік һәм жеңілдік жасады. Ендігі жерде, түнгі
құлшылықты 
Құраннан 
өздеріңе 
жеңіл 
тиетіндей
мөлшерде оқып өтеңдер. Араларыңда науқастардың
болатынын, 
кейбіреулеріңнің 
Алланың 
шексіз
шарапатынан несібе іздеп, жер-әлемді шарлайтынын,
ендібіреулердің Алла жолында жаугершілікке шығып,
бел шешпей жортуылдап жүретінін Алла біледі.
Ендеше, Құраннан өздеріңе жеңіл тиетіндей мөлшерде
оқыңдар. Алайда қандай жағдайда болмасын, намазды
кемеліне келтіріп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар.
Зекетті 
толық 
беріңдер, 
сонымен 
қатар, 
(мал-
дүнилеріңнің бір бөлігін Алла разылығы үшін дін
жолында және мұқтаждарға жұмсау арқылы) Аллаға
көркем қарыз беріңдер»
.
143
Риуаяттарға қарағанда, мына ең соңғы келтірілген аят
сүренің басындағы түнгі құлшылықты әмір еткен аяттардан
кейін 8 айдан 10 жылға дейінгі аралықтағы біршама уақыт
өткен соң түскен. Мұнда түнгі құлшылық мәселесінде бірқатар
жеңілдіктер берілген. Әсіресе, аурулар, адал ризық-несібе
іздеп жұмыс істейтіндер, жиһадқа шыққандар секілді себепті
жандар түнгі құлшылықтан (тәһәжжуд намазы) босатылуда.
Ғалымдардың аятқа қатысты түсіндірмелеріне қысқаша тоқтала
кетпекпіз:

Түнгі құлшылық алғашқыда Пайғамбарымызға нақты әмір
етілген. Бір топ мұсылмандар да Алла Елшісінің ізінен


еріп, әмір ретінде қабылдап, орындаған.

Бұл әмір кейіннен толығымен үкімін жоймағанымен,
бірқатар жеңілдіктер берілген. Нәпіл намаз саналып,
мүмкіндігі болмаған жандар босатылған.

Түнгі құлшылықтың төмендегідей пайдаларын айтуға
болады:


Түнде құлшылық жасаған әлдеқайда әсерлі болады.


Түнде тұрып құлшылық жасау ертеңгі күнгі ауыр
жұмыстарды ойдағыдай орындауға дайындық іспетті
болады.

Құран Кәрім қияметке дейін келетін барлық адамдарға
түсірілгендіктен, қазіргі күннің мұсылмандары да бұл түнгі
құлшылықты орындауды жалғастырғаны абзал.

Пайғамбарымыздың сүннетін орындау дінде жоғары
мәртебе саналғандықтан, бұл мәртебеге қол жеткізгісі
келген мүміндер үшін түнгі құлшылық аса маңызды. Әрбір
көкірегі ояу мүмін үшін ең биік мәртебе саналған
«Алланың махаббаты мен разылығына қол жеткізу»
мақсатына жету жолын Алла Тағала Құранда сүннетті
орындаумен 
байланыстырған: 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет