күннен екінші күнге ауысып кете барады. Олардың жетістікке
жетсем деген өмірлік армандары жоқ деуге де келмейді. Бірақ ол
армандары өздерінің жалқаулығы мен әрекетсіздігін ақтап алуға
тырысқан сылтауларының құрсауынан шыға алмауда.
Солайша
армандарына қол жеткізудің мүмкін екендігін енді ойлай бергенде
өздерін сендіріп алатын сылтаулары жолдарына кесе-көлденең
тұра қалады.
Мұндай жандардың алдында әрдайым кедергілер тұрады да
қояды:
жыл мезгілі сәйкес келмейді, шұғыл түрде көлігін жөндеу
қажет болады немесе алдыңғы күні қатты шаршаған еді. Олар
осылай деуде, алайда бар шындық олардың жолында тұрған
жалғыз кедергінің өздері екендігіне келіп тіреледі».
Чак Норрис
Жолы болмаған бейшара ағыспен өмір сүріп,
қолайсыз
жағдайларды айтып өзін ақтаумен болады, ал табысты жан
саналы түрде армандарын жүзеге асырады.
Тайм-менеджмент
барша мүмкіндіктерімен сондай жан үшін әмбебап құрал
болып табылады. Себебі өмірдің өлшемі ұзақтығында емес,
оны сіздің қалай өткізгеніңізде.
Достарыңызбен бөлісу: