Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет76/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Ұнамсыз ұйқы
Таң атқан соң күн найза бойы көтерілгенше ұйықтаудың
сергектікке, ас қорыту, жүрек пен жүйке жұмысына және
басқа да денсаулыққа кері әсерлері бар. Бұл – дүние және
ақырет ісінен шалғытатын ұйқы. Сонымен қатар күнмен
таласып ұйықтаудың зияны жайлы да ескертілген. Ғалым


сахаба Абдулла бин Аббастың (р.а.) баласының таңертең
ұйықтап жатқанын көріп «Тұр, ризық-несібе бөліп беріліп
жатқан уақытта ұйықтағаның не?!» деуі Алла Елшісінің таңғы
уақыттың берекеге себеп болатынын айтып, дұға еткендігін
білгеніне орай ескертуі екенін көре аламыз.
171
«Екінтіден кейін ұйықтап, мазасыздық сезген адам өзінен
көрсін»
172 
деген хадиске қарағанда екінтінің соңғы уақытынан
ақшам намазына дейін күн батуға бет алған шақта
ұйықтаудың да ұнамсыз екендігін байқаймыз. Бұл уақытта
ұйықтаған жан оянған кезінде не болып жатқанын, күннің
қай уақыты екенін ұғына алмай, дел-сал болып тұрады. Қазақ
халқы да осындай хадистерден тәлім ала отырып, «бейуақта
ұйықтама» деп бұл уақытта ұйықтаудан тыйған.
Сонымен, күн шығып жатқанда және батып жатқанда
ұйықтау – зиянды әрі адам табиғатына жат, ұйықтап тұрған
адамды мең-зең қылатын жағымсыз құпталмаған ұйқының түрі.
Аз ұйқы
Тақырыбымызға қатысты мәселелердің бірі – аз ұйықтаудың
кеңес етілуі. Алла Елшісі (с.а.с.) бірқатар хадистерінде аз
ұйықтау керектігін ескертіп өтеді: «Адам ұйықтағанда шайтан
оның желкесіне үш түйін байлап: «Түн ұзақ, ұйықта», – дейді. Егер
адам ұйқыдан оянып Алланы есіне алса, бір түйіні шешіледі.
Тұрып дәрет алғанда екіншісі, намаз оқығанда үшіншісі шешіліп,
адам таңертең сергек тұрады әрі жақсылыққа қол жеткізеді.
Керісінше жағдайда адамның еңсесі түсіп, солғын жүреді және
жақсылықтан мақұрым қалады».
173
Алла Елшісі (с.а.с.) таңға дейін ұйықтап жатқан бір адам
туралы айтылғанда «Шайтан оның құлағына дәрет сындырып
кеткен»
174
деген. Сонымен қатар әзірет Сүлейменге (а.с.)
анасының мынадай насихат айтқаны жеткізіледі: «Балам, түнде
көп ұйықтама, себебі көп ұйқы қиямет күні адамды кедей
қылады».
175


Дініміздің ұстанымы мен өсиеті саналатын төмендегі үш
жайтқа әрдайым да назар аударуымыз қажет болмақ: аз
тамақтану, аз ұйықтау, аз сөйлеу. Бізден бұрын өткен ізгі
жандар тіпті халал шеңберінде болса да, осыларды барынша
азайтуға тырысатын болған.
Осыншалық білімге қалай қол жеткіздіңіз?
Өз дәуірінің ең үлкен имамы болғандықтан, Нұғман ибн Сәбитті халық
«Имам Ағзам» деп атап кеткен. Ол ақылды, парасатты, кемел ойдың
иесі еді. Терең білімі мен тақуалығы жан дүниесін байытып, айналасына
сәуле шашқан шамшырақтай болатын. Жан-жақтан шәкірттер ағылып
келіп, ұлы ғалымнан сабақ алуға тырысатын. Атағы мен абыройы
мұсылман елдердің бәріне тарап, сол кезеңнің үлкен ғалымдары да оның
білімін мойындап жатты. Бір күні халық «Осыншалық білімге қалай қол
жеткіздіңіз?» – деп сұрағанда, Имам Ағзам былай деп жауап берген екен:
«Төрт нәрсе арқылы: әуелі кездескен қиындықтарға есекше шыдамдылық
таныттым, ғалымдардың артынан бір елі қалмай итше ерумен болдым,
мысықтар секілді білім табалдырығының айналасынан шықпадым, соңғысы
таңға дейін қарғаларша көз ілмедім». Атақты имам жауабында бір
жағынан терең білімге қалай қол жеткізгенін айтса, екінші жағынан өзін
осы жануарларға теңеп, қарапайымдылығын көрсеткен еді. Иә, білімге қол
жеткізу үшін өте маңызды төрт қасиет керек-ақ: сабыр, білімділерге
үйірсектік, табандылық және аз ұйықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет