Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет13/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Уақыт – орны толмас қор
Уақыт – адамдардың барлығына бірдей дәрежеде берілген
қор. Әрбір адамға күнделікті 24 сағат тиесілі. Айырмашылық
адамдардың сол уақытын қалай пайдаланатындығында ғана.


Табысты адам – уақытын дұрыс пайдалана алатын жан.
Табысты адам – барлығына уақытында үлгере алатын жан.
Адамның өмірлік жоспары жобамен осылай көрініс табады:
Бұл жүйе пирамиданың құрылысына ұқсайды. Ал оны
қалайтын негізгі кірпіш – уақыт (жыл, күн, сағат).
17
Уақыттың орны толмас қор екендігін естен шығармау қажет.
Ұрланған ақшаны қайтаруға болғанымен, ұрланған уақытты
ешкім қайтарып бере алмақ емес.
Адамда міндетті түрде күнделікті жоспар болуы қажет.
Уақытты жоспарлауға қарсы пікір айтушылар қазіргі кезде
барлығы тез өзгеріп сала беретіндігін алға тартады. Алайда
жоспар құру дәл сол өзгеріс болуы мүмкін деген жағдайлар
үшін 
қажет. 
Сіз 
таңертең 
тұрғанда 
тісіңізді
тазалайтындығыңызды жоспарламайсыз ғой, ол сіз үшін онсыз
да үйреншікті жайт. Жоспар сізді тығырыққа тіреп,
айналаңызда болып жатқан өзгерістерге көз жұма қарауға
мәжбүрлемейді. Жоспар – құбылмалы өмір жағдайларына
бейімделудің жолы. Жоспар құруға сіздің күнделікті 5-7 минут
уақытыңыз кетуі мүмкін. Ал сол арқылы сіз айтарлықтай көп
уақытыңызды үнемдей аласыз.
Сіз екі түрлі жоспар жаза аласыз: апталық немесе
күнделікті. Аптаңызды жоспарлау барысында сіз апта ішіндегі
маңызды тапсырмаларды, кездесулерді, іс-шараларды жазып


қоясыз. 
Ал 
егжей-тегжейлі 
күнделікті 
жоспар 
құруды
қаласаңыз, күнделікті істеріңізді сағатына дейін белгілеп
жазатын күнделік түрін таңдасаңыз болады. Ең тиімдісі –
жоғарыда солдан оңға қарай апта күндері жазылған, ал
олардың әрқайсысында жоғарыдан төмен қарай күнделікті
сағаттар жазылған күнделік арнау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет