келуімен ұйқыға мүлгіген өсімдік, жан-жануар атаулыны, әрі
әскер тәрізді бұйрығын екі етпестен әміріне бас иіп
жасырынған күнді, Жаратушының қызметкерлері ретінде ғалам
қонақүйіндегі шырақ қызметін мүлтіксіз атқарып түнгі аспанды
жарыққа бөлеген ояу жұлдыздарды еске алып, Алла
Тағаланың ұлылығына ой жіберіп «Аллаһу Әкбәр» деген күйі
тағзым етіп, рукуғқа иіледі.
Сондай-ақ күллі жаратылысты күтіп тұрған үлкен сәждені
еске алады, яғни бүгінгі түні ұйқыда жатқан тіршілік иелері
болсын, бұған дейін де дәуір санап, жыл санап өмірден озған
сан мыңдаған жаратылыс атаулы болсын, тіпті тұтастай мына
дүниенің өзі жасақталған үлкен әскер тәрізді Жаратушының
«Бол» әмірін естіген сәтте бұ дүниедегі құлшылық міндетін сол
сәтте-ақ доғарып, арғы әлемге аттанарда «Аллаһу Әкбәр» деп
ғайып сәждесіне бас қоя жығылған күйі құлдырап жоқ
болады. Бұнымен ғана шектелмей Жаратушының тағы да
«Бол» әмірімен дәл бір көктемдегідей қайта жан алып,
ескертуші қатты айғаймен Махшар күні дәл сол қалпында
немесе
әуелгі
қалпына
ұқсас
кейіпте
қайта
тіріліп,
Жаратушының әмірін тосып қалт тұра қалады. Намаз оқыған
адам да бейнебір соларға ұқсап таңғала таңырқаған
махаббатымен, кішіпейілділігімен «Аллаһу Әкбәр» деген күйі
сәждеге жығылады. Рухы барынша биіктеп Миғражға
көтерілгендей шалқыған күй кешеді. Осыншалықты терең
мағына, мән-мазмұнды қамтитын құптан намазын дәл осы
уақытта оқу қаншалықты жарасымды, неткен ұнамды, не
деген орынды, не деген ләззаты мол, ақылға сыйымды,
қисынға
қонымды
құлшылық
міндет,
шынайы
ақиқат
десеңізші?!
124
Достарыңызбен бөлісу: