Бұл айтылғандарды төмендегі хадис жан-жақты өте жақсы
баяндайды:
«
Қиямет күні әрбір адам мына бес сұраққа жауап берместен
ешқайда жылжи алмайды:
Өмірінің әрбір сәтін қайда өткізгендігі;
Жастық шағын қалай өткізгендігі;
Дүниесін қандай жолмен тапқандығы;
Дүниесін қайда жұмсағандығы;
Білгендерімен амал етіп-етпегендігі».
10
Ойлап қарайтын болсақ, аталған бес жайттың барлығының
азды-көпті уақытпен байланысы бар екенін аңғара аламыз.
Исламның
адамзатқа
алып
келген
тәрбиесі
арқылы
жоғарыдағы жайттарға байланысты сенімі қалыптасқан жан
уақытты жоспарлау мәселесінде немқұрайдылық танытпасы
анық.
Сонымен алдымызда ақыреттің есебі күтіп тұрғанын естен
шығармауымыз қажет. Алайда ақыреттен қорықпай, бұл
дүниеден қорқуымыз керек. Өйткені ақыретте бұл дүниеде
атқарған істеріміздің нәтижесін көреміз. Сондықтан ақыретте
қандай нәтижеге қол жеткізетініміз бұл жалғанда уақытымызды
қалай өткізгенімізге тікелей байланысты болмақ.
Әрбір арайлап атқан таңымызда өмір күнтізбеміздің бір
парақшасы ашылады. Сол өмір парағын қалай толтырамыз?
Кирамән Кәтибиндер бүгінгі ақыреттік «файлымызға» нелер
жазады? Мүмін, міне, осы ақиқаттар жайын қатты ойланып,
жүрегімен есебін жасап, уақытын ең пайдалы іспен өткізсе
игі.
Достарыңызбен бөлісу: