Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет17/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Уақытты үлестіру


Адам өмірінде көптеген істерді атқаруды қалайды. Алайда
барлығына үлгеру мүмкін емес. Сондықтан таңдау жасау
қажет болады. Адам өмірі толықтай үздіксіз таңдаудан тұрады.
Ал бұл таңдау қалай болса солай емес, саналы түрде
жасалғаны дұрыс.
Уақытты ең бағалы істерге жұмсау қажет. Бұл өмірде біздің
таңдауымызға көптеген істер ұсынылған. Солардың ішіндегі ең
негізгілерін кейінге қалдырмай, бірінші кезекте іске асыру –
аса маңызды. Ал қалғандарын өз дәрежелеріне қарай кезекке
қою – уақытты ең тиімді түрде қолданудың басты қағидасы
болмақ.
Уақыттың қадірін ұққан адам нәтижесінде оның жемісін
көреді: уақытының шектеулі екенін білген ол, оны пайдалы
өткізуді ойлайды, істерін екіге: өте маңызды және екінші
кезекте маңызды деп бөлу арқылы барлық істерін маңызы
басымдылығына қарай бір жүйеге келтіреді. Осы арқылы аса
маңызды емес істерін былай қоя тұрып, өте маңызды істеріне
көбірек уақыт бөледі, ал әлі де уақытын дұрыс басқара
алмай жүргендер мұны керісінше істейді.
Тайм-менеджменттің негізгі қағидаларының бірі – әр істің
өзіндік орындалу тәртібін білу керектігі. Яғни, қазіргі
технология мен неше түрлі нәрсенің көбейіп, адамдарды
қызықтырып әрі соған бәріміз алданып жатқан заманда, ең
бағалы болған қор – уақытымыздан қалай айырылып
жатқанымызды байқамаймыз да.
Осы тұрғыда күнделікті уақыт бөліп, күш салуымыз қажет
істерді дұрыс таңдау үшін де Алла Елшісінің өнегесіне
жүгінеміз. Оның барлық сөздері мен ақыл-кеңестері бізге
аталған жайтты анықтай түсетіні секілді санамыздағы сан
сауалға 
жауап 
болатын 
түсіндірмелері 
мақсатымызды
алдымызға жайып салады. Хадистерден біз көтеріп отырған


тақырыптың алғашқы иләһи діндерден бастау алған күн
тәртібіндегі мәселе екендігін көре аламыз:
Алла Елшісі (с.а.с.) Ибраһим пайғамбарға (а.с.) түсірілген он
парақта мыналар жазылғандығын жеткізген:
«Ақылды жанның әр минуты есеппен өтуі керек:

Уақытының бір бөлігін Раббысына дұға мен ғибадатқа, Оның
Шеберлігі мен Құдіретін ойлауға;
• 
Бір бөлігін өмірінде жасағандарын есепке алуға және
келешекте істейтіндерін жоспарлауға;
• 
Бір бөлігін адал жолмен күнкөріске, мал табуға арнауы керек.
Бұл соңғы бөлігіндегі істері қалған міндеттерін атқаруға
септігін тигізеді. Себебі әлеуметтік қажеттіліктерінің өтелуі
жүректі дүниелік істерден босатып, алаңсыз ғибадат етуіне
жағдай жасайды».
25
Хадистің басқа риуаятында демалысқа арналған уақыт та
аталып өтілген.
26
Байқағанымыздай, Алланың діні күнделікті уақытымызды
төртке бөліп жоспарлауымызды бұйырған:

Ғибадат,

Ризық табу,

Өмірімізді ретке келтіру, өз-өзімізге есеп беру,

Демалыс.
Ал психологиялық тұрғыдан қарастырар болсақ, адамның
өмірінде тепе-теңдік сақталуы үшін негізгі төрт түрлі
қажеттілігі қамтамасыз етілген болуы керек екен. Олар:


Бұл қажеттіліктер өте терең әрі шынайы мағынада бір-
бірімен тығыз байланысты. Аталғандардың әрқайсысы кезек
күттірместей өте маңызды. Олардың барлығының тепе-теңдігі
сақталғанда адам жан рақатын сезіне алады. Ал егер осы
төртеуінің барлығын бір арнаға тоғыстыра білсе, онда адам
баласы нағыз бақыттың шыңына қол жеткізген болады.
27


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет