Тайм-менеджмент


Бір күнді жоспарлау тәсілі



Pdf көрінісі
бет14/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Бір күнді жоспарлау тәсілі
Күніңізді жоспарлау барысында мынадай үш түрлі іспен
бетпе-бет келесіз:


Атқарылу мерзімі қатаң белгіленген істер (жиналыс,
кездесу, т.б.);


Атқарылу мерзімі қатаң белгіленбеген істер (қай уақытта
орындайтыныңызды өзіңіз шешетін істер);


Біршама уақыт алатын ауқымды істер (атқарылу мерзімі
қатаң белгіленбеген, бірақ орындауға уақытты қажет ететін
істер).
Енді күніңізді жоспарлаған уақытта алдымен атқарылу
мерзімі қатаң белгіленген істерді уақытына сай жазып аласыз.
Одан соң араларында қалған бос сағаттарға уақыт жеткілікті
болса, ауқымды істерді жазасыз. Кейіннен атқарылу мерзімі
қатаң белгіленбеген істерді қалған уақыттарға түртіп қоясыз.
18
Жалпы жоспарыңызды мынадай үш бөлімге бөліп жаза
аласыз:

Күндік жоспар: күнделікке жазылған бүгінгі күнгі
жоспарыңыз.

Апталық жоспар: алдағы аптада не айда атқарылатын
орта мерзімді істер.

Жылдық жоспар: басқа ұзақ мерзімді істер.
Енді мұндағы ең басты қағида мынадай:

Күнделікті кешке ертеңгі күннің жоспарын жазатын кезде
апталық жоспарды шолып өтіп, уақыты жеткен істерді бір
күндік жоспарға енгізу.

Аптасына бір рет алдағы аптаны жоспарлаған уақытта
жылдық жоспарға көз салып, қажетті істерді апталық


жоспарға жазып қою.
19
Ескерту: әрбір адам жеке қалауы бойынша бұл
жоспардың арасына айлық жоспарды да қоса жазып,
төрт бөлімге бөле алады.
Асығу ма, асықпау ма?
Көпшілік адам олардың атқару керек істерінің көптігін және
оған уақыттың тапшылығын айтып шағымданады. Өздеріне
қажет болғанына қарамастан, олардың демалуға уақыты жоқ.
Олардың ойынша, таңертең өте ерте жұмысқа барып, күні
бойы барын салып жұмыс істеп, тіпті үйге де жұмысын арта
келіп, кешкі сағат 8-9-ға дейін жұмыс істеу қажет. Алайда
бұл оңтайлы тәсіл емес.
Адам уақытының барлығын жұмысқа жұмсамай, жұмысқа
арналған уақытын тиімді пайдаланып үйренуі қажет. Берілген
уақыттың ішінде барлығына үлгеретіндей өнімді іс атқаруға
барын салғаны жөн. Жұмысты бітіруге асығып, барлық
уақытты жұмысқа арнау дұрыс емес. Әр істің өз уақыты
болады.
Ислам діні «Асығу – шайтаннан»
20
екендігін айтады. Дінімізде
асығу – құпталмайтын іс. Тек мына бес жерде асығу керек:

Келген қонаққа тамақ беру;



Жасаған күнәға тәубе ету;

Уақыты кірген намазды оқу;

Қайтыс болған адамды жерлеу;

Бойжеткен қызды тұрмысқа беру.
21
Алла Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде асығыстықпен жасалған
ғибадаттың зая кетуі мүмкін екендігін ескертеді: «Уа, адамдар!
Асықпаңдар! Асығыстық жасап сауап ала алмайсыңдар».
22
Бірақ
мұнда ғибадат етуге асығу мен ғибадатты орындау барысында
асығудың айырмашылығы бар екендігін айтып өту керек.
Себебі адам баласы бұл дүниедегі дәм-тұзының қашан
таусылатынын 
білмегендіктен, 
ақыреттік 
істерін 
кейінге
қалдырмай, бірден орындап жүруді үйренуі қажет. Бұл
жөнінде Әз Елшінің (с.а.с.) мынадай сөзі бар: «Адам
уайымдайтын болса, ол асығады, ал ол асығатын болса, мақсатына
тезірек жетеді».
23
Ғалымдардың түсіндірмесі бойынша, мұндағы
асығу дәл осы ақыреттік істерді орындауға асығуды меңзеп
тұр. Ал дүниелік әрекеттерінде бар уақытын арнап, ондай
асығыстық танытудың көп қажеті жоқ. «Асықпаған арбамен
қоян алады» демекші, баппен орындаған ісінің де нәтижесі
мен берекесін көре алады. Тек қана таразының басын тең
ұстап, асықпау керек деп жалқаулыққа салынып кетпеуін
қадағалауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет