•
УАҚЫТТЫ ҚАЖЕТТІ НӘРСЕГЕ ЖҰМСАУ
Уақытты тиімді пайдалану үшін уақытымыздың қандай істерге
жұмсалып жатқанын анықтауымыз қажет.
Күнделікті істерді жіктеудің ең алғашқы түрлерінің бірін
Ежілгі Рим философы Луций Сенека ұсынған болатын:
Жақсы өткізілген уақыт
Жағымсыз өткізілген уақыт
Босқа өткізілген уақыт
Ислам діні бойынша да істер осылай жіктеліп, ақыретте
адамның алдынан шықпақ. Ақыретте адамның әрбір күніндегі
24 сағат 24 сандық түрінде әкелінетіні айтылады. Жақсы,
пайдалы, ізгі амалдармен, құлшылық жасаумен, адамдарға
жақсылық істеумен өткізілген сағаттар сандықты хош иісті
жағымды нәрсеге толтырады. Күнә жасаумен, жамандық
істеумен, адамдар мен басқа да жаратылыстарға зиянын
тигізумен өткізілген уақыттар сандық ішін иісі адам төзгісіз
жиіркенішті нәрселерге толтырады. Ал кейбір сандықтар бос
келеді. Адам баласы үшін пайда беретіні тек бірінші сатыдағы
сандық болмақ. Екіншісі үшін азапқа душар болуы мүмкін
болса, үшінші түрдегі сандықтағы уақытын босқа кетіргені
үшін сұраққа тартылмақ.
Олай болса, ақыл беріліп ерекше жаратылған адам баласы
өзіне аманат етіп берілген уақытын қандай істерге жұмсағаны
жөн боларын осыдан-ақ көре алады.
Достарыңызбен бөлісу: