Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет78/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Қай уақытта ояну қажет?
Жаратылыста 
біздің 
тағдырымыз 
бен 
әл-ауқатымызға,
қуатымызға қатысты заңдылықтар бар, бұл адамның ұйқыдан
тұру уақытына тікелей тәуелді. Ақыл мен біздің ағзамыздың
өмірлік тонусы біздің ұйқыдан тұру уақытымызбен жүйелі
байланысты құрайды. Сондықтан біз аталмыш қарым-қатынас
мәселелерін егжей-тегжейлі талқылаймыз.


Түнгі сағат 2-3 кезі
Егер адамның дені сау болып, психикалық тұрғыдан
ешқандай қиындығы болмаса, әрі түнгі сағат 2-3 кезінде тұра
алса, ол өзін-өзі тану жолында көп қабілеттілік танытады.
Осы уақытта күн белсенділігі әлі де өте әлсіз, ал ай біздің
санамызға жұмыс жалғастыруда жеткілікті күшке ие болады.
Нәтижесінде ақыл бейбітшілік пен тыныштық күйге енеді.
Мұндай таңертеңгі уақыт Алла Тағаланы еске алып, құлшылық
жасауға өте тиімді рухани сәт болып саналады (тәһәжжуд
намазының уақыты).


Таңғы сағат 3-4 кезі
Таңғы сағат 3-4 кезінде тұрған адам өзінің рухани
табиғатын дамыту мен түсіну үшін қажетті күш-қуатты
жинақтай алады. Бұл уақытта тұрған кезде рухани
тәжірибемен айналысу ұсынылады. Аталмыш таңғы уақыт тек
осы мақсаттарға арналған. Осы кестені ұстанған адамдар мен
күн сайын таңертеңгі намазды оқитын адамдарды үлкен тосын
сый күтіп тұрады, бұл кезеңде адам жан дүниесінің терең
құпиялары ашылады.
Айтылған сырдың жалғыз шарты – олар рухани адамдармен
көбірек қарым-қатынас жасауға тырысуы керек және ар-
ұждандары күнәмен ластанған адамдармен қатынасты мүлдем
азайтуы шарт.


Таңғы сағат 4 пен 5 кезі


Егер адам әрбір күнін таңғы сағат 4 пен 5-тен бастаса,
оптимист болуға өте қабілетті келеді. Дәл осы уақытта жер
әлемі оптимистік күйге енеді. Барлық әнші құстар тыныштық
әлемінде тербеліп, түрлі дауыспен құбылтып, ән салуды
бастайды. Мұндай уақытта белсенділік танытып, оянған
адамдардан жақсы ақындар, дарынды адамдар, сондай-ақ жай
ғана оптимист адамдар шығуы мүмкін.
Таңертең ерте тұру адам жанына әрқашан қуаныш сезімін
сыйлайды. Айтылған уақыт сондай-ақ әлі де белсенді қызмет
үшін арналмаған. Алайда осындай рухани сәттердегі уақыт
аралығында тұрып, діни кітап оқып, ғибадат етуге әрі барша
адамзат үшін дұға тілеуге болады.


Таңғы сағат 5 пен 6 кезі
Таңғы сағат 5 пен 6 кезінде ұйқыдан тұратын адамдар өте
сергек болып, һәм өмір бойы батыл болуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар кез келген ауруды жеңуге жеткілікті күшке ие
болады. Сіз таңғы сәтте рухани тәжірибемен айналысуды
жалғастыра аласыз. Ең маңыздысы – Құран, хадистер мен
дұғаларды жаттауға немесе кейбір тиісті ақпаратты есте
сақтауға мүмкіндік туады. Осы уақытта күн мен ай да әлі
белсенді емес, сондықтан ақыл кез келген ақпаратты
қабылдауға өте сезімтал және жадында сақтауға бейім келеді.


Таңғы сағат 6 мен 7 кезі
Егер кімде-кім 6-дан 7-ге дейінгі уақытта оянса, күннің
шығуынан кейін тұрған болып саналады. Бұл дегеніміз – олар
уақыт заңдылығын мойындамайды, алайда көп ұйықтамауға да
тырысады. Олардың тонустары өздері қалағаннан біршама
төмен болады, ал жасаған істері нашар болмаса да, айқын
болмайды.
Осы кезде төсектен тұрған адам физикалық және
психикалық тұрғыдан қосымша күш-қуатқа қол жеткізбейді.
Адам Жер оянудан бұрын ерте тұрып, өзінің ақыл-ойын
ретке келтіруі тиіс (күн уақыты бойынша 6-ға дейін). Тек осы
жағдайда ғана ауа райы бізге магниттік дауылдармен
байланысты барлық мазасыздық түрлерін тудыра алмайды.


Осылай ету арқылы адам Жердің бүгінгі көңіл-күйіне
бейімделеді. Ол таңғы сағат 6-да әлі ұйықтап жататын болса,
мұндай бейімділікті сезінбейді.
Сондықтан кімде-кім сағат 6-дан кейін тұратын болса, нағыз
оптимист болуы мүмкін емес, өйткені оның қуанышы табиғи
әрі шынайы емес, жасанды болады.


Сағат 7 мен 8-дің арасы
Егер адам сағат 7 мен 8 арасында оянса, оның психикалық
және физикалық тонусы төмен болатындығына кепілдік
беріледі. Мұндай күйде өз уақытын бекерге өткізеді.
Сондықтан ол адамның бүкіл күні қарбаласқа толы болып,
табысты болуы үшін жеткілікті энергиясы жетпейтіндей
сезінеді. Кім осы уақытта тұрса, басы ауырып, тәбеті
жоғалады, иммунитеті төмендейді, пассивтік өмірлік позицияны
ұстанады, асқазанның қышқылдығы азаяды және бауыр
ферменттерінің тапшылығына душар болады.


Сағат 8 бен 9-дың арасы
Егер энергия жеткіліксіздігін жеңу үшін әр күн сайын әрекет
ететін болса, онда сол адамда шамадан тыс тәбеттің артуы,
жүйкесінің 
шаршауы, 
жоғары 
қан 
қысымы, 
абыржу,
қышқылдың артуы, ағзадағы қабыну процестері байқалады.
Егер адам сағат 8-9-дың арасында төсектен оянса, сол сәтте
өзінің мінезінің кемшілігін жеңе алмайды, түрлі зиянды
әдеттерге бой ұрады. Сондай-ақ осы уақытта тұру адам
өміріне үлкен қиындықтар әкеліп, созылмалы және ауыр
аурулар, көңіл қалдыратын түрлі сәтсіздіктерге тап келеді.
Аталған топтағы адамдар болған жағдайларды дұрыс
бағалауға әрі тиімді шешім қабылдауда қиындық көреді. Олар
өмірде дұрыс таңдау жасай алмайды және олардың өміріндегі
ештеңені өзгертуге күші жетпейді.


Сағат 9 бен 10-ның арасы
Адам сағат 9 бен 10-ның арасында оянса, өмірінде
депрессияға душар болып, өмір сүруге деген қызығушылығы
болмайды. Оның көңілі жиі қорқыныш пен сенімсіздікке, ашу-
ызаға лық толады. Ал бақылаусыз әдеттер, бақытсыз


жағдайлар, тез үдемелі ауыр ауруларға, ерте мүгедектiкке
немесе ерте қартаюға душар етеді.
Біз өзіңізбен бірге көріп отырғандай, бүгінгі ғылым бізді
тәһәжжуд намазына, түнде ғибадат етуге әрі таңғы намазды
оқуға 
бұйырған 
Алла 
Тағаланың 
шексіз 
даналығын
көрсететіндігін дәлелдей түсті. Сондай-ақ біздің сүйікті
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) бізге әрбір күнді қалай
өнімді бастау керектігін және уақытты тиімді өткізу
қажеттілігін, сонымен бірге күшті иммунитетке ие болып,
әрбір ісімізде берекетті болудың тамаша жолдарын көрсеткен.
Бұл Ұлы Жаратушының нұрлы тәрбиесін алған Әзиз
Пайғамбарымыздың жай адам болмағандығын тағы да
дәлелдей түседі. Себебі қарапайым адам бұл табиғаттағы
заңдылықтар 
туралы 
және 
біздің 
биоырғағымыздың
ерекшеліктері жайындағы терең мағлұматтарды қайдан білсін?
177


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет