Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет86/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Ақырет үшін амал


Абайдың «Ақылдыға иман – парыз, имандыға ғибадат –
парыз» дегеніндей бұл дүниеге адам баласы Алласын танып,
оған құлшылық ету үшін жіберілген. Расында да, адам
баласының тек қана осы мақсатпен жаратылғандығы Құран
аятынан да белгілі. Алла Тағала адамды жаратқанда екі нәрсе
беріп, қайтарымына тек бір нәрсе сұрайды. Яғни, алғашқы
сыйы ретінде бізді жоқтан бар етіп, бұл дүниеге жіберіп, бұл
дүниеде де бар қажеттілігімізді өтеп берген Раббымыз біздің
бұл дүниеде Өзіне құл болуымызды талап етеді және екінші
берері ретінде осы құлшылығымыз үшін ақыретте мәңгілік
жаннатын 
тарту 
ететіндігін 
уәде 
етеді. 
Асылында,
Жаратушысы адамға күнделікті санап берген 24 сағатының
барлығын тек қана құлшылықпен өткізуді бұйыра алар еді.
Алайда Алла теңдессіз мейірімімен бізге күнделікті бір сағат
намаз оқуды, жылына бір ай ораза ұстауды, мүмкіндік
болғанда жылына бір рет зекет төлеп, өмірде бір рет
қажылыққа баруды ғана міндеттеді.
Енді әрбір мұсылманға міндетті болған осынау амалдарды
орындау үшін ең алдымен Алланы танып, діни білім алу,
одан соң парыздардың жанына қосымша ғибадаттар орындау
және әрдайым «мұсылман» деген атқа сәйкес әрекет ету қажет
болады.
Мұсылманға парыз етілген амалдардың барлығы белгілі бір
уақыт аралығын ғана алады. Жағдайы жеткен адамға өмірінде
бір рет атқару парыз болған қажылыққа бар болғаны екі
аптаға жуық уақыт кетеді. Қаражаты нисап мөлшеріне жеткен
мұсылман беруі міндеттелген зекетті өтеу айтарлықтай уақыт
алмайды. Жылына бір ай Рамазанда ұсталатын парыз ораза
бар. Алайда ораза ұстағанда адам оған арнайы уақыт
бөлмейді де, яғни аузы берік адам ол үшін уақытын арнап
еш нәрсе істеуі міндетті емес. Ал күнделікті бес уақыт намаз


дәретімен қоса алғанда бір сағат уақыт алады. Сонда
адамның қалған 23 сағаты өзге тірліктеріне жетіп артылады.
Ал мұсылман жан өмірінің әрбір сәтінде «мұсылман» болып
қалуға 
тиісті. 
Қалған 
осы 
23 
сағатында 
адамның
мұсылмандығын көрсететін – оның көркем мінезі. Адамдармен
қарым-қатынасы, қоғамда өзін ұстауы, жұмыста жауапкершілігі,
әріптестерімен арақатынасы, отбасындағы ұстанымы – бәрі-
бәрі мұсылманның көркем мінезінің көрсеткіші болады.
Сондықтан да ақыретте таразыда ең ауыр басатын осы
көркем мінез екендігі айтылса керек.
195
Адамға берілген күнделікті 24 сағатты 24 алтынға балауға
болады. Бізге біреу күнделікті тегіннен-тегін 24 алтын сыйға
тартып, оның 1 алтынын сол беруші үшін жұмсауымызды
талап етсе, қалған 23 алтынын өз қалауымызша жаратуға
берсе, сол бір алтынды оның бастапқы иесі үшін жұмсамай
сараңдық етуіміз қаншалықты адамгершілікке жат екенін
түсінуге болады.
Дәл сол сияқты 23 сағатын мына жалған дүниеге жұмсап,
ал сонау мәңгілік дүниеге бір сағатын қимаған адамның
қаншалықты адамгершіліктен безгендігін аңғаруға болады.
Сондай-ақ мың кісі қатысатын, мыңнан бір ғана ұтыс
мүмкіндігі бар лотерея ойынына табысының жартысын салуды
жөн санап, ал ұтары жүзден тоқсан тоғыз ықтимал «мәңгілік
қазына» атты ұтысқа табысының жиырма төрттен бірін бермеу
соншалықты ақымақтық екенін түсіну қиын ба? Сондай-ақ
намазда рух, жүрек, ақыл-ой сияқты сезімдер тынығады, әрі
шаршататындай ауыр жұмыс емес. Намаз оқыған кісінің
бейкүнә істері құлшылық болып есептеледі. Осылайша бүкіл
өмірін ақыретке пайдаланып, баянсыз күндерін мәңгілік өмірге
айналдырады. Яғни, бес күндік қысқа ғана фәни дүниеде
өмірін мәңгілікке арналған істермен өткізіп, сол арқылы
мәңгілік өмірге ие бола алады.
Ал енді жұмыстан не оқудан босай алмайтынын желеу етіп,
сол бір сағатының өзін өзіне парыз етілген намазына қимаған
жан үшін айтарымыз – қалаған адам қажетті уақытын
әрдайым таба алады. Мысалы, бір жолы басқа адамдарды


күттіріп қойып темекі тартып отырған кісінің «15 минут
темекі тартып болайық, күте тұрса еш нәрсе болмайды»
дегенін естіп, адамдардың намазға қарым-қатынасы мен
жауапкершілігі дұрыс болса, осылай 10-15 минут уақыт
табылары сөзсіз екендігі ойға келді.
Ақырет күніне иманы бар мұсылман амал дәптерін
жақсылықтарға толтырып апару үшін өмір атты салымын ең
тиімді саудаға салуы керек. Алдынан шығатын ізгі амалдардың
барлығын дұрыс бағытта пайдаланып, оларды Алла жіберген
мүмкіндік ретінде көруі тиіс. Адамдардың дін мен қайырымды
амалдарға мойын бұрып қарамайтын болып бара жатқанына
алданбау 
қажет. 
Сонымен 
бірге, 
тәкаппарлық 
пен
менмендіктен барынша сақтану керек. Өйткені нәпсі мен
шайтан әрдайым «Сен тым көп ізгілік жасап жібердің, бәрі
сен сияқты мәрт болса ғой, шіркін!» деп құлағыңа
сыбырлайды.
Егер біреу ешқандай себепсіз қайырымдылық амалдардан
қол үзіп кетсе, жаннатқа кірген күннің өзінде қоржынында
сауабы аз болатындықтан, төменгі мәртебелерде орын
алады.
196
Алла Елшісінің хадистерінен де «Өмірдің өткінші әрі бос
қиялдары, ләззаттары мен қызықтарына, уақыттың орынсыз
өтуіне себеп болатын нәрселерге алданбаңдар, Алланың
разылығы жолында ауыр, қиындыққа толы, шаршататын болса
да, ертеңгі күніңе және адамзатқа пайдалы істер атқарумен
өмір сүріңдер!» деп айтқысы келгендігін аңғара аламыз.
Америкалық 
қара 
нәсілділердің 
көшбасшысы 
Букер
Вашингтонның 
мына 
бір 
сөзі 
бізге 
көп 
жайтты


ұғындыратындай-ақ: «Мен жетістіктің бағындырған шыңдармен
емес, соның жолында кездескен кедергілермен өлшенетінін
білдім». Мұсылман адамның ақыретте жетістікке жетуі де
осылайша есептеледі. Адамның әрбір амалының сауабы оның
қиындығына қарай өлшенеді. Қиындығы артқан сайын сауабы
да арта түседі. Ізгі амал жасау жолында тер төгуі, жанын
салып тырысып бағуы мен алтын уақытын соның жолында
сарп ету арқылы жетістікке жете білмек.
Алла Тағала әркімге әртүрлі қабілет пен мүмкіндік
бергендіктен, көбіне оның жеткен жетістігіне қарай емес, сол
мүмкіндіктерін қалай пайдаланғанына, қаншалықты тырысып
бағып, тер төккеніне қарай сауап жазады. Сондықтан
ақыреттік амал үшін адамның барын салып тырысуы мен оған
көбірек уақытын арнауы маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет