Тайм-менеджмент


Дүние мен ақыреттің арақатынасы



Pdf көрінісі
бет85/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Дүние мен ақыреттің арақатынасы
Адамзатты жоқтан бар еткен Раббымыз бізді бұл дүниеге
белгілі бір мақсатпен жібергені анық. Ол мақсаттың ең ұлысы
– Оған иман келтіріп, жаратқандығы үшін алғысымызды
білдіріп, өзімізді және әлемді тани отырып, Алланы барынша


тани түсіп, басымызды иіп құлшылық ету. Сонымен бірге біз
бұл жалғанда азды-көпті мөлшерленген ғұмырымызды кешетін
болғандықтан, Жаратушымыз бізге дүниенің қызылды-жасылды
қызықтарын да көруге мүмкіндік берген. Ең бастысы – құстың
қос қанатындай етіп тепе-теңдікті сақтай білу. Қалайша құс
атаулы бір қанаты жоқ не кем болса ұша алмайтыны секілді
бұл дүниедегі адамның да тек бір жақты өмір сүріп,
толыққанды бақытқа жетуі неғайбыл. Сондықтан дінді
ұстандым деп әсірелікке салынып, дүниеден баз кешіп кеткен
де дұрыс болмайды. Ал дүниеге беріліп, ғибадат атаулыны
ысырып қою тіпті қасірет болмақ.
«Алланың өзіңе нәсіп еткен осынау байлықпен
ақыреттегі мәңгілік бақыт мекеніне жетуге тырыс. Бұл
дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алланың өзіңе шексіз
шарапатын тигізіп, жақсылық жасағанындай, сен де
өзгелерге жақсылық жаса. Бұл жерде лаң салып,
бүліншілік 
жасауды 
көксеме! 
Шүбәсіз, 
Алла
бұзақыларды әсте жақсы көрмейді»
194
деген Алла
Тағаланың сөзінде айтылғандай да, мұсылман жан өзіне
берілген қолындағы мүмкіндіктерді пайдаланып, ақырет қамын
жасауы тиіс. Сонымен бірге дүниедегі несібесін де ұмытпай,
адал ризық тауып, кеудесін тік көтеріп өмір сүруіне жағдай
жасағаны 
жөн. 
Және 
осы 
екі 
жол 
арқылы 
да
айналасындағыларға жақсылық жасауға тырысқаны дұрыс.
Дініне берік мұсылман өзге адамдарға қолымен де, тілімен де
зиянын тигізбей, керісінше, бауырына күлімсіреп қараудың
өзін садақа біліп, жан-жағына мейірім шуағын шашып жүретін
болады. Мұндай мүмін бай-бақуатты болар болса, мұқтаж
жандарға қол ұшын созуды қасиетті борышы ретінде санап,
көмек керек болған жерден көмегін аямайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет