Лекциялар курсы қарағанды 2021 №1 лекция тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті және Фольклор туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата20.11.2022
өлшемі380,41 Kb.
#159025
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
8f876e4a344b73779598a0620a8d5e36

Негізгі әдебиет
1.[1.8:1]; 2.[1.8:3]; 3.[1.8:5]; 4.[1.8:27]; 5.[1.8:33] 
Қосымша әдебиет: 
1.[1.8:1]; 2.[1.8:20]; 3.[1.8:19], 4.[1.8:22] 
 
 


№8 лекция тақырыбы:
Ертегілер 
ІХ апта. 5 кредит- сағат.
Лекция тезисі: 
Қазақ фольклорындағы қарасөзбен баяндалатын шығармаларды халық 
прозасы құрамына енгіземіз. Бұның басы ертегілер болып табылады. Ертегілер де ел 
арасынан жинақталып, жариялануының өзіндік тарихы бар. Қазақ ертегілері жөнінде 
М.Әуезов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаевтар зерттеу ісін бастаса, одан әрі 
Е.Тұрсынов, С.Қасқабасов т.б. ғалымдар арнайы тексерулер жүргізді. Өзіндік табиғаты 
мен жанрлық ерекшеліктеріне қарай отырып, қазақ ертегілерін былайша жіктеу ғылымда 
орныққан. 
 
Қиял ғажайып ертегілеріндегі 
басты белгі қиял мен мифтің сабақтас келуі. Бұл 
тұрғыда «Ұшқыш кілем », «Ұр тоқпақ», «Жеті өнерпаз», «Жалмауыз кемпір», «Ер төстік», 
«Адам білмес тас», «Күн астындағы күнекей қыз» т.б. атауға болады. 
Хайуанаттар жайындағы ертегілер 
астарлай, кейіптей айтылады. Оның әр жағында 
миф пен тотемистік түсініктер жатыр. Адамдар арасындағы қарым-қатынастар сатира 
және юморлар арқылы астарлай беріліп отыратындығы сюжеттік ерекшеліктердің бірі 
болып табылады. «Арыстан, қасқыр, түлкі», «Арыстан мен түлкі», «Батыл есек», 
«Айлакер тышқан», «Қарға мен лашын» т.б.
Батырлық ертегі тақырыбы 
– ерлікпен үйлену және неше түрлі құбыжық-
жалмауыз күштермен соғысу болып отырады. «Керқұла атты Кендебай», «Құла мерген», 
«Жоя мерген», «Жерден шыққан желім батыр» және т.б. 
Новеллалық ертегі - шытырман оқиғаларға құрылып, үй-іші, ерлі-зайыптылардың 
адалдығын дәріптейді. «Уәзірдің қызы», «Әке өсиеті», «Әділ патша туралы ертегі», «Аяз 
би» т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет