Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет75/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Түнгі ұйқы
Пайғамбар (с.а.с.) түннің бірінші бөлігінде құптан намазынан
кейін 
ұйықтаушы 
еді. 
Құптаннан 
бұрын 
ұйықтағанды
ұнатпайтын. Сосын түннің екінші бөлігінде тұрып намаз
оқитын, одан кейін қайта жататын. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
«Алла Тағалаға ең ұнамды намаз – Дәуіт пайғамбардың намазы.
Алла Тағалаға ең ұнамды ораза – Дәуіт пайғамбардың оразасы. Ол
(Дәуіт пайғамбар) түннің жартысына дейін ұйықтап, үштен бірінде
құлшылық жасайтын да сосын алтыдан бірінде қайта ұйықтайтын.
Және бір күн ораза ұстаса, бір күн ұстамайтын»
167
деген.


Хадисте айтылған Пайғамбарымыздың ұйықтауы мен ұйқыдан
тұру әдетіне зер салсақ, дененің демалуына, ағзаның
тыныстауына және күш-қуат жинауға ең тиімді әдіс екенін
аңғарамыз. Сондықтан біз де сүннетті үлгі ете отырып,
құптан намазын оқып бірден ерте жатуға дағдыланғанымыз
абзал. Бұл сергектікпен қатар мол сауапқа кенелтеді.
Қайлулә ұйқысы
Күндіз 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) 
ұйықтап 
алатындығын
жоғарыда айтып өттік. Қайлулә – күн тал түстен ауысқан
шақ. Қайлулә ұйқысының пайдасы мен мөлшері жайында
төмендегі тұжырым бірқатар мәлімет береді:
«Бұл ұйқы (қайлулә) әрі өмірді, әрі ризықты берекелі етуге
себеп болады. Себебі жарты сағат қайлулә ұйқысы екі
сағаттық түнгі ұйқыға пара-пар. Демек, адам өміріне күн
сайын бір жарым сағат уақыт қосып отыр. Әрі өлімнің кіші
бауыры атанған ұйқыдан бір жарым сағат ұрлап алып, ризық-
несібе табу үшін жұмыс істейтін уақытына қосып беріп
отыр».
168
Алла Елшісінің мына бір хадисінен бұл ұйқының тағы бір
маңызы мен қажеттілігін байқаймыз: «Ораза ұстау үшін сәресіден
қуат алыңдар. Ал тәһәжжуд намазына тұру үшін түскі ұйқыдан күш
алыңдар (қайлулә)».
169
Сонымен қатар ғалымдар басқа да аяттарға назар аудара
отырып, қайлуләны тек қана ұйқы ретінде түсінбеу керектігін
де атап өткен: «адам ұйықтамаса да, күндізгі ыстық шегіне
жеткен уақытта, күннің тас төбеден ауған шағында бір ауық
тынығу қайлулә болып саналады».
170


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет